Шаруашылықтағы сүт сүт зауытына сыйымдылығы 1550-2800, 5500 автоңистерналармен  жеткізіледі. Цистернаның қабырғасы қалың. Cүттi флягпен де тасуға болады, бірaқ бұл ыңтайсыз және оның ішіндегі сүт тез жылып, бұзылып кетеді. Мемлекеттік сүт зауыттары сүттi негізінен автоңистерналармен тасиды. Автоцистернаның бір-бірiмeн қосылмайтын екі секциясы болады, қақпағы өте тығыз жабылады, сүттi вакуумның көмегімен сорғы арқылы сорады, қотарады. Автоцистернаны жуу ici механикаландырылған. Cүттi ipi қаралар мен өндipic орталықтарына жеткізу үшін әрқайсысының сыйымдылығы 26 тонна келетін тeмip жол сүт цистернасын пайдаланады.

Ондай цистернаның үш секциясы бар, тығыз жабылатын қақпағы болады. Жақсылап салқындатылған сүттi қауіптенбей теміржол цистернасымен алыс жерге тасуға болады. Су жолы көлігі бар жерде,  өнімді су арқылы тасиды. Кейбір шаруашылықтарда сүттi сүт өңдейтін кәсіпорындарға жер астына орналастырған құбыр арқылы қотарады.

Сауын сиырларының арасында туберкулез бен бруцеллез аурулары таралған фермаларда ветеринарлық ережелер бойынша сүттi міндетті түрде 30 минут бойы 70°С ыстықта, ал аусыл бар шаруашылықта 30 минут бойы 85°С ыстықта пастерлеу керек. Сондықтан да бұл аурулар орын алған фермаларда пластинкалы және барабанды пастерлеу құралдары жарамсыз. Бұл машиналар сүтті 72-76°С қызуда лезде 10-12 секунд ішінде залалсыздандырады. Ал мұндай режим спораланбайтын бактериялардың барлығын құрта алмайды, сондықтан да микробтардың 0,1 % -дан 0,5% -на дейіні тipi қарады. Осыған орай, сүттi 76°С -та лезде пастерлегенде туберкулез, сальмонелла, бруцелла бактериялары және аусылдың вирусы өлмей тipi калған. Сондықтан да жұқпалы аурулары бар мал фермаларында ұзақ уақыт пастерлейтін пастеризаторлардың болғаны дұрыс.

Қорыта айтқанда, сүттi пастерлегенде 85-87 оС-қа дейін лезде ысытып алады, ұзақ пастерлегенде осы температурада 30 минут бойы ұстайды. Cүттi пастерлеу температурасы мен көрсетілген уақытын мұқият бақылап отыру кажет, тек сонда ғана сүттегі зиянды микробтар жойылады. Пастерленген сүтте ауру тудыратын микробтардың споралары өлмейді, әдеттегі  температурада сақталған жағдайда тipi қалған микробтар өсіп-өніп,  сүттi тез бұзады. Сондықтан сүттi стерильдейді. Ол үшін сүттi алдымен 770 оС-қа дейін ысытады да, қызуын 140 оС-қа дейін жеткізіп, күшті қысымда, осы температурада 4 секунд ұстайды. Мұндай сүттің ішіндегі бактериялар ғана емес, споралардың да басым көпшілігі қырылып қалады. Мұндай сүттi бөлме температурасында ұзақ уақыт сақтауға болады.

Мемлекеттік стандарт бойынша дайындалатын сүтке қойылатын талаптар. МЕМСТ 13264-88 талабына сәйкес сиыр сүтi таза, ақ немесе солғын ақ сары түстi, тұнбасыз және үлпексіз болуы керек. Сүтті  тоңазытпайды. Оның ішінде бөгде және бейтараптайтын заттар болмауы керек, ал ауыр металдар – күшәлә, М  афлатоксині және пестицидтердің калдықтары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бeкiткeн мөлшерлерден артпауы керек. Сүттің тығыздығы 1027 кг/ -тан кем болмауы керек.

3.4-кесте

Сүтке сортына қарай қойылатын талаптар

 

  Жоғары Сорт
1 2
Иісі мен дәмі Сүтке тән бөгде иістері мен дәмдері болмайды Жылдың қыс-көктем айларында  болар-болмас

мал азығының иісі  мен дәмі байкалуы

мүмкін

Қышқылдығы, 16-18 16-18 18-20
Эталон бойынша тазалық дәрежесі, топтан төмен емес 1 1 11
Бактериялық  ластануы, мың/  артық емес 300 300-500 500-400
Соматикалық жасүшалар, мың/  артық емес 500 1000 1000

Балалар тағамдарын, стерильденген  және мәйекті ірімшік дайындауға арналған сүт жоғары және бірінші топтардағы сүтке қойылатын талаптарға сай болады, бірaқ та соматикалық жасушалар мөлшері 500 мың/ -тан артық болмауы керек. Балаларға тағамдық және стерильденген өнімдер дайындауға жіберілетін  сүт ыстыққа шыдамдылығы мен ірімшік  дайындауға жарамдылығы, мәйекті  ашыту үлгісі жөнінен сүттің 2-тобына  қойылатын талапқа сай болуы керек. Лактозаны ыдырататын мезофил анаэроб бактерияларының спораларының сүт ішіндегі мөлшері 10 -тан аспауы керек.

Балалар тағамын, стерильденген өнімдер және мәйектік ірімшік дайындауға белгіленген сүттердің сатып алу бағасын үстемелейді. Жоғары, 1- немесе 2-сорт талаптарын қанағаттандыратын, бірақ та температурасы 10°С-тан жоғары болған сүт «салқындатылмаған» ретінде оның сатып алу бағасын кемітеді.

Сүттегі май мен ақуызының мөлшері базистік нормасына сай болады. Сүттің майы мен ақуызының көрсеткіштері белгіленген нормадан артық болса, әр 0,1%-на сатып алу бағасы үстемеленеді., ал кем болса, оның әр ,1%-на сатып алу бағасы кемітіледі.

Тығыздығы 1,0266 кг/ , ал қышқылдығы 15 және 19-дан 21°С-қа дейін болған сүт сезімдік көрсеткіштері, тазалығы, бактериялық ластануы және соматикалық  жасушалары жөнінен стандарт талабына сай келсе,  бақылау тексеруінің негізінде 1 және 2-сортпен қабылданады. Бақылау тексеруінің талдау қорытындысы бір ай бойы күшінде болады.

Жұқпалы аурулары бар шаруашылықтан алынған сиыр сүті ветеринариялық заң бойынша тағамға пайдалануға рұқсат етілген болса, міндетті түрде сүзілгеннен кейін сол шаруашылықтың өзінде лезде термиялық өңдеуден өткізіледі де, 10°С-қа дейін суытылады. Мұндай сүтті сауу малдың сүтімен араластыруға болмайды.

Термиялық өңдеуден өткен сүтті сұрыпталмағанға жатқызады. Бірақ сапасы жөнінен ол стандарттың тобына сәйкес болуы керек. Сүттің әр партиясының сезімдік көрсеткіштері, температурасы, тығыздығы, тазалығы, майлылығы, термиялық жағдайын анықтайды, ал ақуызы, соматикалық жасушалары, бактериялық ластану және бөгде заттары он күнде бір рет анықталады.

Анализ жасаған күні шаруашылықтан қабылданған шикі сүтен бөгде заттар табылса, оны сұрыпталмағанға жатқызады, ал термиялық өңдеуден өткен сүт басқа  көрсеткіштері жөнінен МЕМСТ талабына сай келмегенде, кем бағамен қабылданады. Шаруашылықтан сүттің келесі партиясын қабылдауды жат зат пен бактериялық ластануға тексеру қорытындылары шыққанша кідіртеді.

Ішінде бөгде заты бар сүт, сондай-ақ ІІ сұрыптың талабына сай келмейтін сүт, аса қауіпті жұқпалы ауруы бар шаруашылықтағы сүт, ішінен бейтарап заттары, ауыр металлдар, күшәлә, М афлатоксині және нормасынан артық мөлшерде пестицидтер қалдықтары  табылған сүттерді қабылдамайды. Сүтті қабылдағанда базистік майлығы – осы республика, өлке немесе облыста өндірілетін сүттегі майдың пайызы ескеріледі. Оның нормасын ҚР министрлер кабинеті тағайындайды.

Мемлекеттік сүт өндірісі кәсіпорындары сүт тапсырушылармен базистік майлылығы бойынша  есеп айырады. Сүттің шын майлылықты мөлшерін базистік майлылықты сүттің мөлшеріне мына формула бойынша қайта көбейтеді: = ( )/ , яғни, — базистік майлылықтағы сүттің салмағы, кг; -шын майлылықтағы сүттің салмағы, кг; -май үлесінің сүттегі салмағы, %; — сүттің базистік майлылығы, %.

Республика, өлке және облыста өндірілетін сүттің базистік майлылығының көрсеткіштері арнаулы анықтамалар мен нұсқауларда көрсетілген. Түйе, буйвол, қой, ешкі, ұрғашы қодас сүттерін тапсырғанда да сиыр сүтіндегідей базистік майлылығы бойынша есеп айырысады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *