Мемлекеттік билік – арнайы мәжбүрлеу аппаратына сүйенетін қоғамды билеу тәсілі.

Мемлекеттік билік:

  • жария билік болып табылады, яғни қоғам өмірімен ресми түрде айналысады;
  • тәуелсіз билік, яғни мемлекеттің өзінде де, шетінде де мемлекеттік жұмыстардың саласында тәуелсіз және дербес;
  • тұрақты негізгі арнайы аппаратпен жүзеге асады (мемлекеттік аппарат);
  • өз мемлекетінің жерінде мәжбүрлеуге монополиялық құқығы бар;
  • бюджеттің құрылуына мемлекет қазынасына салық салу үшін монополиялық құқығы бар;
  • мемлекеттің жерінде тұратын барлық жеке тұлғаларға (заңдық, жеке) арналады;
  • нормативтік-құқықтық актілер шығарады.

«Мемлекеттік билік» және «мемлекет» деген ұғымдарды шатастырмау маңызды. Екеуі бір ұғым емес. Мемлекеттік билік дегеніміз – қоғамды басқару тәсілі, ал мемлекет дегеніміз – қоғамды ұйымдастыру тәсілі. Мемлекеттік билікті мемлекеттік органдар басқарады. Мемлекеттік орган дегеніміз – биліктің берген өкілдігі мен мемлекеттің қызметін іске асыратын ұйым. Оларға үкімет, министрлік, агенттіктер, әкімшіліктер, құқық қорғайтын органдар т.б. жатады. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден тұрады, ал олардың ерекше түрі лауазымды адамдар. Мемлкет қызметкерлерін асырау жауапкершілігі қоғамға жүктеледі. Билік өкілдігінің қызметі орындалуға тиісті нормативтік-құқықтық актілерді шығарудан білінеді. Осы актілердің орындалуы үшін мемлекет түрлі әдістерді қоданады: мәжбүрлеу, мадақтау, рұқсат ету және тыйым салу, т.б.

Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі. Қазақстан Рсепубликасының Президенті – мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік етеді. Президентті Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Қазақстан Республикасының Президенті болып, тумысынан республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұрған республика азаматы сайлана алады. Ғибадатта қызмет ететін тұлға президенттікке кандидат бола алмайды және ол кандидат белсенді сайлау құқығына ие болуы тиіс. Президенттікке келесі сайлау желтоқсанның бірінші жексенбісінде өтеді.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының алатын орны ерекше, оның мәртебесі мен қызметін тек Қазақстан Республикасының Конституциясы ғана емес, сонымен қатар бөлек конституциялық заң анықтайды.

Республика президентіне кең ауқымды өкілеттіктер берілген, бұл өкілеттіктер конституциямен «ҚР Президенті туралы» конституциялық заңда көрсетілген. Президентке заң шығару бастамасы құқығы ұсынылған. Ол дегеніміз парламентке талқылауға заң жобасын ұсынуға мүмкіндігі бар. Қазақстан Республикасының Президенті Конституцияда қарастырылған жағдайларға заң қабылдау мүмкіндігі бар.

Парламенттің қалыптасу және қызмет істеу тәртібі.

Парламент – заңшығарушылық қызметті жүзеге асыратын республиканың жоғары өкілетті органы. Халық парламент арқылы өзінің саяси қалауларын жеткізеді. Атқарушы биліктің қызметін парламент бақылап отырады, республикалық бюджеттің орындалуын бақылайтын есептік комитет пен үкіметтің есебін бекітеді, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізіп отырады. Парламент үкіметтің бағдарламасын қабылдамауы мүмкін немесе сенімсіздік вотумын білдіреді. Парламент екі палатадан тұрады: сенат және мәжіліс. Мәжіліс Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының өкілі болып саналады, мәжіліс депутаттары жалпыхалықтық сайлауда сайланады, жартылай президент тағайындайды. Сенаттың депутаттары әкімшілік-территориялық тұлғалардың мүддесін қорғайды. Сонымен қатар сенат – бүкіл республиканың органы. Сондықтан мәжіліс қабылдаған заң жобасы сенат қолданғаннан кейін ғана заң болып табылады.

