Этиологиясы. Қазіргі уакытта бүйрек эхинококкозы айтарлықтай сирек, негізінен ауыл шаруашылықты аудандарда кездеседі. Әртүрлі мүшелердің эхинококкоз ауруларының барлық жағдайларының ішінде бүйректің зақымдануы 1,5-5 процентті құрайды да, бауыр, өкпе, құрсак пен шажырқай, бұлшық ет пен көк еттен кейін жиілігі жөнінен 6-орын алады. Бұл, әдетте, бір жақты процесс. Оң және сол жақ бүйректің зақымдану жиілігіндегі айырмашылық шамалы.

Ауруды Taenia Echinococcus гельминті туғызады. Аурудың қоздырғыштарын ит, мысық секілді үй жануарлары тасымалдайды. Бүйрек эхинококкозымен негізінен 20-40 жастағы адамдар, көбіне әйелдер ауырады.

Патогенезі. Гельминт ұрығы бүйрекке гематогенді немесе лимфогенді жолмен өтеді. Ол көбіне артерия қаны ағынымен бүйректің қыртыс қабатына жетеді. Паранефральды клетчатка сирек зақымданады. Бүйрек эхинококкозының екі формасын ажыратады: гидитидозды бір камералы және альвеолярлы көп камералы эхинококкоз. Мұның екінші формасы өте сирек кездеседі.

Гидатидозды киста баяу өседі және өзінің өсуіне қарай бүйрек паренхимасын сығып, оның тіршілігін тоқтатады. Бүйректің сығылған паренхимасын тыртық ткань ауыстырады да, кистаның маңынан тығыз дәнекер қабықша түзеді, бұл қабықша фиброзды капсулаға айналады. Бұл капсулаға кистаның хитинді қабықшасы тығыз жанасып жатады. Хитинді қабықшаның ішкі қабатында сколекстері бар ұрық көпіршіктері жетіліп, паразит кистаның эндогенді өсуін қамтамасыз етеді. Егер сколекстерден туынды көпіршіктер түзілмесе, онда жай кис­та (ацефалотикалық) болғаны. Алайда кистада көбінесе туынды көпіршіктер болады. Егер киста өте үлкейіп кетсе, ол бауыр, көк ет, ішек, диафрагма секілді көрші мүшелермен бірігіп кетуі мүмкін. Бүйрек астаушасымен немесе тостағаншасымен тығыз жанасқанда ол бұларға ішіндегі заттарын толық босатуы мүмкін. Сонымен қатар, пара­зит киста іріңдеп кетуі де мүмкін. Ірің хитинді қабықшаны бұзып, бүйрек паренхимасына өтеді де, онда іріңді қабыну процесін туғызады.

Киста ұзак уақыт сақталса, оның фиброзды капсуласын, сондай-ақ хитинді қабықшасы мен тіршілігін жойған туынды көпіршіктерін ізбес басуы мүмкін.

Альвеолярлы эхинококкозда паразит киста бүршіктену жолымен экзофитті пролиферация есебінен өседі. Жатыр көпіршігі болмайды, бүйрек паренхимасын көптеген ұсақ (үлкендігі бұршақтан шиеге дейін жететін) альвеолдар торлап жатады. Эхинококка массасының орталық белігінен көп ретте ыдырау қуысын, ізбес басқан учаскелерді табады, бүкіл массаны тығыз фиброз созындылары торлап, сыртқы түрі жөнінен ісікке ұқсайды.

Белгілері мен клиникалық барысы.  Гельминттің жұғу сәтінен клиникалық белгілері пайда болғанға дейін әдетте бірнеше жыл өтеді. Киста өте үлкейгенде немесе несеп жолдарына ашылғанда ғана аурудың белгілері пайда болады.

Бел тұсының немесе қабырға астының ұйып ауруы бұл аурудың негізгі субъективтік белгісі болып табылады. Үлкейген киста, әдетте, ауырмайтын және беті жылтыр, қозғалмалы, жұмыр, серпімді консис­тенция түрінде қолға сезіледі. Егер киста өзін қоршаған мүшелермен бірігіп өссе, оның козғалғыштығы шектеулі болады.

Киста бүйрек астаушасының қуысына өткенде (ашық гидатидозды киста) ауру бүйрек шанышқағы түрінде байқалуы мүмкін. Бүйрек шанышқағы жан-жаққа таралатын туынды көпіршіктер мен олардың қабықшаларының несепағарды бітеп қалуының нәтижесінде пайда бо­лады. Бұл жағдайда несепте тұтас туынды көпіршіктер мен хитинді қабықшаның үзінділері болады. Бұл элементтердің қуыққа түсуі дизу­рия туғызады. Ашық гидатидозды кистаның іріңдеуі пиурияға ұласады.

Эхинококкоз кезінде бүйректің қызмет істеу қабілеті кистаныңшоғырлануы мен көлеміне, олардың өсу қарқынына қарай әр түрлі дәрежеде зардап шегеді.

Бүйрек эхинококкозының жабық түрінде несептің өзгерісі байқалмайды, бұл диагностиканы қиындатады. Кейде эхинококка кистасының құрсақ қуысына, ішекке, плевра қуысына және тіпті тері арқылы сыртқа өтіп кететін жағдайлары байқалады. Кистаның кейінірек бор түзе отырып, аспетикалық жойылуы нәтижесінде өзін-өзі емдеуі өте сирек байқалады.

Диагностика.Туынды көпіршіктердің үйкелуі нәтижесінде түрткі тәрізді тықылдатқанда кистада пайда болатын гидатидтердің дірілдеу белгісі эхинококкозға патогномониялы болады, бірақ ол өте сирек бай­қалады.

Диагностика жасауда Касони реакциясы айтарлықтай жәрдем көрсетеді. Бүйрек эхинококкозында бұл реакция науқастардың 90 процентінде оң болады. Тіршілігі жойылған немесе іріңдеген кистада ғана Касони реакциясы теріс болады. Цистоскопия арқылы кейде зақымданған бүйрек несепағарының сағасынан тұтас немесе жарылған туынды көпіршіктердің бөлініп шығатынын көрсетуге болады. Рентгенологиялық зерттеу эхниококкоз диагностикасының негізгі әдісі болып табылады. Жалпы рентгенография арқылы жай солитарлық кистадағыдай өзгерістерді табады. Кистаны ізбес басқанда сақина тәрізді көлеңкені анықтайды.

Жабық эхинококкоздағы экскреторлық урограмма мен кері пиелограммада орақ тәрізді көлеңке көрінеді, ол негізінен бүйрек паренхимасының бүйір шетіне орналасады. Киста бір немесе бірнеше тостағаншаны сығып тұруы мүмкін, мұнда орақ тәрізді көлеңке бүйрек полюстерінің бірінің маңына орналасады.

Бүйректің ашық эхинококкозына жүзім шоғына ұқсайтын жұмыр түзінділер тән, олар туынды көпіршіктердің айналасына рентгенконтраст сұйықтықтың жиналуына байланысты; кистаның қуысынан гори­зонталь денгейлі рентгенконтраст сұйықтықтың көлеңкесі, ал оның үстінен – жиналгангаз көрінеді. Фиброз капсуласы бұзылғанда рент­генконтраст зат капсула мен паразит кистаның арасына өтеді.

Ультрадыбыстық эхографияда эхинококка кистасы сопақ пішінді сұйык түзінді түрінде бейнеленеді. Алайда оның негізгі айырым ерекшелігі — жуандаған кальцийленген капсуланың болуы, оныңартқы жағында алыс контурды бәсеңдететін акустикалықэффект байқалды. Дифференциалдық диагностиканың күрделі жағдайларында компьютерлік томография пайдаланылады.

Дифференциалдық диагностика. Бүйректің эхинококкозын айыру көбіне үлкен қиындықтар туғызады. Гидатидтерді, сколекстерді ашық гидатидозды кистадан ғана табады. Эозинофилия эхинококкозға тән белгі емес. Осының бәрі бүйрек эхинококкозын айыруды қиындатып, оның солитарлық кистадан, бүйрек ісігінен, құрсақ ісігінен, гидронефроздан дифференциалдық диагностикасын талап етеді.

Дифференциалдық диагностика негізінен эхинококкоздың жоғарыда көрсетілген патогномиялық рентгенологиялық белгілері мен Касони реакциясының нәтижелеріне сүйенеді.

Емдеу. Бүйрек эхиноккоккозын емдеу, әдетте, операция арқылы және мүшені сақтай отырып жүргізіледі. Киста бүйрек сегменттерінің біріне орналасқанда мүшені паразит кистамен қоса кесуі мүмкін, алай­да киста үлкен болғанда капсуламен бірге (киста энуклеациясы) алыптастау үнемі орындала бермейді, ол паренхимадан профузды қан кету қаупін туғызады.

Бүйрек паренхимасы толығымен тіршілігін жойған кезде ғана нефрэктомия қолданылады. Несепағарда туынды көпіршіктер қалдырмау үшін бұл жағдайда оны толығымен алып тастау керек.

Қарама-қарсы бүйректің кызметі айтарлықтай кеміген жағдайда бүйрек кистасы мен паренхимасында іріңдеу процесі таралғанда ғана марсупиалдандыру (кистаның шеттерін жараға тігіп, оны сыртқа қарай айналдыру) істеледі. Альвеолярлы көп камералы эхинококкозда нефрэктомия жүргізу кажет.

Эхинококкоздың профилактикасы үшін халықты үй жануарларынан аурудың жұғу қаупінен сақтандыру мақсатында санитарлық-ағарту шараларын жүргізу, мал соятын орындарға мұқият санитарлық-малдәрігерлік бақылау қоюкерек.

Болжам.Операциялық емдеуден кейінгі болжам қолайлы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *