Симфониялық оркестр қалай және қашан пайда болды? Симфониялық оркестрде қандай аспаптарда ойнайды?
Оркестрдің жоғарғы формасы, солардың ішіндегі дүние жүзіне ең кең тараған түрі — Симфониялық оркестр. Оның құрамында 50-ден 100-120 адамға дейін болады.
Симфониялық оркестрлер — ішекті, аспалы үрмелі және соқпалы аспаптарда ойнайтын, сонымен қатар музыкалық шығармаларды қосылып орындау үшін біріккен үлкен музыканттар ұжымы.
Симфония оркестрі — түрлі тектес музыкалық аспаптардың, яғни смычокпен ойналатын ішекті музыкалық аспап, үрлеп ойнайтын және соғып ойнайтын аспаптардың тобынан құрылған оркестр. Симфониялық оркестрдің құрылуының мұндай жүйесі XVIII — ғ пайда болды. Дәлдеп айтқанда, симфония оркестрінде 20-дан астам түрлі музыкалық аспап болды. Ең ірі симфония оркестрінде музыканттар саны 100-ден асады. Бұл музыкалық аспаптардың әрқайсысының дыбыс бояуы әр түрлі. Сондықтан суретші сурет салғанда түрлі бояуды пайдаланғаны сияқты, композиторда симфония шығармаларында бұл аспаптың дауыстарын, оның дыбыс бояуын кеңінен, тиімді пайдаланады.
Қазіргі заманның үлкен симфония оркестрі 4 негізгі топтан құралады. Оркестрдің фундаменті ыспалы топ болып есептеледі. (скрипкалар, альттер, виолончельдер, контрабастар), Көпшілік жағдайда оркестрде негізінен мелодия жүргізетіндер ішектілер, ішекті аслапта ойнайтын музыканттар саны шамамен ұжымның 2/3 бөлігін құрайды.
Ағашты үрлемелі топқа жататындар: флейталар, гобойлар, кларнеттер, фаготтар. Олардың әрқайсысының ойнайтын жеке партиясы болады. Ыспалылардың қою тембріне, динамикалық қасиеттеріне және әртүрлі ойнау тәсілдеріне жол бергенмен, үрлемелілерді дауыстары өте зор күшті, шағын дыбысқа жарқын, әдемі әр алуан түріне ие. Үшінші топқа жезді үрлемелі аспаптар жатады (вальторна, труба, трамбон, туба), Олар оркестрге жаңа ашық бояуларды қосады, динамикалық мүмкіншіліктерін толықтырады, оркестр үніне жарқын және үлкен қуат береді. Сонымен қатар бас пен ырғақтың қызметін атқарады.