Мемлекеттің өнеркəсіптік саясаты жəне оның Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясын жүзеге асырудағы рөлі Экономикалық өсуге мемлекеттің құрылымдық саясатының ықпалы айтарлықтай болатынын анықтадық. Өнеркəсіп өндірісі ЖІӨ жəне экспорт жəне ішкі пайдалану үшін жасалатын тауар массасын жасаудың негізгі көзі болып табылады. Нарық экономикасы жетілген елдердің тəжірибесі көрсеткендей, өнеркəсіп құлдырау кезінде ынталандыру шаралары қажет екенін аңғартады. Əлемдік тəжірибеде мемлекеттік өнеркəсіп […]
Monthly Archives: Октябрь 2017
Экономикалық өсудің мақсаттары, типтері, факторлары
Экономикалық өсу: негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудің мемлекеттік іс-шаралары Экономикалық өсу — əлеуметтік мəселелерді үйлесімді шешудің негізі, адамдардың тұрмыс деңгейінің көтеріліп, табыстарының молаюының қайнар көзі. Экономикалық өсу экономиканың үдемелі қозғалысын, оның алға басуын жəне дамуын көрсетеді. Экономиканың үдемелі қозғалысының тереңде жатқан себептері — ол қоғамдық өндіріс пен оның мақсаты — адамның қажеттілігін қамтамасыз ету […]
Экономиканы ақша-несие реттеуінің құралдары
Ұлттық банк қызметіне ақша-несие реттеудің құралы болып табылатын есептік мөлшерлемесін өзгерту (немесе дисконттың, немесе қайта қаржыландыру мөлшерлемесін) жатады. Банк пайызы несиелік капиталдың ұсынысы мен сұранысының арақатынасы нəтижесінде құрылған болатын. Несиелік қатынастардың əлемдік тəжірибесі көрсеткендей, пайыздық мөлшерлемелердің төмен болуы несиеге деген сұранысты өсіріп, іскерлік белсенділіктің артуына не керісінше кемуіне əсер етеді. Барлық елдерде Орталық банк (Ұлттық […]
Ақша-несиелік реттеудің мақсаттары
Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі Ұлттық банк болып табылады. Ал, ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол жəне қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады. Ақша-несие саясаты — инфляцияға қарсы күреске, ұлттық валюта бағамын қолдауға жəне нарықтың қалыпты жағдайда қызмет етуіне бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі. Ақша-несие саясаты — бұл экономикалық жағдаятты «нəзік қалыпқа […]
Ақша-несиелік реттеудің теориялық негіздері
Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады: 1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты; 2. Экспанциондық ақша-несие саясаты. Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші денгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге жəне қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің […]
Мемлекеттің қаржы-бюджет саясатының мəні мен теориясы
Мемлекеттік қаржы экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі тəсілі жəне жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) қайта бөлудің негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде өндірілген өнімнің біршама бөлігі мемлекеттік қаржы арқылы қайта бөлініп отырады, мысалы, Жапония мен Ресейде ЖІӨ 1/3 шамасы, Франция мен Нидерландыда – ЖІӨ жартысы, Швецияда ЖІӨ 2/3 аса, Қазақстанда ЖІӨ 1/3 шамасы қайта бөлініп […]
Экономикалық бағдарламалардың мəні мен түрлері
Болжаулар негізінде экономиканы мемлекеттік реттеу кезінде болашақ даму стратегиясын таңдау мүмкіндігі туады. Əлеуметтік-экономикалық серпінге экономикалық ықпал етудің стратегиялық басым бағдарлары анықталады. Таңдап алынған стратегиялар мен басымдықтар бағдарламалар негізінде жүзеге асады. Мемлекеттік экономикалық бағдарлама – ресурстармен қамтамасыз етілген жəне белгіленген мақсаттарды барынша қысқа мерзімде жəне өте аз шығындар жасай отырып жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өзара бір-бірімен […]
Нарықтық экономикадағы нəтижеге бағдарланған жоспарлау
Жоспарлау – бұл дамудың күтілетін жағдайындағы ең қолайлы нұсқасын таңдап алу арқылы жүзеге асыру жолдары мен тəсілдерін анықтайды, сонымен қатар, бастапқы ақпаратты өңдеуге негізделген жəне мақсаттардың таңдалуы мен ғылыми дайындығын кірістіретін басқару шешімін дайындау үдерісі. Объективті экономикалық заңдар жүйесі негізінде, жинақталған тəжірибе мен шаруашылық тəжірибені дұрыс қолдану негізінде жоспарлы құжаттарды қолдану арқылы ұлттық экономиканы дамытудың […]