Таспа жалпақ құрттардың ықпалынан болған инвазиялық ауруларды цестодоздар деп атайды. Таспа құрттар табиғатта екі сатыда кездеседі. Ересек, дамып жетілгендері әдетте сүтқоректілердің (үй жануарлары, етқоректілер) ішкі мүшелері мен ағзаларында тоғышарлық етсе, балаңқұрттары сүтқоректілерде, омыртқасыздарда мекендейді. Мысалы,айналмада (тентек, ценуроз) қойдың миында балаңқұрты (құрттың басы суға толы көпіршік) мекендесе, ит, қасқыр, түлкі секілді етқоректілердің аш ішеінде ересегі (денесі бунақталған) дамиды. Немесе , мониезиозда ересегі қойдың аш ішек тоғышары болса, оның балаңқұрт сатыы кездесетін жәндіктің (сауытты кене) денесінде сақталып дамиды. Сондықтан, цестодтардың ересеске сатысындағылардың дене бітімі бунақталған, ал балаңқұрттары суға толы көпіршік түрінде болады. Құрт денесінде басы, мойны және бунақтары анық көрініп тұрады. Цестодтар – қосжыныстылар , яғни аналық және аталық мүшелері бір бунақта орналасады. Құрттың басы (сколекс) тікендермен  қаруланған (бекіну қызметін атқарады), мойны- өсу зонасы, ал қалған денесі бунақталыып, соңғысы жетіліп, піскен болып әдетте аталық мүшелері жойылып, жатыр ішін толығымен жұмыртқасы жайлайды. Таспа құрттардың осындай даму ерекшеліктерін ескере отырып, цестодоздарды екі топқа бөліп оқуды ұсынамыз. Бірінші топқа ақтық иелері- етқоректілер (ит, қасқыр, түлкі), ал аралық- иелері үй малы болып табылатын ауруларды қарастырсақ, екінші топ бойынша, ақтық немесе дефинитивтік иелері үй жануарлары, аралық иесі жәндіктерде дамитын цестоздар енеді.

Етқоректілерден үй малына жұғатын цестодоздар.

Аталып отырған топқа мына инвазиялық аурулар: ценуроз (тентек), қой цистицеркозы (жылауық) және эхинококкоз (бершімек, беріш) жатады. Бұл аурулар біздің елімізде кеңінен таралған. Ветеринариялық-санитариялық шаралар атқарылмаған, кез келген елді мекен жануарларының арасында кездеседі. Соңғы көрсетілгне ауру (эхинококкоз) адамға да өте қауіпті болып саналады.

Айналма (тентек, ценуроз)жиі жағдайда қойдың миында балаңқұрт көпіршігінің даму салдарыннан орталық  жүйке жүйесі қызметінің бұзылу белгілеімен сипатталатын ауру.

Иттің ішігінде дамыған ауру қоздырушысыынң ересегі (ұзындығы 1-1,5метрге жететін 200-250 бунақты) сыртқа бөлген жұмыртқасын ластанған жем-сумен жұтқан қой миында 3-6 айдан сой тауық жұмыртқасындай көлемді көпіршік дамиды. Негізінен биылғы туылған тотылар арасында күзден көктемге дейінгі айларда байқалады (9,5- сурет).

Аурудың сыртқы  белгілері миға еніп дамыған көпіршік санына, олардың орналасуына байланысты болады. Алғашқыда қоздырушы жұққаннан кейінгі күйзелу, тісін қайрау, шошыну белгілері бәсендеп, қойдың күйі жақсарғандай болады. Кейіннен қойдың кенеттен тұрып қалуы, отардан тыс қалып немесе бетімен қашып кетуі, сүріну, жығылу, ал көпшілігінде оң не солға қарай айналуы немесе басын қабырғға оттыққа тіреуі, я болмаса басын қақырайтып артқа құлауы байқалады.  Ауру соңында жүру қабілетінен айырылған мал жатып қалады, арықтайды. Азық қабылдамауына сәйкес арып өледі.

Ауруды анықтау сыртқы белгілері айқын байқалғанда қиындық туғызбайды. Сонымен  бірге бас сүйегінсипап тексеру (кейде баста көпіршік орналасқан жерінің сүйегі жұқарады ) мәнді деректер береді.

Дауалау және емі. Ауру қоздырушысын ауылдағы бұралқы, иесіз иттер тартатындықтан, олады ату, жою, отардағы күзет иттерін ай сайын дәрілеу, ауырып өлген қойдың басын далаға тасамай, өртеу немесе арнайы апанға тасату. Ценуроздың емі тек хирургиялық жолмен ( көпіршікті бас сүйегін тесіп сорып алу) жүргізілетіндіктен, тиімсіз.

Жануарлардың эхинококкозы (беріш)- аралық иелерінің бауыр және өкпесін, бұдан сирек басқа мүшелерін балаңқұрттың көпіршікті қабындыруымен сипатталып, созылмалы түрде өтетін ауруы.

Эхинококкозға қой, ірі қара, ешкі, түйе, бұғы, жылқы және доңыз бейім. Ауру адамға өте қауіпті. Құрттың ересек сатысы ит және ит тектестердің аш ішегінің алдыңғы бөлігінде тоғышарлық күнелтеді (ұзындығы 0,5-0,6 см, мөлтек, ақшл түсті).

Аурудың сыртқы белгілері жұмыртқамен  ластанған азық суды қабылдаған малда алғашқыда белгілері білінбейді. Малда бағып-күтудегі олқылықтр, ағзаға енген ларвоциста санынң көп болуы мал өнімінің (сүт, жүн, т.б.) күрт азаюына, өкпе қабынса – жөтел, демікпе, аузын ашып дем алу, бауырда көпіршік орналасса- малдың ауырсынуы белгілерімен байқалады. Қоңы жақсы малда     ауру әдетте белгілернсіз өтеді.(9.6- сурет)

  Ауруды анықтау. Тек сыртқы белгілеріне қарай диагноз қою мүмкін емес. Соңғы жылдары Казони реакциясы (тері ішіне аллерген жіберу) және қан сарысуын зерттеу тәсілдері арқылы ғана қол жеткізілуде.

Дауалау және емі. Дауалау шаралары ценуроздағыдай. Тек сойыс малында қабынған ішкі мүшелерін міндетті түрде залалсыздайды. Ауыру малды емдемей етке жібереді.

Қой цистицеркозы- немесе жылауық шажырқайда немесе бауыр үстінде балаңқұрт сатысындағы көпіршіктің дамуымен сипатталатын инвазиялық ауру. Қойда – жиі, ешкі, түйеде- сиректеу кездеседі. Құрттың ересегі иттің жіңішке ішегінде (ұзындығы 3м-ге дейін) паразит түрінде мекедейді.

Аурудың сыртқы белгілері. Ауру ауруға шалдыққан малда, әсіресе, қозыларда, алғашқыда балаңқұрттардың (ларвоциста) шектен тыс көп мөлшерде енгенінде ғана: күйзелу, азықтан бас тарту,тышқақ тию, салмағы азаюы және арықтауымен сипатталады. Кейіннен ауру созылмалы ағымына  көшіп, белгілері мүлдем байқалмайды.

Ауруды балау тірі ауру  малда өте қиын. Соңғы жылдары ұсынылған аллерген (анықтағыш препарат)  сирек қолданыс  табуда.

Дауалау және емі. Ит сияқты етқоректілер ауру көзі болғандықтан, атқарылатын шаралар кешені қой айналмасы ауруына қолданылатын шаралармен бірдей. Емі жоқ.

Жануарларда таспа құрттар тудыратн басқа аурулар.

Күйістілердің мониезиозы- аш ішекте таспа құрттың тоғышарлығынан тышқақ тию, малдың әлсізденуі жәнешығынымен сипатталатын инвазиялық ауру. Күйістілерге ауру қоздырушысы өрісте , балаңқұрттармен залалданған сауытты кенелерде (орибатид кенесі) азықпен жұтқанда жұғады. Жиі түрде ауруға жас төлдер бейім. Тоғышар қойдың аш ішегінде мекендегенде ұзындығы 4-10м-ге дейін жетеді.

Аурудың сыртқы белгілері қозы, бұзау, тақ, т.б. төлдерде күйзелу, іш өту , құмалағы сұйылып кілегеймен аралас және жағымсыз иісті болу белгілерімен байқалады. Ауру мал арып, отар табыннан қалып қояды.

Ішектегі құрттар байланып кейде азық жүрмейді.  Бұл жағдайда орталық жүйке жүйесінің қабынуы (теңселіп жүру, денесінің дірілдеуі) және түйнеуі малдың аяқ астынан құлап тыпырлауымен, ал көмек болмағанда өлімімен аяқталады.

Ауруды анықтау ауыл жағдайында  төмендегідей түрде жүргізіледі. Таңертеңгілікте қора , қоршаудан мал өріске шығарылғаннан кейін малдың қиы таспа құрттың бунақтарына мұқият тексеріледі (ақшыл сары түсті, жұқа бөліктері кейде қимылдайды). Арнайы зерттеулерден әдетте малдың нәжісін құрт жұмыртқаларына тексеру қолданылады.

Дауалау және емі. Төлдерді неғұрлым ересек малдан бөлек бағу, оларға таза , бұрын – соңды ересек мал бағылмаған жайылымдарды бөлу аурудың алдын алуға көп септігін тигізеді. Егер жайылым көлемі аз болса, өрістегі барлық қой , ешкілерге солтүстікте мамырдан, оңтүстікте сәуірден бастап, мал қораға тұрғанға дейін мыс купоросын, фенотиазин тұз қоспасын (1:9:90 арақатынасында) ағаш астаулардан беру керек. Ауру байқалған отарда фенсал, фендег, фенапэг препараттарынының бірімен қажетті дозада дәрілеу жұмыстары жүргізіледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *