Әрине, ауылдардың әлеуметтік жағдайы бірдей емес. Ауыл тұрғындарының ата қонысы болған, бұрыннан ел болып келе жатқан ауылдарда ұйымшылдық, ынтымақ-бірлік бар. Мұндай ауылдарда көпті көрген ақсақалдардың, үлкендердің ақыл-кеңесімен, елге жаны ашитын, туған жерінің гулденуін қалайтын азаматтардың ұйытқы болуымен елдің біртұтастығы жоғалмай келеді. Түрлі той-томалақтарда, мерекеқуаныштарда елдің ауызбіршілігі байқалады. Бұл — іргесі берік, бұрыннан ел болып қалыптасқан ауылдардағы жағдай. Ал, 60-шы, 80-ші жылдары жаңадан құрылған ұжымшар, кеңшарларда менің байқайтыным, ұйымшылдық аздау.

Адам саны азайып, мектептері босап жатқан ауылдардың қатарында осындай бертін келе пайда болған елді мекендер көптеп кездеседі. Десек те, «Ауылым — алтын бесігім» деп, туған еліне қолдан келгенше көмек бергісі келетін азаматтар да жоқ деп айта алмаймын. Шамасы келгенше, жәрдемдескісі келеді. Ауылдарға ескерткіштер орнатып, көшелерін жарықтандыруға мүмкіндігінше көмектесіп жургендерді де көріп жүрміз.

Жалпы, ауылдың болашағы жайында сөз қозғайтын болсақ, бүгінгі таңда ауылдарды асырап отырған мал екені анық. Екіншіден, ауылдың берекебірлігін ұстап тұрған көне көз қариялар екені сөзсіз. Ауылдар — тек рухани орда ғана емес. Оларды экономикалық тұрғыда игілігі мол елді-мекен ретінде қарастыруымыз қажет. Егер ауыл болашағының жарқын болуын қалайтын болсақ, олардың күретамырына қанжүгіртіп тұрған мал, егін шаруашылықтарына барынша қолдау көрсету керек.

Бұл ретте бір айтып өтерлік жайт, ауыл адамдары өркениеттен алыстағысы келмейді. «Мал басын көбейту керек», «Мал шаруашы-лығының өндірістік қуатын арттыру керек» деп айтып жатамыз, дегенмен де ол үшін арнайы сыртқа шығып, шалғайдағы шөбі қалың шұрайлы жерлерде мал ұстау керек. Мұндай қадамға көбісі бара қоймайды, ауыл маңында ғана мал бағудан әрі аспайды. Мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалынып жатыр, «Сыбаға» бағдарламасы арқылы тиімді несиелер берілуде. Сондай-ақ, көбісі қой бағудан тартынады. Мұның өзін былай қойып, қарапайым сиыр саууға да адамдардың ниеті азайып бара жатқанын көріп жүрміз. Қорасында мыңғырған малы бола тұра, дүкендегі әсем әрленген дайын сүт өнімдерін қолданып жатқан ауыл адамдары аз емес.

Әйтсе де, ауылдардың әлеуметтік жағдайы бұрынғыға қарағанда тэуір. Шаруа қожалықтарымен қатар ел-дің әлеуметтік әл-ауқатына ықпал ететін ауылдың негізгі жұмыс орны — мектептер және ондағы зейнеткерлердің жағдайы. Ауылдардың көбісіңде шаруа қожалықтары ұсақ, сондықтан мектептердің мәселесін назардан таса қалдыруға болмайды.

Қазір «Дипломмен ауылға» бағдарламасы мектептердегі кадр тапшылығы мәселесін шешуге игі ыкпалын тигізуде. Дегенмен де, мұның өзі жеткіліксіз сиякты. Бұл бағдарлама арқылы ауылға ат басын бұрған жас мамандардың дені сол жерде қалуға құлықсыз. Шамамен, 10 пайызы ғана ауылдық жерлерде тұрақтап қалып жатыр. Басым көпшілігі уақытша тәжірибе жинап, жағдайын жақсарту ушін ғана барады, ал үйге несие алу кезегіне келгенде, көбісі бас тартып жатады. Сондыктан, ауыл мектептеріндегі кадр мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Сол сияқты, дәрігер мамандардың жеткіліксіздігі анық сезіледі.

Ауылдың еңсесін көтеру үшін әлі де идеологиялық жұмыс жүргізу қажет. Бүтінгі таңда әлемде қаладан ауылға, қаладан тыс жерлерге көшу үрдісі етек алып барады. 2010 жылы Астанадан Ұлытауға барғанда, «Ауылға барайық», «Ауыл үшін қызмет етейік» деп шақырған ұрандар көтерілді. Әрине, білімді, іскер азаматтар бар ғұмырын ауылға арнамаса да, үш-төрт жыл уақытын қиып, қызмет етсе ауылдың жағдайы біраз көтеріліп қалары даусыз. Ауылдан шыққан қаншама атақты ғалымдар, ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері бар. Біз оларды да ауылға шақырған болатынбыз. Зиялы қауым өкілдері ауылдың жастарымен кездесулер өткізіп, тәжірибелерімен бөліссе ауыл жастарының рухы көтеріліп, өмірге деген көзқарастары өзгерер ме еді. Мұндай әрекеттің де көп пайдасы болатынына күмән жоқ.

Өскелең ұрпаққа, әсіресе, ауыл жастарына үлгі-өнеге боларлықтай тұлғалар ауадай қажет. Олар елеулі жетістікке жету үшін алдына мақсат қоя білу керек. Көптеген жастарда мақсат жоқ, соның салдарынан қай жерде болмасын, белгілі бір нәтижеге жете алмай жүреді. Сондықтан да танымал тұлғалар ауылға барып, жастарға жол көрсетіп, жөн сілтесе, қабілеттерін ашып, оларды дамытуға көмектессе мақсатшыл азаматтар қатары көбейе түсеріне кәміл сенемін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *