Жердің топырақ қабаты Жер биосферасының маңызды компоненті болып табылады. Осы топырақ қабықшасы биосферада болып жатқан көптеген үдерістерді анықтайды. Топырақтың ең маңызды мәні органикалық затта, әр түрлі химиялық элементтерде, сондай-ақ энергияны жинақтауында жатыр. Топырақ қабығы әр түрлі ластаушыларды биологиялық жұтқыш, ыдыратушы және нейтралдаушы функцияларын орындайды. Егер биосфераның бұл буыны бұзылатын болса, онда оның қалыптасқан функциясы қайтарымсыз түрде бұзылады. Сондықтан, топырақ қабатының жаһандық биохимиялық мәнін, оның қазіргі кездегі жағдайы мен антропогендік әрекет әсерінен өзгеруін зерттеу өте маңызды.

Жерді табиғат ресурсы ретінде қарастырғанда, оның қалыңдығы 0,5-тен 2,0 м дейінгі жоғарғы қабаты түсініледі. Бұл қабаттың ауданы шамамен 149 млн км2. ауыл шаруашылығына жарамдысы (егістік, шабындық, жайылымдық) шамамен 51 млн. км2.

Топырақ — әлемдік мұхиттармен бірге бүкіл тұтас экожүйеге әсер беретін биосфераның маңызды компоненті. Тек топырақ қана бүкіл гетеротрофтарды тамақтандыратын өсімдіктердің биогендік заттармен қоректенуін қамтамасыз етеді. Топырақ түріне қарай олардың қүнарлығы да әр түрлі.

Жердің құнарлығы гумус мөлшеріне, оның жинақталуына, топырақ қалыңдығына, климат жағдайы мен рельефіне байланысты. Далалық топырақ гумусқа бай, өйткені онда гумустың түзілуі жылдам, ал минералдануы баяу жүреді. Орман топырағында гумус аз болады, өйткені онда керісінше минералдану жылдамдығы гумус түзілуден жоғары болады. Топырақ түзілудегі маңызды фактордың бірі — климат, сондықтан топырақтың генетикалық типі оның географиялық зонасына сәйкес: арктикалық және тундралық топырақ, сортаң топырақ, қара топырақ, сұр, қоңыр, бурыл, қызыл және сары топырақ.

Табиғат ресурсы ретінде Жердің міндеті — өсімдіктер әлемін қолдау. Құнарлығына байланысты топырақты былай бөледі: — шөл; — тундра; — мұздақтар; — таулар; — тәуекелді ауыл шаруашылығы зонасы; — қүнарлы жерлер.

Құнарлық мөлшері жиналған және өсірілген өсімдіктердің мөлшерімен сипатталады. Топырақтың қалыптасу уақыты гумустың өнімділігіне байланысты. Гумустың жинақталу жылдамдығын, гумус қабатының қалыңдығын оның қалыптасу уақытына қатынасымен өлшенетін бірлікпен анықталады, мысалы, мм/жыл.

Гумустың жиналу жылдамдығы мен гумус горизонтының қалыңдығын біле отырып, әр түрлі топырақтың жасын есептеуге болады. Орыс жазықтығындағы қара топырақ 2500-3000 жылда, орманды жердегі сұр және қоңыр топырақ 800-1000 жылда, ал сортаң топырақ шамамен 1500 жыл аралығында түзіледі. Топырақтың түзілуі аналық кеннің түріне де байланысты -ылғалды тропикалық климатта гранитте топырақ түзілу үшін 20.000 жыл қажет.

Бұл мәліметтер антропогендік әсерден топырақтың жуылып кетуіне сандық баға береді. Сонымен бұл «қоңыр» пленканың оңай бұзылатынын, әрі шығынды есептемегенде бұрынғы қалпына келтіру үшін қанша уақыт керек екенін дәлелдейді.

Топырақ биосфераның литосфералық бөлігі мен атмосфераның шектелу қабаты. Онда тек табиғаттың тірі және өлі компо ненттерінің араласуын ғана емес, сол сияқты топырақ экожүйесі шеңберінде әрекеттесу байқалады. Топырақ экожүйесінің басты міндеті — биосферада заттар айналымын қамтамасыз ету.

Жер жағдайы температурамен, ылғалдылықпен, физикалық құрылымымен және химиялық құрамымен сипатталады. Адам қызметі және басқа тіршілік иелерінің болуы жер жағдайын едәуір деңгейде өзгертеді. Топыраққа кері әсер беретін негізгі факторлар:

  • ауыл шаруашылығы қызметінен қайтымсыз шығып қалуы;
  • уақытша шығып қалу;
  • механикалық әсер;
  • химиялық заттарды қосу;
  • кеуіп кетуі;
  • суландыру;
  • орманды орып тастау;
  • мелиорация;
  • рекультивация.

Жарамсыз болып қалу себебінен жердің көп мөлшері жыл сайын ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылып тасталады. Әдетте ол жерді әр түрлі құрылыс салуға қолданады.

Қолданылған әдебиеттер: Рыскиева Г.Ә., — Алматы: Өнеркәсіп экологиясы, 2011. -262 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *