Тибет медицинасы ежелгі медициналық жүйелерге жатады. Тибет медицинасының негізгі жазуы «Чжуд-ши» болып табылады. Тибет медицинасында ешқандай құпия жоқ. Тек оны түсінбеушілік болады. Тибет медицинасының екі тармағын ажыратуға болады: ғылыми түрі — «Чжуд-ши» және басқа да трактаттарда жазылған. Ақпараттары аңыз түрінде жиналған және дәлелденген.

Тибет медицинасының тарихы

Тибет медицинасы теориясының негізі Аюрведалық медицина болып табылады. Тарихи түрінде, ойшыл білімін өз атынан емес, ол ежелгі түсініктемелерде түсінгенін айту керек. Тибет медицинасы араб медицинасына параллель жүреді. Авиценаның «Дәрігерлік ғылымның каноны» құрылысы «Чжудши» құрылысына ұқсас. Бұл жерде екі болжам бар: не медициналық білімдерімен ауысу болды, не «дәрігерлік ғылымның каноны» трактатында 2,5-3 мың жыл бұрын Европадан Азияға көшкен иондария халқының білімінің бір бөлігі жазылған. Үндістанда бұл білімдер «Веда» — Аюрведа, Ригведа, Атхарваведа және т.б ретінде белгілі.

Олай болса, «Чжуд-ши»-дің тамыры бірнеше мың жылдарға жоғалады. Бұл білімдер (сонымен қатар медициналық) европа бөлігінде халық емшілері арқылы орыстарда ведундар арқылы сақталған. Қытайдың өзінде иглотерапияның жетістіктеріне жетті деуге болмайды. Ежелгі славяндарда адам денесіне әр түрлі фигураларды салу арқылы емді қолданған. Алайда Құдайға сену, сыйыну келгеннен бері өзін христиандар деп атайтындар, білімді тасымалдайтындар ведундарды жоя бастады. Білімнің біраз бөлігі сонда да христиандарға өтті, сыйыну арқылы психологиялық емдеулер аса нәтижелі болмады. Бірақ білімнің қалдықтары ескі сыйынумен күрестерде жойылып кетті.

Қытайдың Тибетке 1959 ж. кіргенге дейін Тибет медицинасы ламалармен басқарылған және дінмен тығыз байланысты болған. Тибеттің басқарушылары білімдерін құпияда ұстауға тырысты, өйткені олар небір адамның қолына түсу қаупінде тұрды. XVIII ғасырдан бастап Тибет медицинасы Монғолияда кең тарала бастады. Ендігі таралуы Қытайдың Тибетке кіруінен басталады. Көптеген Тибет дәрігерлері Батысқа қарай кетті және сол жерде медициналық орталықтар ашылды. Қазіргі кезде ең ірі медициналық орталық болып Далайлама деп аталатын Дармасалдағы медициналық орталық саналады.

Ауруға Тибет дәрігерлерінің көзқарасы

Ауру пайда болу үшін міндетті түрде аурудың себебі мен жағдайы сәйкес келуі керек. Аурудың себептері 2 түрлі болады. Алысқа кеткен және жақын. Жақын себептері — жел, өт және сөл. Алыс кеткен себептерін шолу қиынырақ. Олар ойдың тұрақсыз жағдайына жеткізуі мүмкін. Мысалы: қара күнде адамда сөл бөліну аурулары туады. Жек көру от сияқты, одан өт аурулары туады. Құмарлық — желден пайда болған аурулар.

Тибет медицинасында жоғарғы диагностикалық мән пульске беріледі. Пульстік диагностика европа дәрігерлерінің күмәндануына себеп болып келеді. Тибет ламасы — бұл, біріншіден рухани ұстаз, көмекші. Емдеу кезінде дәрігер, ең алдымен ойлау қабілетінің дұрыстауынан бастайды. Егер пациент ламаға келсе, оған толығымен сенетінінің белгісі. Осыдан бастап психотерапия жұмыс істей бастайды. Диагностика бірнеше сағаттан 2-3 күнге созылады. Психикалық жағдайы осы көріністерден кейін анықталады: көзі, құлағы, тілі, сыртқы түрі, иісі, терінің түсі. Тибет медицинасында «ауырды» деген түсінік жоқ, барлық организм патологиялық жағдайда тұр, оны тепе-теңдікке алып келу керек, ішкі гомеостазды дұрыстау керек, жүйке жүйесінің потенциалын қалпына келтіру керек.

Тибет медицинасынан дұрыс тамақтану мен дұрыс өмір сүрудің бірнеше цитаталарын мысалға келтірейік: «Дұрыс тамақтану — бұл жеткілікті тамақтану, бірақ көп емес». «Сезім мүшелерімен дұрыс жұмыс істеу керек, оларды қатты оқшауландыруға болмайды, бірақ жұмыстан да босатпау қажет».

«Қыстың аяқталуы мен көктемнің басталуы — өте тұрақсыз мезгіл, осы уақытта ұзақ сөйлесу зиян. Онша ұзақ емес күндізгі ұйқы пайдалы болып саналады, өйткені желге қарсы тұра алады. Көктемнің аяғында, жазда, күзде, қыстың басында түстен кейінгі мезгілде ұйықтау зиян, себебі ол сөлдің жиналуына әкеледі, одан дене ауырлайды, ойлау қабілеті төмендейді. Адам еріншек болады, суық тию ауруларға көп шалдығады.» «Сөлі көп адамға белсенді жаттығулар қажет — жүгіру, секіру және т.б.» Тибет медицинасы, көбінесе дұрыс тамақтануға көп мән береді. «Жануарлардың еті дәмі бойынша дәмді»; «Жыл бойы кептірілген дәнді дақылдар жеңіл және жақсы сіңеді».

Тибет медицинасындағы емдеу тәсілдері

Тибет медицинасында емдеу тәсілдерінің бес түрі көрсетілген — бұл қан шығару, күйдіру, компрестер, ванналар, массаждар. Дәрі қолданбайтын әдістеріне осы тәсілдермен қатар йога да жатады. Қан шығару деп тек артерия мен веналардан қан шығаруды айтпайды, сонымен қатар лимфа тамырларынан сау емес лимфаларды шығарады. Ол қан ауруы кезінде пайдаланылады. Ауруларды міндетті түрде айыра білу керек, өйткені аурудың жетілмеген кезінде қан шығаруға болмайды. Дәрігер жасалған процедуралардан кейін ауру адамның жазыла бастағанын білу керек. Қате жіберген уақытта ол ауру адамды нәтижелерінен сақтау керек. Қан шығарудың әдісі мен техникасы өте күрделі. Қазіргі уақытта бұл әдіс сирек қолданылады.

Тибет медицинасында ине енгізу аз қолданылады. Күйдіру әдісіне басқаша қарайды. Оның екі түрі болады: ауырған жері және күйдірген жері. Ол эдельвейс пен қалақайдан жасалған арнайы конустар арқылы жасалынады. Тибет медицинасында массаж деп уқалау және жануарлар мен күнжіт майын денеге жағуды айтады.

Тибет медицинасында қолданатын дәрілер:

  1. Металдар (алтын, күміс, мыс, сынап және т.б).
  2. Минералдар (маржан тастардың әр түрлері).
  3. Жер заттары (балшық, мүк, шайырлар, түздар).
  4. Өсімдіктер.
  5. Жануарлар өнімі (ет, қан, май, өт, тері, мускус және т.б). Дәрілерді олардың заты мен дәміне және әсеріне байланысты жасайды. Тибет медицинасының дәрілерінің айқын ерекшелігі -бірнеше компанеттілігінде.

Оларды көбіне күрделі пропорция кезінде 30-60 түрден жасайды. Осы түрлердің барлығы бірдей әсер етеді. Осы ритуалдың өзін дайындау күрделі болып саналады. Дәрігерлер медитация мен әнді қолдайды, өйткені дәрінің әсерін күшейтеді, ал шөптерді бір мезгілде тереді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *