Ауыз қуысы, көмей және өңештің бастапқы бөлімі бас пен мойын аймағында орналасқан: кеуде қуысында өңештің көп бөлігі, құрсақ қуысында — өңештің соңғы бөлімі, асқазан, жіңішке ішек, соқыр ішек, тоқ ішек, бауыр мен ұйқы безі, кіші жамбас аймағында-тік ішек орналасады.

Ауыз қуысы (cavitas oris; stoma; сурет 109) жоғарыдан жұмсақ және қатты таңдаймен, төменнен — тіл мен ауыз қуысы түбінің бұлшықеттерімен, алдынан және бүйірлерден — еріндер мен ұрттармен шектелген. Алдынан ол (labia) шектелген ауыз саңылауымен (rima oris) ашылады; артынан араң (fauces) арқылы қатынасады.

Жақсүйектерінің ұяшықты өсіңділері және тістермен ауыз қуысы екі бөлімге бөлінеді: ауызға кіреберісі (vestibulum oris) — ұрттар, тістермен қызылиек арасындағы доғатәрізді саңылау және ауыз қуысының өзі (cavitas oris propria), ол алдынан және бүйірінен тістермен, жоғарыдан — қатты және жұмсақ таңдайлармен, төменнен-тіл мен ауыз қуысы түбімен шектелген. Ауыз қуысының шырышты қабығы көп қабатты жалпақ мүйізденбейтін эпителиймен қапталған және көп мөлшерде бездерге ие. Оның тіс мойыны айналасында берік бекінген бөлігін қызыл иек (gingiva) деп атайды.

Ауыз қуысы
Ауыз қуысы

Қатты таңдай (palatum durum; сурет 109) жоғарғы жақсүйектердің таңдайлық өсінділерінен және шырышты қабықпен жабылған таңдай сүйектерінің көлденең табақшаларымен түзілген. Артына қарай ол ауыз қуысын мұрын-жұтқыншақтан бөліп тұратын жұмсақ таңдайға (palatum molle) өтеді. Жұмсақ таңдайдың артқы бөлімінде конус пішінді шығыңқы — таңдайлық тілшік (uvula) бар. Бүйірлерінде жұмсақ таңдай доғаларға өтеді: тіл түбіріне баратын алдыңғы таңдай-тілдік (arcus palatoglossus) және артқы жұтқыншақтың бүйір кабырғасының шырышқа бағытталған таңдай-жұтқыншақтық (arcus palatopharyngeus). Доғалар арасында екі жақтан да, таңдай бадамшалары орналасатын ойықтар (tonsillae palatinae) түзіледі.

Жұмсақ таңдай мен доғаларының құрамына жұту актісінде маңызды рөл атқаратын жұп өзіндік бұлшықеттер (көлденең жолақты) кіреді:

1) таңдай пердесін көтеретін бұлшықет (m. levator veli palatini). Басталуы: самай сүйегі пирамидасының төменгі беті, есту түтігінің шеміршекті бөлігі; бекітілуі: жұмсақ таңдай апоневрозы. Қызметі: жұмсақ тандайды көтереді.

2)  таңдай пердесін керетін бұлшықет (m. tensor veli palatini). Басталуы: есту түтігінің шеміршекті бөлігі мен сынатәрізді сүйектің қыры; бекітілуі: жұмсақ тандай апоневрозы. Қызметі: таңдай пердесін кереді, жұтқыншақ түтігінің өтісін кеңейтеді.

3) таңдай-тіл бұлшықеті (m. palatoglossus). Басталуы: тіл түбірінің латералді бөлігі; бекітілуі: жұмсақ таңдай апоневрозы. Қызметі: таңдай пердесін түсіреді, араң тесігін тарылтады.

4)  таңдай — жұтқыншақ бұлшықеті (m.palatopharyngeus). Басталуы: жұтқыншақтың артқы қабырғасы, қалқанша шеміршектің табақшасы; бекітілуі: жұмсақ таңдай апоневрозы. Қызметі: таңдай пердесін түсіреді.

5) тілшік бұлшықеті (m.uvulae). Басталуы: артқы мұрыңдық қыр, таңдай апоневрозы; бекітілуі: таңдай тілшігі. Қызметі: тілшікті көтереді және бекітеді.

Тіл (lingua) өз қозғалыстарымен асты шайнауға, жұтуға, соруға, сондай-ақ сөз түзуге қабілетті қозғалғыш бұлшықетті ағза. Тіл ұшын (apex linguae), денесін (corpus), түбірін (radix) және жоғарғы бетін немесе арқасын (dorsum linguae) бөледі. Төменгі беті тілдің тек қана алдыңғы бөлігінде бар (тілдің үшы мен денесінің бастапқы аймағыңда). Әр жағынан тілдің жиегі болады (maigo linguae).

Тілдің шырышты қабығы боз-қызғылт түсті, онда көптеген шығыңқылар — тіл бүртіктері (papillae lingualis) болғандықтан барқытты. Ол тіл бұлшықетгерімен тығыз бітіскен, құрамыңда бездер, лимфоидты түзілімдер (тіл бадамшасы түріңде, tonsilla lingualis), сондай-ақ нерв талшықтары — жалпы сезімталдық рецепторлары (тіл денесінің жіптәрізді бүртікгеріңде) мен дәм сезу рецепторларьшан (ұшыңда орналасқан саңырауқұлақты, түбіріңде орналасқан науашықтәрізді бүртіктерде жәңе бүйір беттеріндегі — жапырақтәрізді бүртіктерде) тұрады.

Тілдің негізгі затын ұзына бойы фиброзды қылқанмен екіге бөлінген бұлшықеттер құрайды. Тіл бұлшықеттері меншікті және қаңқалық болып бөлінеді. Меншікті бұлшықеттері үш өзара перпендикулярлы бағытта орналаса, тілдің қалыңында басталып, сонда аяқталады. Бұл жоғарғы және төменгі ұзына бойы бұлшықеттері (mm.longitudinales superior et inferior). Олар тілдің түбі аймағында басталып, ұшында аяқталады. Жиырылған кезде олар тілді қысқартады, үшын жоғары көтереді немесе төменге түсіреді. Тілдің көлденең бұлшықеті (m.transversus linguae) тілдің қылқаньшан екі жиегіне көлденең бағытталатын екі шоғырдан тұрады. Жиырылуы кезінде олар тілдің арқасын көтере, тілдің көлденең өлшемдерін қысқартады. Тілдің вертпикалді бұлшықеті (m.verticalis linguae) тілдің бүйір бөлімдерінде, тіл арқашығының шырышты қабығы мен тілдің төменгі беті арасында орналасады. Жиырылған кезде тіл жалпақтанады.

Тілдің түбірі қаңқа бұлшықеттерімен қосылған: тіласты сүйегімен — тіласты-тіл бұлшықетімен (m.hyoglossus), жиырылуы кезінде тілді артқа және төмен тартады; самай сүйегінің бізтәрізді өсіндісімен — бізтіл бұлшықеті арқылы (m. styloglossus), тілді артқа және жоғары ығыстырады, ал бір жақты жиырылуы кезінде-бір жаққа ығыстырады; төменгі жақсүйегінің иекасты қырымен — иекасты-тіл бұлшықеті арқылы (m.genioglossus), тілдің алға және төмен қарай қозғалысын қамтамасыз етеді.

Тілдің төменгі бетінен қызылиекке дейін сагиталді жазықтан қатпар — тіл жүгеншігі (frenulum linguae) бағытталады, оның екі жағынан ауыз қуысының түбі аймағында жүпты төмпек — тіласты емізікше (caruncula sublingualis) орналасады, оның үстінде төменгі жақсүйекасты және тіласты сілекей бездерінің шығарушы өтістері ашылады. Оның артына қарай, осы жерде орналасқан біраттас сілекей безімен түзілген ұзына бойы тіласты қатпар бар.

Тістер (dentes тіс сауытының сыртқы пішінінің ерекшеліктері мен қызметеріне байланысты тістерді курек тістер (dentes incisivi), um micmep (dentes canini), кіші азу тістер (dentes premolares) және үлкен азу micmep (dentes molares) деп бөледі. Тістердің қызметтері асты ұстау, айырып ұзу, кесу және ұнтақтауға бөлінеді. Сонымен қатар, олар сөз түзуге қатысады.

Әрбір тісте сыртқы бөлігі немесе тістің сауытын (corona dentes), ол қызыл иектен бос шығып тұрады, тістің ұяшығында орналасқан ішкі бөлігін тіс тубірін (radix dentes) бөледі. Кейбір тістердің тек бір ғана түбірі, басқаларында екі не одан көп түбірі болады.

Tic сауыты — тістің аса массивті бөлімі. Әрбір тістің сауытында бес беті, оның үшеуі бос, ал екеуі көршілес тістерге қараған беттерді бөледі. Тілге қараған беті тілдік (fades lingualis), ауыз кіреберісіне қараған беті — вестибулярлы (facies vestibularis) деп аталады, ал күрек тістерінде бүл беті еріндерге қарайды да, еріндік беті деп, ішінен ұрттарға беттесетін артқы тістердің беті — ұрттық беті деп аталады. Алдыңғы тістердің (фронтальды) үшінші бос беті кесуші жиек деп, артқы тістерде — шайнау беті деп аталады.

Tic сауыты көрші екі тістерге қараған екі беті: контактты (facies contactus), медиалді (алдыщы) және дисталді (артқы) беті деп аталады. Тістің негізгі затын дентин (dentinum) құрайды. Сауыт аймағында дентин эмалъмен (enamelum) қапталған, ал мойынымен түбірі аймағында — цементпен (cementuni) қапталған. Тістің ішінде тіс сауытының қуысын түзіп, тіс ұшында тесікпен ашылушы, тіс түбірінің жіңішке өзегіне жалғасатын кішкене тіс қуысы (cavitas dentes) бар. Бұл тесік арқылы тіс ұлпасы (pulpa dentes) тіс қуысына тамырлар мен нерв енеді.

Tic түбірі жақсүйектің тіс ұяшықтарына периодонтальды жарғақша немесе периодонт (periodontium) қалыптастыратын арнайы талшықтар — байламдар көмегімен бекітіледі. Адам өмірінің барысында тістер екі рет өсіп шығады: алдымен белгілі бір ретпен 20 сүт тістері (dentes decidui өсіп шығады, кейін 32 түрақты тістер (dentes permanents, сурет 114) шығады. Сүт және тұрақты тістер анықталған жастық кезеңдерде шығады (тіс жарады); біріншілері — 1-ші жылдан 3-ші жылдьң басына дейін, екіншілері — 6-7 жастан 13-15 жасқа дейін, ал соңғылары (үшіншілері) молярлар — 17 жастан 26 жасқа дейінгі кезеңде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *