Асқазанның және он екі елі ішектің ойық жаралары көп мерзімге созылатын және клиникалық барысы циклді түрде (аурудың өршуі мен бәсеңдеуінің немесе ремиссиясының кезектесуі) білінетін ауру. Оның жергілікті субстраты асқазан мен он екі елі ішекгің шырышты қабаттарында орналасатын ойық жара болып табылады. Бүл аурудың сипаттамасы алғаш рет әдебиет көзінде 1825 ж. жарық көрді, ал оны жариялаған француз ғалымы Крювелье (Kruvelier) болды. Сондықтан кейбір әдебиет көздерінде ол Крювелье ауруы деген атпен белгіленген.

Сырқат ел арасында көп тараған аурулар қатарына жатады. Ғалымдардың деректеріне қарағанда ересек тұрғындардың 1,5% осы ауруға шалдығатын көрінеді. Ер адамдарда бұл ауру, әйелдерге қарағанда, 4 есе жиі кездеседі.

Сырқаттың хирургиялық проблемаларын зерттеуде әлем оқымыстыларымен қатар еліміздің көрнекті ғалымдары А.Б.Райз, М.И.Брякин, Қ.Шуақов, М.Әлиев, А.А.Сүлейменов, Г.К.Ткаченко, С.ВЛохвицкий, Н. Ізімбергенов, Н.С.Сүлейменов т.б. және Ресейдің ғалымдары С.С.Ю­дин, Б.С.Розанов, Б.В.Петровский, Б.А. Петров, М.И.Кузин, В.С.Савелъев, В.С.Маят, В.Д.Федоров, Л.В.Поташов, т.б. көп үлестерін қосты.

Студенттерге аталмыш аурудың этиологиясы мен патогенезі және консервативтік емдеу жолдары ішкі аурулар клиникаларында (кафедраларында) толық байқдалады. Ал хирургиялық кафедраларда сіздер, негізінен, сырқаттың хирургиялық ем қолданылатын түрлерімен, яғни оның асқынуларымен толық танысасыздар. Сондықтан дәрістеріміздің бүл тарауында біз асқазан мен он екі елі ішектің ойық жараларының асқынуларына толығырақ сипаттама беруге тырысамыз. Одан бұрын қысқаша, хирургиялық маңыздылығына орай, аталған ағзалардың анатомиялық және физиологиялық сипаттамаларына көңіл аудара кетейік.

Асқазан мен он екі елі ішектің хирургиялық анатомиясы және физиологиясы

Асқазан (gastrum). Хирургиялық тұрғыдан қарағанда асқазанның түп (fundus), кардиалдық (pars cardiaca), дене (corpus ventriculi), пилорикалық (pars pylorica) бөлімдерін және пилорикалық өзегін (canalis pyloricum) ажыратады. Ағзаның аталған әрбір бөліктерінің өзіндік морфофункционалдық қасиеттері бар. Осымен қатар, асқазанның, хирургиялық маңызы бар, негізгі үш түрлі бездері болады: фундальді, немесе бас бездер. Адам асқазанында бұл бездер саны жағынан көп болып келеді (35 000 000) және төрт типті жасушалардан (клеткалардан) құралады. 1.Бас жасушалар, олар негізінен, І-У пепсиногендерді бөліп шығарады; 2.Қоршаушы (обкладочные) жасушалар. Олардың негізгі қызметі тұз қышқылын өндіру болып табылады. Қоршаушы жасушылардың жалпы саны 1 миллиард шамасында, ал он екі елі ішектің ойық жарасында 1,5 — 2 есе көбейеді. 3.Қосымша жасуша­лар. Бұл жасушалар фундальді бездердің дене бөлігінде орналасып, мукоидты секрет бөліп шығарады. 4.Аралық жасушалар фундальді бездердің мойын бөлігінде орналасады және, қосымша жасушалар тәрізді, мукоидты секрет бөледі. Осылармен қатар, фундальді бездерде, серотонин бөліп шығаратын, аргентофильді жасушалар болады.

Кардиальді бездер, олардың құрамында бас және қоршаушы жасу­шалар болады. Негізгі қызметі мукоидты секрет бөліп шығару.

Пилорикалық бездер (3 млн. шамасында). Олар негізгі реакциялы секрет бөліп шығарады.

Асқазанның қабырғаларына келсек, олар негізгі үш қабаттан қүралады (шырышты, бұлшық ет және сыртқы, яғни сероза қабаттары).

Қан айналымы. Асқазанды қанмен қамтамасыз ететін негізгі төрт артерияны атауға болады. Олар: а) асқазанның сол және оң жақ артериялары (a. a. gastrica sinistrae et gastricae dextrae), б) сол және оң жақты асқазан-шажырқай артериялары (а.а. gastroepiploica sinistra et gastroepiploica dextra). Веноздық қан асқазанның мына көктамырлары арқылы ағады: а) аталған артериялармен аттас сол және оң жақты көктамырлары ( v. v. gastrica sinistra et dextra) және б) асқазанның қысқа көктамырлары (v. v. gastricae brevis). Лимфа ағу процесі, негізінен, мына төменде аталатын лимфа түйіндері арқылы өтеді: а) асқазанның жоғарғы жағында, асқазанның сол жақ артериясы бойында орналасқан лимфа түйіндер; б) көк бауыр қақпасы тұсындағы (көкбауырлық) лимфа түйіңдер; в) паракардиалдық, яғни кардия тұсында орналасқан түйіндер (алдыңғы, артқы және сол жақтық топтпры); г) пилорикалық түйіндер (асқазаннан төмен, асқазан — ұйқы бездік, ұйқы без бен он екі елі ішектік топтар); д) бауыр, ұйқы безі мен көкбауыр аймағыда орналасқан түйіндер; ж) құрсақтық (чревные) лимфа бездер тобы.

Иннервациясы. Асқазанның көптеген нервтерінің арасында хирургиялық маңызы бар нерв бағаналары мен талшықтары қатарына оң және сол жақты кезбе нервтері (n. vagus) жатады. Оң жақты кезбе нерві өңештің артында немесе, сирегірек, оның оң жағында орналаса­ды. Одан тарқайтын кіші — гірім тармақтар асқазанның кіші иілім және кардия аймақтарын, ал ірі тармақтары құрсақтық бағана (чрев­ный ствол) және асқазанның дистальді (шығу) аймағын иннервациялайды (Латарже тармағы). Кезбе нервісінің сол жақ бағанасы өңештің алдына таман, оның сол жақ бүйірінде орналасады. Оның асқазанға жақындап, жанасатын жерінен кардия аймағына қарай 3-4 тармақ бөлінеді, ал қалған тармақтары бауыр және асқазанның төменгі бөліктерін иннервациялайды.

Он екі елі ішек (duodenum). Бүл ішектің сыртқы пішіні таға тәрізді болып келеді және ол ұйқы безінің бас жақ бөлігін қоршай орналаса­ды. Он екі елі ішек мынандай бөліктерден тұрады: жоғарғы (pars superior), немесе жоғарғы горизонтальді бөлік; төмен бағытталған бөлік (pars descendens) және төменгі (pars inferior), немесе төменгі горизонтальді бөлік. Ішектің соңғы аталған бөлігі, өз кезегінде, горизонтальді (pars horisantalis) және жоғары бағытталған (pars ascendens) бөлікшелерден құралады. Он екі елі ішек іш қуысында екі байламмен бекітілген. Олар бауыр-он екі елі ішек байламы (lig. hepatoduodenalis) және Трейц байламы (lig.Treitz).

Қан айналымы. Он екі елі ішекке қан, негізінен, мына қан тамырлары арқылы жеткізіледі: жоғарғы ұйқы безі — он екі елі ішек артериясы (a. pancreatico duodenalis superior), асқазан — он екі елі ішек және төменгі ұйқы безі — он екі елі ішек (a. gastro duodenalis et a. pancreatico duodenalis inferior) артериялары және жоғары шажырқайлық (a. mesenterica superior) артериясынан шығатын тарамдар. Веналық қан аталған артерияларға аттас көк тамырлар арқылы ағады.

Он екі елі ішектің иннервациясы кезбе (n.vagus) және симпатикалық (n.simpaticus) нервтердің талшықтары арқылы жүреді.

Он екі елі ішекгің қызметі (функциясы) әрқилы. Солардың ішінде оның асқазан, бауыр және ұйқы безінің ас қорту қызметтерін нервті — гуморалдық жолмен ретгеудегі маңызы өте зор. Қалыпты жағдайда асқазаннан он екі елі ішекке қышқыл заттар түсе бастаған сәтте асқазаның қақпақшасы (pulorus) жиырылып, он екі елі ішекке түскен затгар ұйқы безі сөлдерінің әсерімен нейтралдандырылғанша асқазанды жауып түрады. Тек аталған процесс біткеннен соң ғана асқазан жолы қайта ашылады. Бұл күрделі процесті реттеу он екі елі ішектің қызметімен тығыз байланысты. Сонымен бірге, он екі елі ішек сөлдері өт қуығының және Одди қысқышыньң жиырылу қызметгеріне әсер етіп, өт сұйығының және ұйқы безі секреттерінің ішекке мезгілінде түсу құбылыстарын реттеп отырады. Осылармен қатар, он екі елі ішек В12 витамині құралатын ағза екенін естеріңізге сала кетейік, сондықтан хирургиялық операцияларда тағамның осы ішек арқылы өту ретінің сақталуының маңызы зор.

Асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара аурулары, жоғарыда көрсетілгендей, осы ағзалардың шырышты қабаттарының бүтіндігі әр себептермен бұзылып, ойық жараның пайда болуымен сипатталады. Аталған себептер өте күрделі. Олар туралы мәліметтер терапия пәнінде толығырақ баяндалады.Аталмыш жара біртіндеп оның астында жатқан қабаттарды да қамтуы ықтимал. Бұл жаралардың барысы ұзаққа созылып, циклды түрде (өршуі мен бәсендеуінің, яғни ремиссиясының кезектесуі) өтеді.

Ауруды топтау. Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруын топтау, оның этиопатогенетикалық, морфологиялық ерекшеліктерін және клиникалық көріністерінің құбылмалығын ескерсе, оңай жұмыс емес. Johnson (1965) асқазанның ойық жарасының патогенетикалық ерекшеліктеріне қарай үш түрін (типін) ажыратқан:

— бірінші түрі (типі) — асқазанның кіші иілімінің бойында немесе субкардия бөлігінде орналасатын және асқазан сөлі қышқылдығының төмендеуімен сипатталатын ойық жара («асқазанның классикалық ойық жарасы»);

—  екінші түрі (типі) — он екі елі ішектің стеноздаушы ойық жарасымен қабаттасқан және асқазан сөлі қышқылдығының жоғарылауымен сипатталатын асқазан ойық жарасы («асқазанның стазикалық ойық жарасы»);

— үшінші түрі (типі) — пилорустың алдында (препилорикалық бөлікте) орналасқан және асқазан сөлі қышқылдығының қалыпты немесе жоғарылауымен сипатталатын асқазан ойық жарасы.

Басқа топтау жобаларында гастродуоденалды ойық жараларды симптоматикалық ойық жара және өзалды бөлек ойық жара ауруы деп бөледі. Симптоматикалық ойық жаралар, әдетте, әртүрлі аурулар мен жарақаттардан соң (эндокриндік аурулар, уремия, сепсис, күю, жарақаттану т.с.с.) немесе кейбір дәрілерді қолданудан немесе стресс тудыратын жағдайлардан соң пайда болады.

Ағзалардағы морфологиялық өзгерістерге және аурудың клиникалық барысына қарай жедел, созылмалы, каллезді (мүйізденген) ойық жаралар ажыратылады. Сонымен қатар, өршу немесе ремиссия фазаларындағы ойық жаралар, асқынбаған және асқынған ойық жаралар деп бөлінеді. Жоғарыда айтылғандай, хирургия кафедраларында ойық жаралардың асқынған түрлері талдауға түседі. Сырқаттың негізгі асқынулар қатарына мына төмендегі асқынулар жатады: ойық жараның тесілуі (перфорация), ойық жарадан, қан кету, асқазанның шығу бөлігінің тыртықты тарылу және деформациясы, пенетрация және малигнизация. Енді осы асқынуларды жеке-жеке талдауға жол берейік.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *