Сұрақ-Жауап Рубрика: Тарих Отырар апаты қай жылдары болды?
0 +1 -1
Mastergreen Админ. спросил 2 года назад

Отырар апаты қай жылдары және не себепті болды?

2 ответ
0 +1 -1
Mastergreen Админ. ответил 2 года назад

Отырар Ұлы Жібек жолы бойына орналасқан әлемге танымал сәулетті қала болған. Отырар кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхананың бірі саналған деген болжам бар. Ондағы ғылым мен білім, өнер мен сәулет орталығы туралы аңыз-әңгімелер бүгінгі күнге жеткен. Осы қаланың өзі бір мемлекеттей болатын. Отырарға Шыңғыс ханның әскері жойқын шабуыл жасаған шақта қаланы Қайыр хан билеп тұрған. 1218 жылы жазда Отырар қаласына Шыңғыс хан жіберген 500 түйе, 450 адамнан тұратын алтын, күміс, жібек, т.б. асыл бұйымдар тиелген керуен келеді. Қайыр хан күдікті керуенді тонап, адамдарын толық қырғынға ұшыратады. Керуен құрамынан тек бір адам ғана қашып шығып, Отырардағы қырғын туралы Шыңғыс ханға жеткізеді. Шыңғыс хан Мұхаммед хорезмшаһқа кінәлі адамды ұстап берсе ғана бейбітшілік сақталатынын айтып елшілік жібереді. Мұхаммед хан бұл жолы да елшілерді өлтіреді. Осыдан кейін екі жақ та соғысқа әзірленеді. Шыңғыс хан бұл жорыққа тыңғылықты даярланады. 1219 жылы жазда Ертіс жағалауынан Сырдарияға қарай бет алған жорыққа алғашқыда 150 мыңға жуық әскер қатысқан. Отырарға жақындағанда Шыңғыс хан әскері бірнеше бағытқа бөлінеді. Шағатай мен Үгедей бірнеше түменмен Отырарды алуға қалдырылады. 1219 жылы қыркүйекте алты айға созылған сұрапыл соғыс басталады. Соғыс күндіз-түні үздіксіз жүреді. Шыңғыс хан бастаған түркі-моңғол әскері шабуылды тоқтатпады. Қала халқы ерлікпен шайқасты. Қаланы алу оңай еместігін сезген Шыңғыс хан әскерлері Қытайдан қорған бұзатын зеңбірек тектес әскери қару алдырып, сонымен атқылайды.

0 +1 -1
Mastergreen Админ. ответил 2 года назад

Сонымен Отырар апаты 1219 жылы болып отыр ма, түсінгенім бойынша?