Парламент депутаттарының арнайы қызметі бар. Депутаттардың негізгі сұранысы депутаттық сұрау болып табылады. Депутаттардың лауазымды адамдарға қоятын тапсырмалары: парламент сессиясында арнайы сұрақтар бойынша тиянақты түсінік беріп, позициясын анықтап беру. Лауазымды адам палата мен парламенттің толық мәжілісінде сұрақтарға жауап беруге тиіс. Депутат өз қызметінде тәуелсіз болады, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға кедергісіз баруға құқылы, сол ұйымдардың басшыларының және басқа да лауазымды адамдарының кідіріссіз қабылдауына құқылы. Қазақстан Республикасының Парламент Палатасы ерекше құзыреттілікке ие, барлық сұрақтарды өз бетінше шешеді. Конституцияда парламент палаталарының бас қосатын отырыстары қарастырылған. Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары отырысында кең тарапты сұрақтар талқыланады және шешіледі. Конституцияға сәйкес парламент заңнамалық актіні келесі үлгіде қабылдайды: парламент өз жұмысын сессиялық тәртіааен жүзеге асырады. Сессия бірлескен және бөлек палаталардан, палаталар бюроларынан, тұрақты комитеттерден және палаталардың бірлескен комиссияларынан тұрады. Сенат пен мәжілісітің бірлескен отырысында республикалық бюджет қаралады және бекітіледі, оның орындалуы туралы үкімет есеп береді. Парламенттің таратылуы,  палаталар арасында, парламент пен үкімет арасында, парламент пен Жоғары Соттың арасында еңсерілмейтін келіспеушілік туған жағдайда ғана болады. Парламентті тарату құқығы конституция бойынша тек республика президентіне берілген. Парламентті таратқан жағдайда президент жедел түрде парламенттік сайлау өткізу туралы жариялайды. Заң шығарушы органдардың абыройы мен жетістігі депутаттық топтар мен саяси фракциялардың шебер ұйымдастырылған жұмыстарына, күрделі құқықтық шешімдерді қабылдағандарына байланысты.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құрылу және қызмет атқару тәртібі. Демократиялық және құқықтық мемлекетте ерекше орынды конституциялық бақылау алады. Оларға Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жатады. Конституциялық Кеңес мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясының ел аумағының барлық жерінде ұлықтылығын қамтамасыз етуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің басты мақсаты конституцияны қорғау.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі өкілеттіктері алты жылға созылатын жеті мүшесінен құралған. Конституциялық кеңестің екі мүшесі республика президентімен, екеуі сенат төрағасымен, екеуі мәжіліс төрағасымен тағайындалады. Конституциялық Кеңестің өмір бақилық мүшелігіне Республика Экс-Президенттері құқылы болып табылады. Конституциялық Кеңестің қалған мүшелері әр үш жыл сайын жаңартылып тұрады.

Конституциялық кеңестің құзыреті. Конституциялық Кеңеске өтініш беру құқығына: Қазақстан Республикасының Президенті, Сенат Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігі, Премьер-Министр, Республика соттары ие:

  • дау туған жағдайда республика президентінің, парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді;
  • парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін президент қол қойғанға дейін қарайды;
  • парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың республика конституциясына сәйкестігін қарайды;
  • республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың конституцияға сәйкестігін қарайды;
  • конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді.

Республика президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату туралы парламентпен тиісті шешім қабылданғанша, республика президентін қызметінен босату туралы соңғы шешімге келгенге дейін белгіленген конституциялық рәсімдерді сақтау туралы ұйғарым жасайды.

Конституциялық Кеңес соттардың жеке тұлға еркіндігі мен құқығы бұзылғандығы туралы өтініштері бойынша қолданыстағы заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілер нормаларының конституциялығын тексереді. Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шешім шағымдануға жатпайды, республиканың барлық аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылады. Басқа да шешімдердің өз күшіне ену тәртібі Конституциялық Кеңеспен айқындалады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылысы мен қызмет атқару тәртібі. Қазақстан Республикасының Үкіметі – Қазақстан Республикасындағы жоғары атқарушы билік органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.

Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде республика президентінің алдында жауапты, ал конституцияда көзделген жағдайларда парламент мәжілісінің және парламенттің алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады. Үкімет мүшелері – республиканың премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар. Премьер-министрді парламенттің келісімімен президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентіне ұсыныс енгізеді. Үкімет мүшелері өкілетті орган (мысалы, парламент, мәжіліс) депутаты болуға немесе мұғалімдік, ғылыми және шағармашылық мамандықтардан басқа төленетін қызметте істеуге хақысы жоқ; кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады; коммерциялық ұйым басшыларының мүшелігіне және бақылау кеңесінің мүшелігіне кіруге де рұқсат жоқ. Үкімет мүшелері алқа болып үкіметтің шешімдерімен келіспесе де, дегенмен уақытылы өзінің қарсылығын жеткізбеген жағдайда қабылданған шешімге жауап береді. Егер өздеріне жүктелген функцияларды одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп санайтын болса, үкімет және оның кез келген мүшесі республика президентіне өзінің орнынан түсуі туралы мәлімдеуге хақылы. Республика конституциясында көзделген жағдайларда парламент мәжілісі немесе парламент үкіметке сенімсіздік білдіретін болса, үкімет өзінің орнынан түсуі туралы республика президентіне мәлімдейді. Республика президенті орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені он күн мерзімде қарайды. Орнынан түсуді қабылдау үкіметтің немесе оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-министрдің орнынан түсуін қабылдау бүкіл үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-министрдің орнынан түсуін қабылдау бүкіл үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-министрдің орнынан түсуін қабылдау бүкіл үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі ҚР Конституциясына сәйкес «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» ҚР-ның конституциялық Заңымен белгіленген.

Сот төрелігі және соттық билік. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қоғауды, республиканың конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, республиканың жергілікті және басқа да соттары республиканың соттары болып табылады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істер бойынша Жоғарғы Сот органдары болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді.

Жергілікті соттарға мыналар жатады:

  • облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары;
  • аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық, ауданаралық).

Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, қаржы экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың ісетрі жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін. Мамандандырылған сотты Қазақстан Республикасының Президенті облыстық немесе ауданды сот мәртебесімен құрады.

Сот билігін тұрақты соттар жасайды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасын және судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика президентінің ұсынуымен сенат сайлайды. Жергілікті және басқа да соттардың төрғалары мен судьяларын Жоғары Сот кеңесінің кепілдемесі бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды.

Сот шешім шығарарда саяси мақсаттан ада болуға, заң мен құқықтық санадан басқаға бағынбайтын тәуелсіз болуға тиіс. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді, және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар және біліктілік емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады. Сот лауазымына алғаш отырған адам міндетті түрде ант қабылдайды. Сот төрелігін атқарып отырған адам Қазақстан Республикасының Заңдарын және Конституцияны, сот этикасының ережелерін, сот отырысының құпиялығын сақтауға тиіс, сонымен қатар заңсыз кедергіге қарсы тұруы керек. Республика соттарының судьяларына заң бойынша қосымша талаптар белгіленуі мүмкін. Судьяның қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қосапағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды. Судьяны тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, Республика Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Сот және оның жанұясының мүшелері мемлекет қорғауында болады.

Соттың шешімі мен талаптары барлық тұлғаларға қатысты. Сот шешімін орындамаған адам заң алдында жауап береді. Сот төрелігінің басты қағидалары 77-бапта көрсетілген. Ерекше орында кінәсіздік презумпциясы. Ол қағиданың басты мазмұны адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Жергілікті үкімет және атқарушы органдар. Оларға мәслихаттар және әкімдер жатады. Өзіндік басқарманың жергілікті үкімет органы (маслихат) – өзіндік басқарманың сайланған жергілікті органы. Ол сол аймақ халқының қалауын, ықтиярын білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілейді әрі атқарылу барысын бақылайды.

Жергілікті атқарушы органдар (әкімшіліктер) – атқарушы органды басқаратын және өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз ететін бірыңғай жүйе. Мемлекеттік басқару жүйесіне жергілікті атқарушы үкімет органдары – облыс әкімдері, аудан, қала, ауыл және қыстақ әкімдері кіреді. Астана, облыс және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерінің лауазымына премьер-министрдің ұсынысымен республика президенті тағайындайды және жұмыстан босатады. Басқа әкімшілік-аумақтық бірліктерді лауазымдарына өздерінен жоғары тұрған әкімдер тағайындайды және жұмыстан босатады. Әкімдер президенттің және үкіметтің өкілдері болып саналады. Әкімдерді лауазымына президент өз білгенінше жұмыстан босатқызуға құқылы.

Солайша мемлекеттік билік дегеніміз- арнайы мәжбүрлеу аппараты арқылы меңгеру тәсілі. Құқықтық мемлекетте ең басты қағида – биліктің үш тармаққа бөліну қағидасы. Ол дегеніміз – тек мемлекеттік биліктің еңбегінің бөлінуі ғана емес, сонымен қатар авторитарлық және тоталитарлық билікке айналып кетуден сақтайтын мемлекеттік биліктің ұстамдылығы. Бұл қағиданың болжамы бойынша биліктің үш тармағы күшімен бірдей болып, теңдікті ұстай тұра, біреуінің қалғанынан асып кетпеуін қадағалау. Ол құқықбұзушылықты анықтауда, алдын алуда көрінеді, сонымен қатар құқықбұзушыларға арнайы заңға сәйкес түрлі санкция, жазалау шараларын қолдану білінеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *