Адамзат тарихында өлшеу құрал-саймандарының атқарған рөлі ауқымды болды. Өлшеу құралдары сауда саласында маңызды рөл атқаруына байланысты, өте дәл безмендер мен таразылар қажет болды. Таразы — ең көне метрологиялық аспап. Ол сауданың, өндіріс пен ғылымның дамуына орай пайда болып, жетілдіріп келеді. Ілінген тостағандары бар иыққа салатын иінағаш түріндегі ең қарапайым таразы Көне Вавилон (б.э.дейін 2,5 жыл бұрын) мен […]
Articles Tagged: Стандарттау және метрология
Метрологияның негізгі ұғымдары
Жалпы «метрология» дегеніміз не? Метрология — жеке мөлшерлерді өлшеу, талап етілетін дәлдікке қол жеткізу тәсілдері туралы ғылым. Адам үнемі бірдеңені өлшеу, мөлшерді анықтау, қанша уақыт қажет екенін, объектінің қаншалықты алыс орналасқанын білу қажет болатын әлемде өмір сүреді. Мұндай сан ақпаратынсыз адам негізді шешім қабылдап, дұрыс іс-әрекет жасай алмайды. Қазіргі кезеңдегі метрология ғылым пән ретінде өзінің және шет […]
Cәйкестендіру және біріктіру
Сәйкестендіру — бұл функционалдық тағайындалысы бірдей объектілердің оңтайлы және қысқартылған номенклатурасын тіркеу мен реттеудің ғылыми-техникалық әдісі. Машина жасауда сәйкестендіру бұйымдардың конструкциясын талдау, олардың қолданылуы және конструкциясы мен көлемдері бойынша жақын бұйымдар мен олардың құрамдас бөліктері және бөлшектерін белгіленген белгілер мен қолданылу саласы бойынша бірыңғай оңтайлы типтік конструкцияға келтіру арқылы жүзеге асырылады. Сәйкестендірілген бұйымдар, олардың құрамдас […]
Стандарт әзірлеудің негізгі ережелері
Әрбір стандартты әзірлеудің орындылығы өнеркәсіптің қажеттілігімен және күтілетін экономикалық және техникалық нәтижелермен негізделеді. Бұл үшін әдеби және өндірістік деректер алдын ала іріктеліп, талданады, өнеркәсіптің даму үрдістері мен келешектегі мұқтажы белгіленеді, сондай-ақ шет елдердің тәжірибесі талданады. МСЖ-де стандарт әзірлеудің келесі 6 сатысы белгіленген: Стандартты әзірлеуді ұйымдастыру және техникалық тапсырма жасау. Осы сатыда стандарт жасаушылардың шығармашылық тобы […]
Халықаралық стандарттау
Алғашқы жалпы стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым — Стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардың халықаралық қауымдастығы 1926 жылы құрылды, алайда 1939 жылы дүние жүзілік соғыстың басталуына байланысты ол тарап кетті. Қазіргі уақытта жұмыс істейтін Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымды ИСО (ISO) 1946 жылы 25 ел құрған болатын. ИСО қызметінің саласы электр техникасы мен электрониканы қоспағанда, барлық саладағы стандарттауды қамтиды. Осы […]
Стандарттау және денсаулықты қорғау
Стандарттау адамдардың денсаулығы мен еңбегінің қауіпсіздігін қорғайды. Стандарттардың басым бөлігі қажетті жарықтың, сәуленің, шаңның, шудың, ток күшінің қажетті деңгейін белгілейді. Қазіргі кезеңдегі экономиканың талаптары мен мемлекеттің дамуына және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге даярлануына байланысты, соңғы уақытта отандық кәсіпорындардың жұмыс практикасында денсаулықты қорғау мен еңбек қауіпсіздігі стандарттарының маңызы артып келеді. ИСО 9000 сапа жүйесінің халықаралық сертификатын […]
Стандарттау және экология
Экологиялық проблемалар әлемдік қауымдастықты өте толғандырады. Атап айтатын болсақ, мұны Киот хаттамасына қол қойған барлық елдердің өнеркәсіп газдарын тастауды 8%-ға төмендету туралы шешім қабылдағанынан байқауға болады. Көптеген елдердің заңдарында атмосфераға газ тастаудың, шудың, электр магнит сәулесінің және т.б. деңгейі қатаң шектеледі. Осының барлығы елеулі бөлігі табиғат пен экологияны қорғауға арналған стандарттау саласында көрініс тапқан. Еуропа […]
Стандарттау және метрология
Метрология — бұл өлшемдер, қазіргі жағдайда метрологиялық қамтамасыз ету — бұл стандарттардың талаптарына сәйкес өлшемдердің бірлігі мен талап етілетін дәлдігіне жету үшін қажет ғылыми және техникалық құралдардың, ережелер мен нормалардың кешені. Метрологиялық қамтамасыз ету өзінің міндеттерін стандарттаумен тығыз байланыста мына себептерге орай неғұрлым тиімді шешеді: Тиімді стандарттау стандартталатын объект туралы дәл және дұрыс дерексіз жүргізіле алмайды. […]