Архив метки: Журналистика

Баспасөздегі сөз бостандығы

Қазақ елі бодандықтың бұғауынан босап, қоғамдық дамудың демократиялық жолын таңдағаннан бері де бір мүшелден астам уақыт өтті. Осы бір ауыспалы өлара шақта қазақ БАҚ жүйесінде сөз бостандығының негізі қаланды, цензура жойылды, Конституция арқылы сөз бостандығына, тәуелсіз баспасөзге кепілдік берілді. Бұл, қалай десек те, әркім белгілі мөлшерде болса да айтайын дегенін айта алатын, жазайын дегенін жаза… Читать далее »

Бақ пен нарық мәселесі

Қазақстандағы БАҚ заңы осы саладағы қоғамдық қатынастарды реттейді. Онда мынадай тұжырымдар бар: Бұқаралық ақпарат құралы — мерзімді баспасөз басылымы, радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың басқа да нысаны. Мерзімді баспасөз басылымы — тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал,… Читать далее »

Қазақстан және шетел журналистикасы

Бүгінде тәуелсіз Қазақстанның ақпарат құралдары дүниежүзілік деңгейді нысанаға көшіп, әлемдегі орнын анықтауға бағытталып келеді. Өйткені журналистика жер жүзі бойынша шекараны білмейтін сала. Бірақ бұл орайда әлі де талай ізденістер мен тер төгуге тура келетіні өзінен-өзі белгілі. Себебі кешегі қызыл империя идеологиясының уысынан шыққан баспасөз, радио, телевидение жүздеген жылдар бойы еркіндікте қалыптасып қалған әлгі айтқан «әлемдік… Читать далее »

Бақ пен журналистің жауапкершілік этикасы

Бұқаралық ақпарат құралдары белгілі бір заңдылықтар аясында жұмыс істейді. Өйткені оның қай елде қызмет атқарса да, алдымен лицензиялық құжаттары болып, құқықтық тұрғыдан рұқсаты болуы тиіс. Ондайда мемлекеттік немесе заңдық тіркеуден өтіп, заңды куәлігі алынуы қажет. Сол арқылы ұжым жасақтап, өздерінің ішкі жұмыс нормаларын анықтайды. Ұжым болған соң бірнеше мамандар бас қосып еңбек етуге тура келеді.… Читать далее »

Демократиялық журналистика және гуманистік позиция

Журналистика ешқашан қоғамнан бөлініп қалған емес. Қоғамның өзі демократияланған болса, журналистика да сол биіктен көрінеді әрі оның белгілі бір дәрежеде қозғаушы күші бола алады. Саясат секілді журналистика да қоғамдық өмірге белсене араласады. Тіпті сол саясаттың өзі баспасөз арқылы тарайды, ел-жұртқа мәлім етіледі. Онсыз саясат соншалықты ауқымда халыққа түсінікті болуы екіталай. Саясаттың өрісі бүқаралық ақпарат құралдарына… Читать далее »

Қоғамдық өзгеріс және баспасөз

Адамзат тарихында талай өзгерістер болып, қоғамдық құрылыста жаңа қадамдар жасалып, дамудың соны сатыларына өтіп отырған. Осы орайда алғашқы қауымдық құрылыстардан, формациялардан тәжірибе жинақтаған адами сана онан сайын өзінің бірден-бірге толысуы арқасында XXI ғасырға келіп жетті. Өмір-тіршіліктің таусылмайтын сансыз тауқыметі срнау «сэбилік» дэуірдегі ұғым-түсініктен интеллектуалды дәрежеге әкеп тіреді. Мұның өзі ой-сана прогресінің жетілген, өркениетке ұмтылған адам… Читать далее »

Конституция тұжырымдары және баспасөз мәселелері

Еліміз ұзақ тарихи жолдан өтіп бүгінге жетті. Алайда осынау заңғар замана көші оның соқпақсыз, соқтықпалы кезеңдерін бастан өткеріп, өзінің бодансыз болашағына ұмтыла берді. Ақырында тәуелсіздік деген киелі де қасиетті ұғымның орындалуына қол жеткіздік. Бұл тағдыры талайлы халқымыздың көптен аңсаған мақсат-мүддесі еді. Сол үшін де қаншама қиындықтарды бастан кешуге тура келді. Соның бәрінде ержүрек халқымыз өз… Читать далее »

Журналист мамандығы туралы

Журналистика — ғылым. Журналистика — тарих. Зерттеушілер журналистика тарихын тас дәуірінен басталатынын алға тартады. Ендеше, уақыт тұрғысынан оның «вторая древнейщина» аталуы бекер болмаса кереқ. Журналистика — бейресми төртінші билік, әлеуметтік құбылыс. Қызық та қиын, құрметті де мазасыз мамандықтың адамы да — осы журналист. Оның тілі — заңның тілі, әділеттің тілі. Журналист — жолаушы. Өйткені, ол… Читать далее »