Жүрек туралы мәлімет

Жүрек (cor; сурет 175) — қуысты конустәрізді бұлшықетті мүше, салмағы 250-350 г, көкірекаралығында төстің артқы жағында ассиметриялы орналасқан. Жүрек ұшы (apex cordis) төмен, алға және сол жаққа қараған V қабырғааралыққа жетеді, жүректің негізі (basis cordis) жоғары, артқа және оң жаққа қарай орналасқан, сондықтан оның 2/ 3 бөлігі сол жақ кеуде қуысында орналасады. Жүректің алдыңғы және […]

Read More

Несеп жүйесі туралы мәлімет

Бүйрек (ren; сурет 155) жұп мүше, қою қызыл түсті, тығыз, салмағы 120-200г, екі жағынан омыртқамен, артқы қуысында 12 бел омыртқасының тұсында, іштің қуысыңда орналасқан. Оң жақтағы бүйрек сол жақтағыдан төменірек орналасады: оның жоғарғы ұшы XI кеуде омыртқасының төменгі жағымен шектеседі, ал сол бүйректің жоғарғы ұшы осы омыртқаның орта бөлігінде орналасқан. Он бүйректің алдыңғы жағынан он […]

Read More

Өкпе туралы мәлімет

Тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі болып өкпе (pulmones; cyрет 150) саналады. Бұлар кеуде қуысының көлемін дерлік толығымен алатын, жұп мүше. Өкпенің әрбірі өзінің өкпеқабында орналасып, жүрек, үлкен тамырлар (қолқа, жоғарғы қуыс тамыр), өңеш және басқа мүшелер орналасқан, көкірек қуысымен бөлінеді. Өкпе пішінімен қиық конусқа ұқсас, оның төбесі (apex pulmonaris) бұғана үстілік шұңқырына, ал ішке қараған […]

Read More

Ауыз қуысы туралы мәлімет

Ауыз қуысы, көмей және өңештің бастапқы бөлімі бас пен мойын аймағында орналасқан: кеуде қуысында өңештің көп бөлігі, құрсақ қуысында — өңештің соңғы бөлімі, асқазан, жіңішке ішек, соқыр ішек, тоқ ішек, бауыр мен ұйқы безі, кіші жамбас аймағында-тік ішек орналасады. Ауыз қуысы (cavitas oris; stoma; сурет 109) жоғарыдан жұмсақ және қатты таңдаймен, төменнен — тіл мен […]

Read More

Тұтас жамбас

Жамбас сүйектері, сегізкөз, құйымшақ және олардың байламдары жамбасты (pelvis) түзеді. Жамбастың жоғарғы бөлімі — үлкен жамбас (pelvis major) кең, құрсақ қуысының бөлігі болып табылады, бүйірінен мықындық сүйектердің қанаттарымен, артынан бесінші бел омыртқасымен және бел-мықындық байламмен шектелген, алдыңғы қабырғасын бұлшықеттер түзеді. Төменінде үлкен жамбас кіші жамбасқа (pelvis minor) ауысады. Оларды бөлуші кіші жамбастың жоғарғы апертурасы деп […]

Read More

Аяқ сүйектерінің белдеуі

Жамбас сүйегі (os coxae, сурет 29, 30) — қаңқаның барлық қызметтерін атқаратын сүйектердің бірі. Оның тіректік қызметі айқын көрінеді. Ол арқылы дененің жоғарғы бөлігінің ауырлығы аяқтарға беріледі. Жамбас куысыңца орналасқан ағзаларға қатысты жамбас сүйегінің қозғалғыштық қызметі де айқын. Бұл сүйек адамның және жануардың қозғалыстың қызметінің маңызды түйіні болып табылады. Оның кеуекті затындағы қызыл сүйек миының […]

Read More

Омыртқалар туралы мәлімет

Омыртқада (сурет 11) омыртқа тесігіне тірелетін денесі мен доғасы болады. Омыртқа денесі шеткі жағынан тығыз заттың жұқа қабатымен, ал ішкі көлемі кеуекті затпен жабылған. Омыртқа доғасының негізінде жоғарғы және төменгі тіліктері болады. Екі көрші омыртқалардың бірігуінен тіліктер омыртқааралық тесік құрайды. Мойын омыртқалары (vertebrae cervicales; сурет 11, В-Д). Мойын омыртқаларының басқа омыртқалардан айырмашылығы көлденең өсінділерінде тесіктер […]

Read More

Омыртқа бағанасы

Омыртқа бағанасы (columna vertebralis) өзінің дамуы бойынша жұлынды айнала орналасып, оған сүйектік орын түзеді (10 сурет). Омыртқа бағанасы дененің тірегі болып табылатын біліктік қаңқа рөлін атқарады, өзінің өзегіндегі жұлынды қорғап, дене мен бассүйектің қимыл қозғалысьша қатысады. Омыртқа бағанасы 32-34 омыртқалардан тұрады. Олар 7 мойын (vertebrae cervicales), 12 кеуде (vertebrae thoracicae), 5 бел (vertebrae lumbales), бір […]

Read More