Аталмыш ауру тік ішектің өзінің қалыпты жағдайда орналасатын орнынан төмен ығысып, уақытша немесе тұрақты түрде anus-тан тыс аймаққа шығуымен сипатталады (prolapsus recti). Ол проктологиялық аурулар арасында сирек кездесетін аурулар қатарына жатады. Ғалымдардың деректеріне қарағанда әр 10 000 адамдарға шаққанда тек 5-і осы ауруға шалдығатын көрінеді және, сонымен қатар, аталмыш сырқат әйел адамдардан гөрі ер адамдарда жиі кездеседі (Шевченко Ю.Л. және басқ., 1998).

Этиологиясы мен патогенезі. Тік ішектің төмен түсу ауруын тудыратын көптеген себептер бар. (Чухриенко Д.П., 1963) Дегенмен бұл аурудың негізінде жамбас қуысының түбін құрайтьш бұлшық еттердің, әртүрлі себептерге байланысты (туа біткен, жүре пайда болған т.с.с), әлсіреуі жатады. Қалыпты жағдайда олар іш қуысы қысымының өте жоғары деңгейге (сынап деңгейімен 200-280 мм.) дейін көтерілуіне төтеп бере алады. Ал жоғарыда аталған себептермен байланысты, бұл қасиеті жоғалса, тік ішек өзінің қалыпты орналасу деңгейінен төмен түседі. Жамбас қуысы түбінің әлсіреуімен қатар, тік ішектің төмен түсуінің себептері ретінде организмнің анатомиялық ерекшеліктерін де атап өту керек. Олар: сегізкөз-қүйымшақ иілімінің толық анықталмауы, құйымшақтың вертикальді орналасуы, бел тұсындағы лордоздың толық дамымауы, несіп қуығы мен тік ішек және жатыр мен тік ішек аралықтарындағы шұңқырлардың қалыптан төмен орналасуы т.с.с.

Ауруды жіктеу (топтау).

Темен тускен тік ішектің бөлігіне қарай:

  1. anus-тың кілегей қабатының түсуі (prolapsus mucozae ani);
  2. anus-тың толық түсуі (prolapsus ani);
  3. тік ішектің түсуі (prolapsus recti);
  4. anus пен тік ішектің түсуі (prolapsus ani et recti);
  5. тік ішектің ішкі инвагинациясы (introsusceptio recti);
  6. инвагинацияланған тоқ (жуан) ішектің түсуі (prolapsus coli invaqinati).

Клиникалық барысына қарай:

1) тік ішектің жедел түрде түсуі;

2)  прогрессивті немесе созылмалы дамуы. Бұл түрі үш сатыға бөлінеді:

I сатысы — тік ішектің түсуі дефекация актісінен соң пайда болады;

II сатысы- тік ішектің түсуі тек дефекация актісінен ғана емес, кез келген физикалық өрекеттен соң пайда болады;

III сатысы — тік ішектің түсуі ауру адам вертикальді қалыпта немесе жүргенде пайда болады.

Сонымен қатар anus-тың сфинктерлік аппаратының әлсіреу дәрежесі үш сатымен белгіленеді. I — ішек қуысындағы газды үстамау; П — газды және сүйық нәжісті үстамау; Ш — тығыз нәжісті үстамау.

Клиникалыц көріністері мен диагностикасы. Аурудың клиникалық көрінісі оның даму сатысына, клиникалық барысына байланысты болып келеді. Ауру адамдар дефекация актісінен кейін, немесе физикалык жұмыстан соң, әлде түрегелгенде, жүргенде ішектерінің сыртқа шығып кетуіне шағымданады. Пациенттердің бұл шағымдарына, сырқат дамыған сайын жаңа шағымдар атап айтқанда газ бен нәжісті ұстамау, тік ішектен шығатын кілегейлі сұйықтық, сол аймақтың тері қабатының қызаруы, мацерациялануы т.б. қосылады. Осы себептерден ауру адамдардың жұмыс істеу қабілеті төмендейді, нерв жүйелері жұқарып, олар ашуланшақ, ренжігіш болады. Бұл сырқатта ауру сезімі көп білінбейді және ол пациенттерді аса мазаландырмайды.

Объективтік зерттеу тәсілдерінің арасында диагноз қою үшін көзбен шолып көру және саусақпен зерттеу әдетте жеткілікті болады, тек кейбір жағдайларда ғана аспаптық зерттеулер қолданылады.

Емдеу. Ауруды емдеуде консерваивті және хирургиялық әдістер қолданылады. Емнің түрін таңдау аурудың даму барысы мен белгілерінің біліну сатысымен және пациенттің жасымен байланысты болып келеді. Консервативті ем, көбінесе, жастарға және аурудың бастапқы сатыларында қолданылады. Ал ересек пациенттер және ауру дамуының жоғары сатыларында негізгі ем ретінде хирургиялық әдіс пайдаланылады. Хирургиялық емдеу тәсілдерін, мақсаттарына қарай мынандай топтарға белуге болады: 1) anus-ты тарылтуға бағытталған операциялар ( мыс. Тирш операциясы); 2) іш қуысының ішкі немесе сыртқы жағынан жамбас қуысының түбін нығайтатын пластикалық операциялар (мыс. Н.И.Напалков, В.Р.Брайцев операциялары); 3) тік немесе сигма тәрізді ішектерді резекциялау (мыс. Микулич операци­ясы); 4) тік немесе сигма тәрізді ішектерді айналасындағы құрамаларға тігіп бекіту ректопексия операциясы(мыс. Зеренин — Кюммель операциясы).

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *