Артериялық гипертензиядан азап шегетін көптеген науқастардың 30-35 процентінде гипертензия бүйрек пен оның тамырларының ауруына байланысты болады (нефрогендік гипертензия). Нефрогендік гипертензияның екі формасы бар: вазоренальды және паренхиматозды (15.1-кесте). Вазоренальды гипертензияның даму негізінде бүйрек артериясы мен оның негізгі тармақтарының туа біткен немесе жүре пайда болған бір немесе екі жақты зақымдануы жатады. Паренхиматозды гипертензия көбіне бүйректің бір немесе […]
Category: Медицина
Еркектердің бедеулігі
Еркектің бедеулігі проблемасы аса күрделі мәселе, оның зор әлеуметтік маңызы бар. Қазіргі уақытта еркектің көбею жүйесін гормондық бақылаудың 5 негізгі компонентін ажыратады; орталық нерв жүйесі, гипоталамус, гипофиз, аталық без, андрогендерге сезімтал ақырғы мүшелер нысаналар. Жүйенің барлық осы компоненттері өнімді реттеуге және аталық, бездерде жасалатын андрогендердің концентрациясын сақтауға қатысады. Андрогендер организмнің қалыпты дамуына, ақырғы жыныс белгілерінің […]
Жедел бүйректер жетіспеушілігі
Жедел бүйректер жетіспеушілігі (ЖБЖ) дегеніміз -бұл әр түрлі экзогендік және эндогендік факторлардың бүйрек паренхимасына патологиялықәсер етуі салдарынан екі бүйректің немесе жалғыз бүйректің фильтрациялық, экскреторлық және секреторлық қызметінің кенеттен бұзылуы (мұнда барлық нефрондар, немесе шумақты аппарат, немесе өзекшелердің барлық бөлімдері зақымданады). Бұл аурудың клиникалық көріністері оны тудыратын себептерге байланысты және қанда азотты ыдырау өнімдерінің тежелуінен, су-электролит […]
Созылмалы (калькулезді) пиелонефрит
Егер зәрдің шығуы үнемі бұзыла берсе, қабыну процесі өршіп бара жатса, жүргізілетін антибактериялық терапия тиімсіз болады, бүйрек тырысады (нефросклероз), оның кызметі төмендейді. Созылмалы калькулезді пиелонефриттің келесі көрінісі пионефроз — бүйрек паренхимасының ірінді босауы мүмкін. Пионефрозда бүйректің қызметі толығымен немесе қайтпастай болып жойылады, осыған байланысты қолданылытын бірден-бір емдеу әдісі — нейрэктомия. Гидронефроздың дамуы несепағардың окклюзиялық тастары […]
ДСТЛ кезінде туатын асқынулар, олардың профилактикасы және емдеуі
Біздің мағлұматтарға карағанда, ДСТЛ кезінде науқастардың 90 процентінде қысқа мерзімдік гематурия, 25 процентінде — бүйрек шаншуы, 10 процентінде қалтыратпайтын, бір реттік гипертермия, 2,6 процентінде — ДСТЛ жағындағы пиелонефриттің асқынуы, 0,6 процентінде — «тас жол» немесе несепағарда ірі фрагменттердің түйісуі байқалған (мұндай фрагменттер ДСТЛ-ды қайталау немесе литоэкстракциямен қоса, трансуретральды эндоскопиялық литотрипсияны қолдану арқылы жойылған), 0,2 процентінде […]
Несептастарының түрлері
Әр түрлі несеп тастарының химиялық құрамы мен жиілігі әр түрлі географиялық аймақта түрліше болып, жеке де, бірігіп те кездесуі мүмкін. Оксалат уролитиазы барынша таралған, оның жиілігі әр түрлі аймақта 45-72 % құрайды, кальций-фосфат уролитиазы — 14-39 %, несеп қышқыл уролитиазы — 11-20 % құрайды; 0,3-0,4 %-i — цистин тастарының үлесіне, 0-0,4 %-і — белокты тастардың […]
Себепті (кузальды) генез фарторлары
Бүйрек тасының түзілуіне себепші болатын факторларды экзогенді және эндогенді факторларға бөледі, ал эндогенді факторларды — жалпы (бүкіл организмге тән) және жергілікті (тікелей бүйректегі өзгерістерге байланысты) факторларға бөледі. Нефролитиаздың эндемиктігін экзогенді этиологиялық факторлардың рөлімен түсіндіреді. Адамның тамақ және су ішу режиміне әсер ететін климаттың, топырақтың геологиялық құрылымының және онымен байланысты су құрамының, флора мен фаунаның маңызы […]
Нефроуролитиаз және екіқабаттық
Бүйректің тас аурулары мен екіқабаттықтың ұштасып келуінің зор ғылыми және практикалык маңызы бар. Әдебиеттердегі мағлүматтарға қарағанда, екіқабат әйелдердегі бүйректің тас ауруларының жиілігі 0,1-0,12% болады. Кейбір авторлар бүйректің тас аурулары кезіндегі екікабаттықты қостамайды, олар екіқабаттықпен қатар жүретін алмасу процестерінің бұзылуы, несеп жолдарының толуы және оларға инфекция енуі конкременттердің пайда болуына себепші болады, тастың өсуін тездетіп, оны […]