Доминанттылықтың түрлері

Кейінірек көптеген зерттеушілер өсімдіктер мен мал тұқымының әр түрлерінде көп белгілердің толық доминанттық қасиет көрсетпейтінін дәлелдеді. Бірінші ұрпақта екі белгінің де байқалатыны анықталды. Олар аралық доминанттылық, кодоминанттылық және асыра доминанттылық түрлерінде кездеседі. Аралық доминанттылық деп бірінші ұрпақтың ата-аналарының біріне де ұқсамайтын біркелкілігін айтады. Мұнда ата-анасының қасиетінің аралығы байқалады. Мысалы, бірсыпыра қой тұқымдарының ішінде шұнақ құлақ […]

Read More

Тұқым қуу қасиетін зерттеу

Генетиканың негізгі зандарын чех табиғат зерттеушісі — Г. Мендель 1865 жылы ашқан. Бірақ оның тәжірибелерінің мазмұнын және ол ашқан заңның мағынасын ғылым 1900 жылдан бастап бағалады. Осы жылы генетика жеке ғылым болып қалыптасты деп есептелінеді. Генетиканың тез дамуы да осы кезден басталады. Міне, осы уақыттан бастап клетка құрамындағы нәсілдік қасиеті бар материалдық заты, оның құрылысы, […]

Read More

Жыныстық көбеюдің цитологиялық негіздері

Жалпы жыныстық көбею кез-келген тірі организмдердің көбеюінің бір түрі. Зигота кезеңі — ұрықтың алғашқы даму сатысы және ол бұл кезде екі еселенген (диплоидты) хромосомалары бар бір клеткадан тұрады. Партеногенез (грекше «партенос» — ұрықтанбай даму) — организмдердің жыныстық көбеюінің бір түрі. Бұл ұрықтанбаған аналық клетканың дамуы. Бұл жолымен көбею жыныстық көбеюдің түрі ретінде бір клеткалы және көп клеткалы […]

Read More

Клеткалардың бөлінуі

Бір және көп клеткалы организмдердің клеткаларына, сондай-ақ дербес тіршілік ететін клеткаларға тән өзінен-өзі көбеюі бірнеше жолмен жүреді. Өсімдік пен жануарлар организмінің көптеген тканьдеріндегі клеткалар ядросының тура бөлінуі — амитоз. Амитоз жолымен бөлінуде ядро ең алдымен ортасынан жіңішкеріп, тікелей екіге бөлінеді, содан кейін цитоплазма бөлініп, бір клеткадан екі жаңа клетка пайда болады. Кейде клетка бірнеше рет […]

Read More