Палеонтология мәліметтері бойынша жердегі тіршіліктің пайда болуы. Жер қыртысының пайда болуынан кейінгі Жер тарихын келесі ұзақ аралықтар эраларға жіктейді: архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой. Әр эра кезеңдерге, кезеңдер дәуірлерге, ал олар ғасырларға бөлінеді. Бұл тауарларды бөлу Жер келбетінің терең түзілістерімен байланысты, тау түзілу процестері, климаттық өзгерулер, материктер дрейфі және т.б. біздің планетамыздың эволюциясын анықтайтын процестермен […]
Category: Биология
Эволюцияның қазіргі заманғы теориясы
Эволюцияның қазіргі заманғы теориясы жаратылыстанудың көптеген салаларының мәліметтеріне сүйенеді, сол себептен оны кейде эволюцияның синтетикалық теориясы деп те атайды. Ол эволюциялық процестің екі деңгейін ажыратып көрсетеді: микро- және макроэволюция. Микроэволюция Микроэволюция деп түр популяциясы ішінде өтетін процестер жиынтығы және нәтижесінде жаңа түрдің пайда болуын айтады. Басқаша айтқанда, микроэволюция – жаңа түрлердің қалыптасуы жүретін эволюциялық қайта […]
Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі
Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі қалыптасқанға дейінгі органикалық дүниенің қалыптасуы туралы көзқарастар. Тірі табиғаттың қалыптасуы туралы көзқарастар Ежелгі Үндістан, Қытай, Месопотамия елдерінің ғалымдары еңбектерінде б.э.д. II мыңжылдықтан байқалады. Ары қарай эволюциялық ойлардың қарқынды дамуына антикалық философтардың б.э.д. VII-I ғасырлардағы еңбектері үлкен әсер етті (Аристотель, Эмпедокл, Демокрит, Гераклит). Аристотель б.э.д. VII ғасырда тірі формалардың біртіндеп даму теориясын […]
Селекция негіздері
Селекция (латынша, selection – таңдау, іріктеу) – өсімдіктер сорттарын, жануарлардың қолтұқымдарын және микроорганизмдердің адамға қажетті белгілерімент құру әдістері туралы ғылым. Мәдени өсімдіктердің сорттары немесе жануарлардың қолтұқымдары дегеніміз – адамға қажетті құнды шаруашылық және морфофункционалдық тұқым қуалайтын белгілерінің жиынтығы. Селекцияның теориялық негізі болып генетика саналады. Селекция, сондай-ақ молекулалық биологияның, физиологияның, цитология және өзге биологиялық ғылымдардың жетістіктеріне […]
Цитоплазмалық тұқым қуалау
Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы тұқым қуалау құбылысында басты рольді ядро және оның құрамында болатын хромосома атқаратындығын анықтап берді. Бірақ сонымен қатар генетиканың ғылым болып қалыптасуының алғашқы кезеңінің өзінде-ақ кейбір белгі қасиеттерінің тұқым қуалауы клеткадағы хромосомалық емес компоненттерге байланысты екендігін және оның Мендель заңдылықтарына бағынбайтындығын көрсететін деректер белгілі бола бастады. Сөйтіп, ядродан немесе хромосомадан тыс болатын гендер […]
Ботулизм қоздырғышы
Clostridium botulinum (латынша botulus — шұжық, колбаса) қоздырғышын 1896 жылы Ван — Эрменген ашқан. Оны көптеген адамның улануының себебі болған, шұжықтан бөліп алған. Морфологиясы Ботулизм қоздырғышы — шеттері жұмырланған таяқша, өлшемі 4 — 9 х 0,6 -1 мкм. Таяқшалар полиморфты: қысқа пішінді және ұзын жіпше тәрізді. Ботулизм қоздырғышы спора түзеді. Спорасы таяқшадан енділеу, сондықтан спорасымен […]
Адам ағзасының микрофлорасы
Адамның қалыпты микрофлорасы микро — және макроағзалардың даму кезінде қалыптасқан. Жеке ағзалар мен ағза қуыстарында тіршілік ететін микробты түрлердің жиынтығы биоценоз деп аталады. Биоценоздың бұзылуы, әсіресе ауру туындататын микроағзалардың ағзада пайда болуы аурудың дамуын туындатады. Адамның ұрығы жүктілік кезінде залалсызданған күйде болады. Босану барысында нәресте ағзасына ананың босану жолдары арқылы, ананың терісінен, қызметкерлер қолдарынан, қоршаған […]
Бактериялар туралы мәлімет
Бұл мәлімет бактериялар туралы жалпы ақпаратты қамтиды. Бактериялар — прокариотты біржасушалы ағзалар. Бактериялық жасушаның орташа өлшемі — 2-6 мкм. Белгілі бір түрге қатысты микроағзаларға тән болатын бактериялар жасушаларының көлемі мен пішіні түрлі факторлар әсерінен өзгеріске ұшырауы мүмкін (бактериялдық дақылдың жасына, тіршілік ортасына және сол сияқтыларға байланысты). Бұл құбылысты полиморфизм деп атайды. Пішіні жағынан бактериялардың жасушалары үш […]