Фариза Оңғарсынова. Ұстазыма. 1973 жыл Жазу білген балаға қарайтынмын қызығып. «Хат жазшы, — деп, — ағама». баратынмын жүгіріп. Кітаптарды қолға алып, үңілетін едім мен. Оқи алмай қорланып, түңілетін едім мен. Хат та жазам ал, міне, жалынбаймын ешкімге. Оқып берсем әңгіме, әжем құштар естуге. Жақсы оқуды үлгі еткен бала бол деп тіл алғыш, Бәрін маған үйреткен […]