Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік пен моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күштерін, білімі мен тәжірибесін жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өз Отаны — Қазақстан Республикасына адал және әділ қызмет етеді деп есептейді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің осы Ар — намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының қағидалары) (бұдан әрі-Кодекс) «мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.
Мемлекеттік органдардың басшылары осы Кодекстің мәтінін мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерлерде орналастыруды қамтамасыз етеді.
1. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттің мүдделерін қорғауға; Қазақстан Республикасының беделін түсіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;;
2) Конституцияны бұлжытпай сақтай отырып және Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін қатаң сақтай отырып, заңдылық қағидатын басшылыққа алуға;;
3) азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен ұштасқан іс-әрекеттерге жол бермеуге;;
4) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал ету;
5) мемлекеттік және еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, турашыл және сапалы атқаруға, ол үшін өзінің жұмыс уақытын тиімді пайдалануға; ;
6) жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күш-жігерді жұмсауға, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы және үнемді тәсілдерін қолдануға, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікке ұқыпты қарауға, оны ұтымды әрі тиімді пайдалануға;;
7) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;
8) мемлекеттік қызмет мүдделеріне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерді болдырмауға; мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қатысы бар адамдардың қызметіне араласпауға;;
9) кәсіпкерлік қызметке араласуға және жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін қолдауға жол бермеуге; ;
10) қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге;,
11) қызметі немесе жұмысы жөнінен жоғары немесе төмен тұрған не өздерімен өзге де түрде тәуелді адамдармен ақша немесе өзге де мүлік салынатын сипаттағы құмар ойындар ойнауға қатыспауға;;
12) мемлекеттік функцияларды орындауға байланысты жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар немесе қызметтер қабылдау фактілеріне жол бермеуге;;
13) заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан немесе шетелдік жеке және заңды тұлғалар есебінен мемлекетішілік және шетелдік туристік, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдамауға; ;
14) өзінің іске деген қарым-қатынасымен және жеке мінез-құлқымен ұжымда орнықты және позитивті моральдық-психологиялық жағдай жасауға ықпал етуге;;
15) мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін тиісінше орындауына кедергі келтіретін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;;
16) кадрларды жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге; ;
17) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және олардың жолын кесуге;;
18) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киімнің іскерлік стилін ұстануға міндетті.
2. Азаматтар мен заңды тұлғалармен қатынастарда мемлекеттік қызметшілер:
1) азаматтардың мемлекет институттарына сенімін нығайтуға ықпал ету;
2) қарапайымдылық танытуға, өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, оның ішінде көлік, сервистік және өзге де қызметтерді алу кезінде;
3) өзінің іс-әрекеттерімен және шешімдерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, оған төзімділікпен қарауға, сындарлы сынды кемшіліктерді жою мен өзінің кәсіби қызметін жақсарту үшін пайдалануға;;
4) өтініштерді қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, олар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қабылдауға;
5) шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;;
6) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;;
7) сыпайы және әдепті болу.
3. Өз қарамағында қызметкерлері бар мемлекеттік қызметшілер::
1) қарамағындағылардың атқаратын лауазымдарына сәйкес қызметтік өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін дәл айқындауға, қарамағындағыларға анық орындалмайтын өкімдер бермеуге және олардан өздерінің қызметтік міндеттерінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге;;
2) бағыныстыларға қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік фактілеріне жол бермеуге;;
3) бағынысты қызметкерлерді құқыққа қайшы теріс қылықтар немесе жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен сыйыспайтын іс-әрекеттер жасауға мәжбүрлемеуге міндетті.
4. Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты әдепті түрде жүргізуі тиіс.
5. Мемлекеттік қызметшілер, егер ол мемлекеттік саясат және қызметтік іс-әрекет мәселелері жөніндегі өз пікірін жария білдірмеуге тиіс емес:
1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмейді;
2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашады;
3) мемлекеттің лауазымды адамдарының атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрады.
6. Мемлекеттік қызметшінің атына коммерциялық ұйымдарды басқаруда және/немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысуда, біреудің мүдделерін жақтауда негізсіз көпшілік алдында айыптаулар болған кезде ол осындай айыптауларды теріске шығаратын ақпаратты тиісті түрде жариялауға тиіс.
7. Мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлыққа көпшілік алдында айып тағылған жағдайда, ол осы айыптауларды теріске шығару жөнінде, оның ішінде сот тәртібімен шаралар қабылдауы керек.
8. Мемлекеттік қызметшілердің осы Кодексті сақтауы олардың қызметтік борышы болып табылады.
9. Осы Кодексте көзделген талаптарды бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапқа тартылуы мүмкін.
10. Мемлекеттік органның ұжымы оның басшысының шешімі бойынша мемлекеттік қызметшінің осы Кодексті сақтамауы фактісін қарап, қарау қорытындылары бойынша қоғамдық айыптауды шығара алады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *