Құқық нормаларын іс жүзіне асыру

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қыруар зандар және одан туындайтын өзге де нормативтік актілер қабылданып, бекітілгеннен соң дереу іске қосылды, әрі қосылып та жатыр. Солардың ішінде іске аспай мардымсыз болып жатқандығы да бәрімізге мәлім. Оның объективтік және субъективтік өзіндік сыры бар. Осындай келеңсіз, қасапсыз жағдайлардың объективтік сыры мынада: тіпті басқасын қойғанда заң актілерінің өздері есепсіз шығарылуында, олардың бір-бірімен қабыспай, бұрынғы актілердің тұжырымдарын соңғыларының бұрмалауында, сөйтіп, олардың ағаттығы, әркелкілігі, қарамақайшылығы, қазіргі өскелең өмір талабымен сипатындығында. Әрине бұлар бірте-бірте келіп, зандардың көптілігін тудырады, оларды біліп ұйренуге кері әсерін тигізеді, енжарлықты, кертартпалыққа әкеліп соқтыратыны сөзсіз. Сөйтіп, заңның жоғарлылығына сенімсіздік тудырады, заңсыздыққа әкеліп тірелетінін өмірден көріп отырмыз. Тек қазірдің өзінде «ведомстволық» деп аталатын орталық атқарушы органдар мен жергілікті органдардың шығаратын актілерінің өзі қыруар. Соңғы кездегі Әділет министрлігінің басшылығымен жүргізілетін «ведомстволық» актілердің мемлекеттік тіркелуі көтеріліп отырған мәселенің проблемасын аздап болса да шешкендей сияқты. Кейінгі жылдардағы заңдарды жетілдіру жөніндегі жұмыстарға қарамастан қазақстандық заң өзінің көп бөлігінде қоғамдық қатынастардың дамуынан, нарықтық экономикадан, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру үрдістерінен, осы заманғы ларламентаризмнің қалыптасуынан және өзге де демократиялық тұтқалар дамуынан кейіндеу десек болады. Кезінде халық шаруашылығының бөлу-теңестіру тетігінің мұқтажына ыңғайластырылған азаматтық, еңбек, әкімшілік, қылмыстық зандардың, сот ісін жүргізу мен сот құрылысының көптеген нормалары Республика Конституциясының қағидаларымен, қоғамның жаңа экономикалық және саяси бағыттарымен әлі де болса сәйкестендірілген жоқ (айталық, Конституцияның 92-бабындағы көрсетілген заңдардың көпшілігі еліміздің Ата заңына осы күнге шейін сәйкестендірілмегендігін атауға болады), мұның өзі олардың нақты жүзеге асырылуын едәуір тежеп отыр, — деп баспасөзімізде атап көрсетіліп жүр.

Бұл мәселенің субъективтік мәні, жалпы айтсақ, зандарымыздың дәлме-дәл, әрі бұлжытпай іске асу нысандары: сақтау, орындау, пайдалану және қолдану болып табылады.

Сақтау — дегеніміз занда тыйым салынған нормаларды жүзеге асыру, оларды бұзудан бойын аулақ ұстаулары тиіс (мысалы, ұрлық жасамау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, т.б.) Құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектілерінің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға, айналамыздағы ортаға зиян келтірмеуге тиіс. Азаматтар, занды тұлғалар және т.б. өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әділ әрекет жасап, заңдардағы әсіресе тыйым салынған талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттарын, ал кәсіпкерлер бұған қоса іскерлік әдептілік ережелерін сақтауға тиіс. Бұл тәсілдің мәнісі осындай.

Орындау — бұл міндеттілік тұжырымдарды жүзеге асырудағы субъектілердің белсенді жағымды іс-әрекеттері. Олай дейтініміз азаматтар, занды тұлғалар және т.б. субъектілердің басқа жаққа зиян келтіруге, құқықты басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға, сондай-ақ қүқықты оның мақсатына қайшы келетіндей етіп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттеріне жол берілмейді. Яғни, жағымсыз іс-әрекеттерден бойын аулақ салу деген сөз. Мысалы, заңды түрде белгіленген мөлшерде салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады. Осы заңды орындағандар субъектілердің жағымды іс-әрекеттері деп есептелінеді, ал керісінше болса — жағымсыз іс-әрекет болып табылады.

Пайдалану — адамның, түлғаның өз өкілеттілігін белсенді немесе енжар мінез-құлқымен жүзеге асыруы. Дәлірек айтсақ, субъектілердің өздеріне берілген құқықтарын, соның ішінде өздерін қорғау құқығын өз қалауынша пайдалану. Мысалы, ҚР Конституциясының 30-бабының 2-тармағында: «Азаматтардың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға қүқығы бар», — делінген. Бірақ, олардың осы конституциялық құқықтарды пайдалануын не одан бас тартуын өздері шешеді. Ешкімде оларды зорлап көндіруге хақысы жоқ.

Қолдану — нақтылы істерді заң нормалары шегінде қарап шешу, арнайы құқықтық актілерді қабылдап бекіту жөніндегі компетентті органдар мен адамдардың белсенді биліктік қызметі. Бұл тәсілдің мақсаты — аталған органдар мен лауазымды адамдардың адресаттарға құқықтық нормаларды қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен міндеттерін іс жүзіне асыру және осы процестерге бақылау жасау. Мысалы, жұмыс берушінің қызметкерді жұмысқа алу жөніндегі бұйрығы, сот үкімі, т.б.

Құқық нормаларын жүзеге асырудың өзі дереу сақталмайтындығы, орындалмайтындығы, шынайы толық пайдаланылмайтындығы және түпкілікті қолданылмайтындығы. Дәлірек айтсақ, біздің, ойымызша мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың заңмен қызмет істеу қажеттігін, жеке тұлғаның, азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, және ұйымдарының өз еріктілігімен құқықты жүзеге асыру керектігін осы уақытқа шейін мейлінше сезінбейтін сияқты.

Нормативтік актілердің шығуы қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін, адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері құрметтеліп іске асып өмірге сіңеді деген сөз. Сондықтан да болар құқық әлеуметті пайдалы. Шынында да егер құқық өмірге шынайы енбесе, адамдардың, олардың ұйымдасқан топтарының іс-әрекеттерінен көрініс таппаса, онда одан ешқандай пайда болмас еді. Құқық нормалар тұжырымдарының субъектілердің мінез-құлықтарындағы нақтылы көрінісін құқықтық іс жүзіне асырылуы дейді. Сөйтіп, құқықтың іске асуы құқықтың өмір сүруінің міндетті жағдайы болып табылады, онсыз ол өзінің ^леуметтік сипатын жоғалтар еді.

Құқықтың іс жүзіне асырылуы неге және кімге байланысты? Жауап ретінде айтарымыз, әрине субъектілердің өзіндік мінез-құлқына, тәртібіне байланысты. Бірақта, құқықтың іске асуы, ең алдымен, оны шығаратын адамдарға байланысты. Шындығында, егер құқық тұжырымдары қоғамның нақтылы өмірлік жағдайын, адамдардың үлкен және кішкентай топтарының мүдделерін, әлеуметтік қатынастардан туындайтын құбылыстарды уақытында әрі дер кезінде реттеп отырмаса, онда ондай құқықтық тұжырымдарының іске асу тиімділігі туралы сөз болмас еді. Демек, құқық шығарушылардың міндеті, құқықшығармашылықтың мақсаты — құқық нормаларын тағайындау емес, ол тек іске асыруға жарамды нормаларды анықтап, тұжырымдау.

Құқықты іске асырудың бастапқы нысаны, жоғарыда анықталғандай, құқықшығармашылық болып табылады, яғни заңдарды, заңнан туындайтын өзге де нормативтік актілерді қабылдау арқылы құқық нормаларын тағайындау. Егерде құқық экономикалық және әлеуметтік жағынан көбірек нақтыланса, қоғамның даму процесіне, қоғамдық қажеттілігіне және адамдардың артықшылығына мейлінше сәйкес келсе, онда оның іске асырылу мүмкіншілігі де жоғары болар еді. Бірақта, құқықшығармашылық құқықтың мүмкіншіліқ ресурстарын ғана ашып береді, ал оның алдағы уақытта іске асуы азаматтардың құқық нормаларының талаптарын орындау немесе бұзу мінез-құлқымен және құқықты қолданатын органдар мен лауазымды адамдарының қызметімен анықталады. Осы субъектілердің әрекетінің іске асуының мәнді сипатына қарай құқық нормаларының әдісі бар: 1)сыйлық немесе өзге де марапаттауды беруге уәде ету; 2) қорқытып көндіру немесе белгілі бір құндылықты жою.

Құқықтық тыйым салуды сақтау, оларды бұзған кезде субъектілер үшін жағымсыз жәйттердің пайда болатынын қорқыту арқылы жүзеге асыру. Ондай жағымсыз жәйттерге бас бостандығынан айыру, айыппұл, тәртіптік жазалар жатады. Міндеттерді орындау наградалар беруге уәде етіп субъектілерден белсенді іс-әрекет жасалуын талап ету арқылы іске асырылады. Әрине бұл жерде қорқытусыз іс бітпейді. Пайдаланудың құқықтық нормаларды жүзеге асыру нысаны ретіндегі ерекшелігі сол, оған қатысушылардың өз еркімен жүзеге асыруы, мұнда қорқытып-үркіту де немесе марапаттау туралы уәде берудің де қажеті жоқ. Құқықты қолдану, жоғарыда айтылған сияқты бұл билік жүргізушілердің қызметі, мұнда сақтау да, орындау.да, әрі пайдалану да бар. Тәжірибеде осындай екі бірдей әдістер қолданылады.

Құқық нормаларын іске асыру нысаны, сонымен бірге, субъектілерге қарай — жеке және ұжымдық болып бөлінеді. Оның деңгейіне қарай — құқықтық міндетін және принциптерін көздейтін баптардағы жалпы ұстанымдарды; құқықтық мәртебелікті және құзыретті тағайындайтын жалпы нормаларды (құқықтық қатынастардан тыс); белгілі бір құқықтық нормалардағы белгілі құқықтық қатынастарды іске асыру болып та бөлінеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *