Өзен, оның бөліктері. Өзендер – гидросфераның бір бөлігі. Глобусқа немесе картаға қарасаңдар, құрлық бетінде көк түсті иректелген бейнелерді көресіңдер. Олар – өзендер. Егер глобусқа Жер шарындағы өзендер мен олардың салаларының бәрін түсірсе, онда материктер өрмекшінің көгілдір торымен шырмалғандай болады. Өзен бірнеше бөліктен тұрады.

Өзен дегеніміз – табиғи жолмен пайда болған, ойпаңмен ағатын су.

Сендер қандай өзен болса да , оның басталатын жері – бастауы болатынын білесіңдер. Өзендердің барлығы батпақтардан, мұздықтардан, көлдерден, бұлақтардан ағып шығатын жылғалардан басталады. Өзен суының құрлықты шайып жататын бөлігі – жағасы. Өзеннің ағысымен жүзген кезде сенің оң жағың өзеннің оң жағасы, ал сол жағың сол жағасы деп аталады. Өзеннің басқа бір өзенге, көлге, теңізге құятын жері өзеннің сағасы деп аталады. Кез келген өзеннің басталатын жерінен сағасына дейін ойпаңмен ағатын аймағы – өзен аңғары. Үнемі су ағып жатқан ойысты арна деп атайды. Көктемде қар еріген кезде, өзен суы кемерінен асып, аңғардың ойпаң бөлігін су басуын жайылма деп атайды. Жайылманың ені шағын өзендерде 3-4 м болса, ірі өзендерде 30-40 шақырымға дейін барады. Жайылмада шалғын өсімдігі өседі, оны мал жаюға немесе пішен дайындауға пайдаланады.

Өзеннің ағу ұзындығы үш бөлікке бөлінеді. Бастауына жақын жағы – жоғарғы ағыс, саға жағы – төменгі ағыс, екеуінің аралығы – орта ағыс.

Өзен жүйесі. Барлық өзендердің саласы болады. Олар әдетте, негізгі өзеннен қысқа болады. Негізгі өзенге ағыс бойынша оң жағынан келіп құятын саланы оң жақ саласы, ал сол жағын сол жақ саласы деп атайды. Мысалы, Ертістің оң жақ саласы – Бұқтырма, ал сол жақ салалары – Есіл мен Тобыл. Өзенді барлық салаларымен қоса өзен жүйесі, өзеннің салаларымен қоса су жинайтын жерін өзен алабы деп атайды. Жер шарындағы ең суы мол және өзен алабы үлкен өзен – Оңтүстік Америкадағы Амазонка. Ал ұзындығы жөнінен Африкадағы Ніл өзеніне тең келер өзен жоқ. Оның ұзындығы – 6671 км. Өзен алаптарының шекарасын суайрық деп атайды. Бірақ суайрықтар көзге айқын көрінерліктей қырат болып тұрмайды. Жазық жерлерде суайрық тегіс қыраттар арқылы өтеді және оны анықтау қиынға соғады.

Өзеннің ағу бағыты мен жылдамдығы оның ағып өтетін жер бедеріне байланысты .

Жазық жерлермен ағатын өзендердің ағысы баяу келеді. Қазақстанның Іле, Сырдария, Жайық, Есіл, Нұра өзендері жазық жер өзендеріне жатады. Жазықтағы өзендер кеме қатынасы үшін қолайлы.

Тау өзендері бастауын биік таулардан алады. Олардың суы гүрілдеп, көбік шашып, тау жоталарының тік беткейлі, тар, жартасты аңғарларымен өте жылдам ағады. Мұндай тар аңғарларды шатқалдар деп атайды.

Шоңғарлар мен сарқырамалар. Жазық жерден ағатын өзендер аңғарының түбі жұмсақ жыныстардан тұрады, оларды ағын су тез шайып кетеді.бірақ кейбір жерлерде әктастан, граниттен, тақтатастан құралған қатты жыныстар кездеседі. Бұл жыныстардан судың шығуы баяу болады. Егер олар арнаны бөгесе, өзенде шоңғалдар пайда болады.

Су шоңғарлардың үстіне келгенде көбік шашып, сарқырап, күшейеді де, тек шоңғалдардан өткеннен кейін баяулап, бірқалыпты аға бастайды. Шоңғалдар кеме қатынасына үлкен кедергі келтіреді. Егер өзеннің жолында тік жартасты кедергілер кздессе, онда су төмен қарай құлап ағады да , сарқырама түзеді.

Жер шарындағы ең биік сарқырама Оңтүстік Америкадағы Ориноко өзенінің алқабындағы Анхель сарқырамасы, оның биіктігі – 1054 м, екінші сарқырама Замбези өзеніндегі Виктория сарқырамасы, ондағы су 120 метр биіктіктен құлап ағады. Келесі ірі сарқырама Оңтүстік Америкадағы Эри мен Онторио көлдерінің арасындағы Ниагара сарқырамасы. Сарқыраманың гүрілдеген дауысы 25 км қашықтықтан естіледі.

Өзендердің қоректенуі, маңызы. Жер бетіндегі өзендер жаңбыр суымен, жерасты суымен, еріген қар және мұз суымен қоректенеді.

Жауын-шашын мол түсетін кезде жаңбыр және қар суымен жазық өзендері қоректенеді. Ал тау өзені қар суынан басқа, күн жылынып, ауа температурасының жоғарылауынан тау басындағы еріген мұздық суларымен қоректенеді.

Көктемде жерасты суы ұлғайған уақытта барлық өзендер онымен қоректене алады. Осы кезде өзен суларының тасуы орын алады. Жауын-шашын аз түсетін жаз мезгілінде өзен деңгейі төмендеп, сабасына түседі. Өзен суының жыл ішінде өзгеруі өзен режимі деп аталады.

Өзендерді жер суаруға, кеме қатынасына, балық аулауға, электр энергиясын өндіруге, зауыт, кәсіпорын жұмыстарына, күнделікті тұрмыста пайдаланады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *