Экономикалық тұрғыда жаһандану ықпалдасудың жалғасуынан және ұлттық экономика мен ғаламдық ауқымдағы нарықтардың өзара байланысын сақтаудан көрінеді. Экономикалық өзара байланыстың мұндай өсуіне сауда, қаржы ағымдары, шетел инвестициялары және жұмыс күші мен технологиялар ағындарының кеңеюі себеп болады. Ғаламдық қоршаған ортаның қазіргі қиындықтарының көпшілігі теңіз ресурстарының жұтаңдауын, климаттың өзгеруін, ормансыздану мен қауіпті қалдықтарды қоса алғанда не тереңдеді, не жаһандық экономикалық тірлік ауқымының кеңеюі нәтижесінде тереңдеуге тиіс. Мысалы, қауіпті қалдықтарды және өнімді сату экологиялық маңызы бар салаларды ғалам бойынша бытыратып, орналастыру кезінде экологиялық қиындықтар тудырады. Қазіргі кезде, мысалы, құрылымдық түзетулер бағдарламасы түріндегі макроэкономикалық саясаттың бұл бағдарламалардан болатын тікелей игіліктерден артып кетуі әлеуметтік және экологиялық шығындарға байланысты бола алатыны кеңінен мойындалады. Мәселен, экономиканы тұрақтандыру мақсатындағы отындық демеуқаржыларды алып тастау кедейшіліктің тереңдеуіне және кейбір елдерде орман экожүйелеріне қысымның артуына алып келеді. Осыған орай экологиялық және солардан туатын әлеуметтік шығындар мен макроэкономикалық саясаттың игіліктерін ескерген жөн.

Дегенмен жаһандану үдерістері табиғат пен экожүйелердің қорғалуына септігін тигізе алады. Жаһандық сауда мен инвестициялар кейбір дамушы елдерге экологиялық таза технологиялардың ірі өндірушілері болуға көмектеседі. Бұдан басқа, қоршаған ортаны қорғауға септігін тигізу мақсатында жаһандану үдерістерін пайдалану мысалдары кездеседі. Мысалы, жеке қаржы институттары шешімдерді қабылдауға және несиелер мен инвестицияларды ұсыну тәжірибесіне экологиялық факторларды ықпалдастыруға бағытталған ішкі саясатты көбірек әзірлейтін болды. Жаһандануды экологиялық тұрақты өндірістік үдерістерге ықпал ету қүралдары ретінде қолдануға болады.

Жаһандану үдерістерінен барынша мол игіліктер алу мақсатымен тиімді экономикалық, әлеуметтік және экологиялық саясат әзірлеу үшін қолайлы шарттар құру қажет. Экологиялық саясатты макроэкономикалық шектерге, инвестициялар мен дамуға тиімді ықпалдастыру Мыңжылдық мағлұмдамасында ұйғарылған даму мақсаттарына жету үшін шешуші маңыз алып отыр.

Планетадағы табиғатты пайдалану жағдайы келесі сұрақтарды шешу қажеттілігін жорамалдайды:

Қоршаған ортаның жай-күйі шекті рұқсат етілген ластанудың артып кетуіне алып келсе, аймақта бір немесе басқа өндірісті дамытуға мүмкіндік бере ме?

— Кейбір ресурстардың шектеулілігіне байланысты экономикалық өсудің қарқыны өзгеруге тиіс пе?

— Болашақ ұрпақтар мүддесінде кейбір табиғи ресурстардың тұтынылуын шектеу қажет пе?

— Қоршаған ортаның ластануы мен оның алдын алуға жұмсалған шығындар экономиканың болашақ дамуына қаншалықты әсер етеді және оны дамытудың ұлттық және халықаралық мақсаттарын қайта қарастыруды ынталандыруы керек пе?

— Бір уақытта экономикалық және экологиялық мәселелерді шешудің негізгі стратегиялық жолдары қандай?

— Табиғи ресурстарды барлау мүмкіндіктері қандай және бұл үдеріске ҒТӨ-нің әсері қандай?

— Отынның, энергияның және басқа табиғи ресурстардың дәстүрлі түрлерін дәстүрлі емес түрлерімен алмастыру мүмкіндіктері қандай?

— Планетада (елде, аймақта) бар табиғи ресурстар, олардың геологиялық орны мен жағдайы экономикалық дамудың мақсаттары мен қажетті қарқынына сәйкес келе ме?

Экономика адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге тиіс, бірақ Жердің нақты ауқымы шектеулі болғандықтан, халық саны мен өнеркәсіптік өндіріс көлемі шексіз өсе алмайды. Бұл өсу тек планетаның экологиялық және ресурстық-энергетикалық мүмкіндіктері шегінде ғана мүмкін бола алады. Әлемдік экономика дамудың осындай үлгісіне бейімделуі қажет, өйткені өсудің шектері бар, ал дамудың шегі жоқ. Бейберекет шексіз өсудің орнына өркениеттің теңдестірілген тұрақты дамуы қажет. Экономикалық және экологиялық мәселелерді шешу өзара байланыста іске асуы қажет. Қоршаған орта жағдайы ел экономикасы дамуының әлеуетті мүмкіндіктеріне тікелей әсер етеді және өз алдына өндірістік күштер мен ғылыми-техникалық өрлеудің (ҒТӨ) даму деңгейіне байланысты.

Экология мен экономика факторларының өзара байланысы
Экология мен экономика факторларының өзара байланысы

Экономикалық мәселелерді шешу кезінде олардың экологиялық мәселелермен өзара байланысын ескерген жөн:

  • табиғат ресурстарының жату тереңдігінің ұлғаюына байланысты, оларды өндіру қиындықтары, сонымен қатар зерттелген және экономикалық айналысқа енгізілген табиғи ресурстар санының төмендеуі осыдан шығатын барлық зардаптарымен бірге шикізатқа әлемдік бағалардың көтерілуіне алып келеді.
  • Қоршаған ортаның өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен ластануы.
  • Табиғат ресурстарының жұтаңдауы, олардың геологиялық жағдайының нашарлауы.
  • Әлемдік нарықта шикізаттың қымбаттауы, өндіріс тиімділігінің төмендеуі, пайдалы қазбаларды өндіруге шығындардың өсуі.
  • ҚО құрамдас бөлшектерінің өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен ластануы.
  • Қалдықтарды сақтауға, жоюға және кәдеге жаратуға, ҚО ластануларын жоюға шығындардың өсуі.
  • Ауыл шаруашылығына негізделген жерлердің қысқаруы, топырақ құнарлылығының төмендеуі. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелерінің күрделенуі.
  • Өндіріс пен тұтыну жерлерінің қайтадан өңделіп жаратылуына шығындардың өсуі ауыл шаруашылығына арналған жерлердің азаюына алып келеді, сонымен қатар қалдықтарды сақтауға, көмуге, жоюға қомақты шығындарды қажет етеді.

Экономикалық және экологиялық мәселелердің өзара байланысы адамдар денсаулығына қоршаған ортаның зиянды әсерін жоюға шығындардың артуында да көрініс табады. Қоршаған ортаның барлық құрамдас бөлшектерінің ластану мәселелері экономикалық мәселелердің асқынуына алып келеді, өйткені көбінесе ауыл шаруашылығына арналған, пайдалы аумақтардың үлкен бөлігін қоқыс үйінділері басып қалған; қалдықтарды көмуге, жоюға және сақтауға қомақты қаржы құралдары жұмсалады (бұл мақсаттарға жұмсалатын шығындар кейде дайын өнімді өндіруге жұмсалатын шығындардан асып кетеді, олардың өсуі өндірісті ұлғайтудың тежеуші факторы болып табылады).

Тұрақты дамудың экономикалық мәселелерінің индикаторы.

  1. Адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнім, АҚШ долл.
  2. Жалпы ішкі өнімдегі инвестициялардың таза үлесі, %.
  3. Тауар экспортының жалпы көлеміндегі өндірістік өнімдердің үлесі, %.
  4. Адам басына шаққанда энергия тұтынудың жылдық деңгейі, (ГДЖ).
  5. Қосылған қүны бар өндірістегі жанданбайтын табиғи ресурстарды қарқынды пайдаланатын өнеркәсіптің үлесі, %.
  6. Минералдық ресурстардың расталған қорлары, т.
  7. Қазба отын энергиясының расталған резервтері, мұнай баламасы.
  8. Жалпы ұлттық өнімнен (ЖҰӨ) процент ретінде ұсынылған немесе алынған дамуға жалпы ресми көмек (ДЖК), %.
  9. Жалпы ұлттық өнімге қарыздың қатынасы, %.
  10. Экспорт мөлшеріне сыртқы қарызды өтеуге кететін шығынның қатынасы, %.
  11. Өндіріс құралдарының импорты, АҚШ мың долл.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *