Қоғамды басқаруда мемлекет пен құқық сан алуан нормативтiк актiлердi өмiрге әкелiп, ескiргенiн жаңартып, кемшiлiктерi болса толықтырып отырады. Бұл процесте заңға көп күрделi талаптар қойылады. Заң неғұрлым мазмұны жағынан өмiр талаптарына сәйкес, халықтың ойы мен негiзгi мүдделерiн терең қамтыса, нысаны жағынан да әбден жетiлсе соғұрлым ол тәуелсiз демократиялық мемлекет құру күресіне тиянақты үлесін молынан қосады, заңның […]
Monthly Archives: Июнь 2016
Жеңіл атлетика туралы слайд
Қазіргі таңда «жеңіл атлетика» спорттың ең кең тараған түрі болып есептелінеді. Слайд жеңіл атлетиканың негізгі түрлері мен шығу тарихы туралы баяндалынады. Жалпы жеңіл атлетика ежелде халықтардың күнделікті тұрмыс-тіршілігінен пайда болған спорт десек те болады. Яғни, халықтың қарапайым жүріс тұрыстары, секіру, жүгіру сияқты қимыл әрекеттерінен пайда болған деп айтады. Ежелгі Грекияда олимпиада ойындарында жеңіл атлетика үлкен […]
Сайт жасаудың ең оңай жолы
Қазіргі таңда сайт жасау үшін арнайы білімнің немесе белгілі бір оқу орындарын бітірудің қажеті жоқ. Өйткені сайт жасаудың оңай жолдары жетерлік десек те болады. Жалпы жақсы, бірақ қарапайым сайт жасау үшін 1 сағаттың өзі жеткілікті. Қазіргі кезде сайт жасаудың көптеген жолдары бар, солардың ішінде ең оңайы CMS қолдану болып табылады. CMS дегеніміз — сайтты басқару жүйесі, […]
Ғ. Мүсірепов «Оянған өлке» романы (талдау)
«Оянған өлке» — қазақ прозасының алғашқы шығармаларындай емес, эпикалык кең ауқымда жазылған туынды, қазақ прозасының кемелденген кезінде дүниеге келген роман. Сондықтан мұнда автор бейнесін жасауда болсын, баяндау тәсілдерін қолдануда болсын, бұрынғы бардары толықтырылып, оның үстіне жаңалары қолданыс табады. Автор оқиғаны үшінші жақта эпикалық туындыға тән объективті тұрғыдан баяндайды. Ол оқиға өрбитін мекен мен кейіпкерлерді ішіне кірмей […]
Ауыл халқының бүгінгі әлеуметтік, мәдени, рухани жағдайы
Әрине, ауылдардың әлеуметтік жағдайы бірдей емес. Ауыл тұрғындарының ата қонысы болған, бұрыннан ел болып келе жатқан ауылдарда ұйымшылдық, ынтымақ-бірлік бар. Мұндай ауылдарда көпті көрген ақсақалдардың, үлкендердің ақыл-кеңесімен, елге жаны ашитын, туған жерінің гулденуін қалайтын азаматтардың ұйытқы болуымен елдің біртұтастығы жоғалмай келеді. Түрлі той-томалақтарда, мерекеқуаныштарда елдің ауызбіршілігі байқалады. Бұл — іргесі берік, бұрыннан ел болып қалыптасқан […]
Бүгінгі қазақ телеарналары
Бүгінгі қазақ телеарналарының барлығында түрлі ұлттың телехикаялары көрсетілуде. Көп отбасы сол фильмдердегі кейіпкерлер үшін уайымдап, солардың есімдерін қазақ тұлғаларының аттарына қарағанда жиі тамсанып айтып отыратын қауіпті құбылыс белең алып барады. Бүгінгі қазақ телевизиясы өзінің жаңа сатыға өту кезеңінің алдында тұр. Казақ тілінде түсірілетін өнімге сұраныстың аздығы әрі ондай жобаларды жүзеге асырудың материалдық-техникалық кемдігі өз отандық дүниелерімізді […]
Көркем әдебиет тілі слайд (презентация)
Бұл слайд жеке-жеке тараулардан құралған элементтерден тұрады. Көркем әдебиет тілінің зерттеу объектісінің осындай өзіндік ерекшеліктерімен күрделілігіне орай, В.В. Виноградов көркем әдебиет тілін зерттеуді әдебиеттану мен тіл ғылымының аралығындағы, бірақ екеуімен де тығыз байланысты, аралық, жеке-дара ғылым саласы ретінде қарау мәселесін қояды. Ғалымның бір идеясы көптеген еңбектерінде ғылыми-теориялық тұрғыдан негізделіп, кейінгі зерттеулерде жалғасын тапты. В.В. Винофадов көркем […]
Көркем шығарма тілін зерттеудің тарихы
Европа тіл ғылымындағы эстетикалық ағымның өкілдері Б.Кроче, К.Фосслер адамдардың шығармашылық қызметінің жемісі ретіндегі тілді зерттеуге баса көңіл бөлсе, көрнекті орыс филологі А.А.Потебня мен тағы басқалар олардан да асыл түсіп, көркем (поэтикалық) тіл туралы теорияны жасауға алғашқылардың бірі болып ат салысты. Тілдегі эстетикалык факторды бірінші орынға қойған олардын бұл саладағы ізденістері стилистики ғылымын тудырды. Сөйтіп, тілдің эстетикалық кызметін, […]
