Цистография

Цистография қуықты алдын ала газ тәрізді немесе контрастық затпен толтырып барып кейін рентгенография жасайтын зерттеу әдісі. Цистография қуық қуысының контурлары туралы нақты түсінік алуға жағдай жасайды.

Қуық ауруларының көпшілігін цистоскопия арқылы білуге болса да, цистография цистоскопия кезінде анықтауға әр кезде бірдей келе бермейтін зақымдануларды (қуықтың дивертикулалары, дивертикулалардағы тас, қуық-несепағар рефлюксі, ісіктің қуық қабырғаларына жайылуы және т.б.) анықтауға мүмкіндік беретін бағалы диагностикалық әдіс болып табылады. Цистоскопиямен қоса бірқатар жағдайларда цистографияны да қолдануға тура келетін себеп осы. Цистография үшін сұйық (верографиннін, урографиннің, триомбрастың және т.б, 15—20% ертінділері) және газ тәрізді (оттегі, көміркышқыл газы) контрастық заттарды пайдаланады. ФиЪолия болып кетуі мүмкіндігі себепті контрастық заттар ретінде ауа мен майлы ертінділерді колдануға болмайды.

Цистография төмендеуші (экскреторлык) және әрлеме (ретро градтық) болуы мүмкін* Төмендеуші цистография экскреторлык урографиямен бір мезгілде, өдетте кан ағысына контрастық зат ешізілгеннен кейін 1,5-2 сағат өткен соң жүргізіледі. Бүл уакытқа дейін қуықта несеппен бірге келген конрастык затгың едәуір мелшері жиналады, осыдан суретте қуықтың айкын көленкесі шығады. Төмендеуші цистографияны қуықка катетер енгізуге, демек ерлеме цистография жүргізуге қайсыбір себептермен (уретра стриктурасы, қуықалды безінің катерсіз гиперплазиясы, уретраның, қуықтың, қуықалды безінін жедел кабыну процестері) мүмкін болмаған жағдайларда, сондай-ак балаларда қолданылады. Әрлеме (ретроградтық) цистография кезінде қуықтың анағұрлым анық бейнесін алуға болады. Ретроградтық цистографияны жүргізуге болмайтындай жағдайлар -несеп шығару өзегінің, қуықтын, простатаның, ұрық қуықшалары мен ұмаоргандарынын жедел қабыну процестері кезі. Осы аталған аурулар болған кезде қуықтың жағдайы туралы мәселені шешу үшін темендеуші (экскреторлық) цистография жүргізілуі мүмкін.

Өрлеме (ретрградтық) цистографияның техникасы қуық катетер бойымен мөлшері 150—200 мл контраст затпен толтырылғаннан кейін қуықты рентген суретіне түсіруге саяды. Әдетте цистография науқасты шалқасынан жатқызып, аяғын бүгіп ішіне алғызған қалыпта жүргізіледі. Орталық сәуле қасаға сүйегінің көлеңкесі қуықтың көлеңкесіне түспес үшін рентген түтігін каудалдық бағытта 70 градус келбеу бұрышпен қасағадан екі елі жоғары бағытталады. Қуықтың ішкі контурлары туралы кеңістік тұрғысында түсінік алу үшін цистография өзара перпендикуляр үш бағытпен, аксиалдык, оң және сол жақтан қиғаштап жүргізіледі. Аксиалдық жағдайда науқас рентген столына денесін 133 градус бұрыш түзіп шалқалап отырады, орталық сәуле касағаға туралап түсіріледі; оң және сол киғаш жағдайда уретрография кезіндегідей, денесі мен жамбасын 45 градус еңкейіп ұстайды.

Цистография кезінде қуық контрастық затпей жеткілікті дәрежеде толтырылған болуға тиіс, өйткені ол онша толмаған болса, цистограммада қуықтың көленкесі деформацияланып, диагностикалық қатеге ұрындыруы мүмкін. Қалыпты, жақсылап толтырылған қуық цистограммада тегіс біркелкі контурымен көрінеді. Сәулені вентро-дорсалдық бағытта жіберіп жасалған цистограммада қуықтың формасы әртүрлі домалақ, овалды, ұзынша немесе пирамида тәрізді болуы мүмкін. Еркектерде қуықтың көлеңкесі көбіне домалақ, әйелдерде овал тәрізді болып көрінеді; осының өзінде көлденең диаметрі ұзына бой диаметрінен үлкен болады да, бұл орайда жоғарғы контурдың біршама ойыстығы байқалады. Балаларда қуық әдетте алмұрт тәрізді формада болады да, қушима бөлігі қасаға сүйектеріне қарай орналасады. Қуық көлеңкесінің төменгі шеті орталық сауле туралап бағытталғанда симфиздің жоғарғы шекарасы денгейінде болады не одан 1—1,5 см жоғары тұрады, ал жоғарғы шеті III— IV сегізкөз омыртқасының денгейіне жетеді. Қуықтың жоғарғы контуры төменгісінен біршама үлкен өлшемді болады. Балаларда қуық ересектерден гөрі симфизден жоғарырақ орналасқан. Қиғаш жағдайда түсірілген цистограммада қуықтың көленкесі ұшбұрышты формада, кейде дұрыс емес төртбұрыш формасында болады. Қалыпты цистограммада уретралар мен несепағарлар контрастық затқа толы болмайды. Сұйық және газ тәрізді (пневмогдистография) контрастық заттармен жүргізілген өрлеме (ретроградтык) цистография бірқатар ауруларды диагноздауға мүмкіндік береді: қуықтың рентгенонегативті тастары, бөтен текті денелер, қуықтың аномалиялары (қосарлы қуық), дивертикулалар, ісіктер, қуық туберкулезі, уретероцеле және т.б. Мұнымен қатар қуықтын мөлшері мен ондағы тастардын санын анықтауга, қуық кабырғасының шап немесе сан жарығына тартылу дәрежесін білуге, цистоцеле дәрежесін анықтауға, сондай-ақ жатыр мен оның сағақтарының аурулары кезінде, паравевикалдық клетчаткада патологиялық процестер болған кезде қуық контурларының өзгерулерін білуге жағдай жасалады. Цистографияның, көмегімен қуық жыланкөздерін, қуық-неселағар рефлюксін диагноздауға, қуық тастары, несепағар тастары және кіші жамбас қуысы органдарындағы әктену ошақтары арасында дифференциалдык диагностика жүргізуге болады. Цистография қуықалды безінің қатерлі емес гиперплазиясын, нейрогендік қуық деп аталатынды, сондай-ақ қуықтын ішкі сфинктерінің атониясын білуге жәрдемдеседі; соңғысы цистограммада қуықтың түбі өңірінде жарты ай бітімді дөңесше болып табылатын «тіл» белгісімен көрінеді, оның көлеңкесі касаға сүйектерінің көленкесіне қабысады. Цистография қуықтын жыртылуларын, әсіресе клиникалық нышандары барынша болмашы болған жағдайларда диагноздауда өте бағалы болып шығады. Мұндай жағдайларда төмендеуші де, өрлеме де цистографияны қолдануға келеді, пневмоцистография неғурлым дұрыс деп саналады. Қуықтың ішперде ішіндегі ең ұсақ жыртылуларының өзін бос ішперде қуысында, көкет астында газдың болуына қарап (ал бұл орайда қуықтың әдеттегі контурлары сақталуы мүмкін) диагноздаудың жағдайы жасалады. Жамбас сүйектері закымдалғанда және уретранын зақымдалулары кезінде цистограммада (төмендеуші) контурларға ғана зер салып қоймай, қуықтың төменгі шекарасы келеңкесінің симфиз үстінде орналасу биіктігіне де назар аудару керек. Бұл аралықтың ұлғаюы паравевикалдық клетчаткада урогематоманың болуын, ал кейде қуықта болуы мүмкін екенін көрсетеді. Цистограммада қасаға суйектері мен қуықтык төменгі контуры арасындағы қашықтықтың әдеттегіден артық болып керінуі қуықалды безінің катерсіз гиперплазиясы мен рагы, парацистит, перипростатит кезінде, қуықтың мойны өңірінде жарақаттанудан және т.б. болған тыртық деформациялар кезінде байқалуы мүмкін.

Науқас қуығын контрастық сұйықтан босатқаннан кейін қуық өңірінің рентгенографиясын жүргізу қажет. Кейде мұндай қосымша зерттеу несептің қалдығы бар екенін анықтап қана қоймай, сонымен қатар қуық-несепағар рефлюксін, демек жоғарғы несеп жолдарындағы экскреторлык урография кезінде байқауға болмаған өзгерістерді анықтауға жағдай жасайды. Мұндай құбылыстар қуықалды безінің катерлі емес гиперплавиясы кезінде жиі байқалады және цистография кезінде олардың анықталуы операциялық емдеудің тактикасын дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Қуықтың ісіктерін анықтау үшін контрастық зат ретінде күкіртқышқыл бари суспензиясының, 10-15% ертіндісі мен оттегі қолданылады — урологиялық практикаға Л.М.Берман енгізген (1954) тұнба цистографиясы деп  аталатын әдіс. Қуыққа барий эмульсиясын енгізеді де, науқас 15-20 минөт ішінде әр түрлі жағдайда болады (шалқасынан, етпетінен, қырынан жатады); бұдан соң қуығын босатады немесе қуық индифферентті сұйықпен жуылады. Мұның ізінше қуыққа 150-200 мл мөлшерінде оттегі толтырылып, бейнесі түсіріліп алынады. Тұнба цистографияда газдык көлеңкесі фонында барий бөлшектері импрегнаицялаған ісік көрінетін кез болады, ал өзгермеген кілегейден барий жуылып кетеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *