Мал шаруашылығындағы төрт түліктің өсіп-өнуін қамтамасыз етуде қазақтардың дүниетанымдық негізінде түрлі наным-сенімдер мен ғұрыптық, магиялық тәсілдер арқылы көбейту әдістері өзге де рәсімдердің дәстүрлі жиынтығын құрады. Олардың әрқайсысының құрылымдық жағынан өзіндік айқын белгілері және семантикасы да қалыптасты. Бұл ерекшеліктер қазақтардың дүниетанымының шаруашылық негізбен ғасырлар бойы сабақтасып, ұлттық ерекшеліктерін байытып, айшықтандыра түсті.

Төрт түлік малдың өсіп-өніп, көбеюі үшін жасалынатын қадамның бірі — көшпелі ел дәстүріндегі малға ен салу. Ен, таңба салу кезінде кесілген қанды құлақтарды жинап, үстіне ақ тамызып құмырсқаның илеуіне тастау ырымы болған. «Малымыз құмырсқадай көп болсын!» деп гомеопатиялық магия арқылы, илеу үстінде қанды құлақты қан талапай жасаудағы ғұрыптық түсініктің этимологиялық ассоциациясыда, магиялық тәсіл арқылы — «құмырсқадай быжынаған, көп мал бітсін» деп жасаған бұл істің семантикасы да «мал да осындай көп болсын» деген сенімнен туындаған. Әрі мал енін құмырсқа илеуіне тастаудың мәнісі келер жылы мал басының көбейіп, өсіп-өнуіне жасалған стимуляторлық функциясы деуге де саяды.

Қой түлігін сойғанда бастың жағын бөліп, тісін қағу әдеті бар. Батыс Қазақстан облысының Жаңақала тұрғындары мен Моңғолия қазақтарында сойған малдың тісін қақпастан асып, сыбағаны табаққа тартады. Тісті қақпаудың мағынасы «төл өспейді», «мал басы кемиді» деп ырымдаудан, контагиоздық магияға сенгендігінен туындаса [40, 4-6.], ал Оңтүстік елді мекендердің қазақтары мал басының көбеюіне өз септігін тигізеді деп, әрі фетишистік қағида тұрғысынан желінген қой жағын қора есігінің жоғарғы жағына іліп қоюдың да семантикасы малдың жағы кетпесін, мал жағы көбейсін деген сенімнен пайда болған (АӨЖМ). Ал қойдың кәрі жілігін ілу ырымдары да бір жағы мал басының көбеюіне жасалынған, яғни өнім алу магиясы -орыс этнографиясы мен этнолингвистикасын зерттеуші ғалым А. Журавлевтің келтіргеніндей, «продуцирующая магия» болса, әрі өсіп-өнуге жасалынған аккумуляция екендігін Сібір халықтарының дүниетанымын зерттеуші А.М. Сагалаев «Малдың бас сүйегін алтайлықтардың ағашқа ілуімен, тувалықтардың қой асықтарын «бақыт-байлық әкеледі» деп мыңға жеткізіп барып, қойдың қысқы қорасына көмуімен және құрбандыққа шалынған малдың сүйектерін сақтауымен, оларды суға тастауымен, мал сүйегін өртесе «сакралдық күші қайтады» деп өртеуге тыйым салуымен» түсіндіреді.

Төрт түліктің төлдеуін табиғаттың қолайлы жағдайына сәйкестендіріп жоспарлы түрде наурыз бен мамыр айларында алу науқаны ғасырлар бойына жинақталган халық тәжірибесі екендігін этнограф ғалым Халел Арғынбаев өз еңбегінде жазып өткен. Әр түліктің сыртқы пішініне қарап айырып, асыл түқымды малдарды қалдырып отырган. Бұған қазақтың «Айғыр қоссаң үндіден қой, қошқар қоссаң жүндіден қой», «Мал нәсіліне қарай өседі, егін ұрығына қарай бітеді» деп келетін мақал-мәтелі дәл келердей. Өзге түліктерге қараганда қой басын көбейту науқаны ерекше жүргізілген. Қойдың ерте төлдемеуі үшін қазақтар қазан айының аяғына дейін киізден арнайы қошқарларға күйек байлаған. Күйек Үркер туатын қазан айының соңына қарай шешіліп, бүл процестің өзі түрлі әдет-ғүрыптар мен наным-сенімдер, яғни тыйым, ырымдар арқылы жасалынған.

Малдың өсіп-өнуіне де күнтізбелік магияның құдіреті әсер етеді деп сенген қазақтар, малды шагылыстыруды аптаның «сәтті күндері» — дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері жасаған. Күйекті «сәрсенбінің сәтті» күні ауыл маңына малды айдап әкеліп, отардағы «малдың қүты» саналган қошқардың күйегін алудан бастаған.

Эмпирикалық-салыстырмалы сипаттама негізінде қарастырсақ, Торғай қазақтарының күйек алуы туралы мүрағат деректерінде былай келтірген: «Торғай қазақтары күйекті алар кезінде мал егесі бір саулықты атша мініп алып, үстап түрып аузына бір уыс тарыны құяды да, төл тарыдай көп болсын» деп жаратушыга жалбарынды десе, ал қазақ халқының этнографиясын жинақтаушы Әбубәкір Диваевтің дерегінде: «Мал егесі қошқарды үстап түрса, әйелі күйегін шешіп жатып, Шопан атадан қойларының түгел төлдеуін жалбарынып сүрап, сыйынады және бұл іске ауыл әйелдері көбірек шақырылып, оларға күйек біткесін қойшылармен қоса «шашыратқы» асып таратады» дейді. Әлихан Бөкейханов бұл жайлы: «Сәтті күні күйек алынады, кешкісін ауылға малды айдап әкелген соң, мал егесінің баласы қой ішінен бір қошқарды үстап әкеліп, оған үйдегі жиналған әйелдер «Мың болғыр» деп қүрт, т.б. шашу шашады. Оны үлкендер мен балалар жинап алады. Сонан соң, қошқарға тұз жалатып, әдейі дайындалған күрішті береді, кейбіреулер қант немесе бидай да береді де, күйегін алып отарға жібереді» деген.

Күйек кезінде өсіп-өну, көбею магиясына қатты сенгендіктен қазақтар қошқардың күйегін шешуге ауылдағы көп балалы әйелдерді шақырған және қошқарға тары, күріш, бидай берген. Үй егесі мен әйелінен кейін жаппай күйекті шешуді әйелдерге табыстайды, бұл іске олардыц кірісуініц себебі, гомеопатиялық магия әсерінен келер жылғы төлдің ұрғашы жынысының көп болуын тілегендіктеи туындағаи. Осыған үқсас Кострома тұрғындары имитативтік магияға сүйене отырып, қойлардың ұрғашы төлдері коп туу үшін, алғашқы туылған қозыпың бүйрегін қыздарына бергеи екен. Күйекті алуды малды ауыл маңына кешкісін әкеліп жасауы, қазақтардың түсінігіише қой күйек алынған жерде қоздайды деген тұжырымы жанасу, жұғысу (контагиозная магия) магиясына, ал күп мезгіліне байланысты, тек кешкісіи қошқар күйегін алудың себебі, Ә. Төлеубаевтың келтіргеніндей, биофизикалық өзгерістердің нәтижесіне тура келеді. Алынған күйектің үйдің табалдырығының оң жағына үйіп тастау ырымының семантикасы, «іс оңынан басталып, береке мен байлық үзілмесін» дегендері. Күйек кезіпде контагиоздік және сақтандыру магияларын қатты ескергендіктеп, информаторлардың айтуынша, күйек басына бедеу әйелдердің жақындауына және бойындағы мүшелерініц бірі кем адамға қойға қошқар жіберуіпе тыйым салған. Бұлардың семантикасы — мал да бедеу қалып, бір мүшесі кем төл туылуы ықтимал (АӨЖМ). Қазақтың дәстүрлі тыйымдары бойыиша қойға қошқар салғанда мал шошынады деп, зекіп сөйлетпеген және қолмен көрсетпеген [38, 262-6.].

Мал шаруашылығының ең бір жауапты кезеңі — малдардың төлдеу маусымы. Қазақ малдың төлдеу циклінде де түрлі магиялық күштерге, наным-сенімдерге, ырымдар мен ғұрыптарға сеніп, соларды жасап отырған. Қазақ жерінің қай түпкірінде болсын мал толдей бастағаниан-ақ қан шығармайды (мал соймайды). Төл уағына жетерлік етті мал тумай тұрып-ақ қамдап алады. «Халық сенімі бойыпша әдейі сойған малдың қаны қан тілейді, яғни олім-жетімге себепкер болады», — дей келе, этнограф Ә.Т. Төлеубаев өз еңбегінде: «Шығыс Қазақстан қазақтары арасынан жиналған материалдарға қарағанда, төлдеу кезінде өлейін деп жатқан бірен-саран малды қара тасқа бауыздап, «тастай тыйыл» дейтін көрінеді». Осындай ұқсас құбылыстар магиясы сенімінен, мал іші өсіп келе жатқан кезде, «мал іші өспей қалады», «мал іш тастайды» деп кейбір шығыс, батыс қазақтары малшы-жалшының сақал, шаш, тырнағын алғызбаған. Адам денесіндегі үнемі өсу процесі тоқталмайтын шаш, сақал, тырнақ өсіп-өнудің, молаюдың белгісі болып саналғанын бұл зерттеуші жаза келіп: «Халықтағы көне сенім бойынша малшы мен оның баққан малының арасындағы тығыз байланыстылық бар, сондықтан біреудегі табиғи қалыпты (шаш, тырнақ, өсуі) бүзу, екіншісіне де сондай құбылыстың болуына себепкер болады деп есептеген» деп тұжырымдайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *