Себепті (кузальды) генез фарторлары

Бүйрек тасының түзілуіне себепші болатын факторларды экзогенді және эндогенді факторларға бөледі, ал эндогенді факторларды — жалпы (бүкіл организмге тән) және жергілікті (тікелей бүйректегі өзгерістерге байланысты) факторларға бөледі. Нефролитиаздың эндемиктігін экзогенді этиологиялық факторлардың рөлімен түсіндіреді. Адамның тамақ және су ішу режиміне әсер ететін климаттың, топырақтың геологиялық құрылымының және онымен байланысты су құрамының, флора мен фаунаның маңызы […]

Read More

Нефроуролитиаз және екіқабаттық

Бүйректің тас аурулары мен екіқабаттықтың ұштасып келуінің зор ғылыми және практикалык маңызы бар. Әдебиеттердегі мағлүматтарға қарағанда, екіқабат әйелдердегі бүйректің тас ауруларының жиілігі 0,1-0,12% болады. Кейбір авторлар бүйректің тас аурулары кезіндегі екікабаттықты қостамайды, олар екіқабаттықпен қатар жүретін алмасу процестерінің бұзылуы, несеп жолдарының толуы және оларға инфекция енуі конкременттердің пайда болуына себепші болады, тастың өсуін тездетіп, оны […]

Read More

Қуық тастары

Этиопатогенез. Бұл еркек жынысты адамдардың балалық шағы мен егде жасында айтарлықтай жиі кездесетін ауру. Қуық тастары бастапқы (қуықта түзіледі) немесе ақырғы (бүйректен түскен) тастарға бөлінеді. Мынадай жағдайлар тастың түзілуіне себепші болады: — әсіресе несептің  рН-ы сілтілі болатын жағдайлар; — қуықтағы бөгде денелер; — қуық безінің қауіпсіз гиперплазиясы; — қуық безінің рагы; — қуыктың ісіктері; — […]

Read More

Несеп-жыныс мүшелерінің туберкулезі

Туберкулездің өкпеден тыс формаларының ішінде несеп-жыныс мүшелерінің туберкулезі сүйек туберкулезінен кейін екінші орын алады. Соңғы жылдары жалпы өкпе туберкулезі, сонымен қатар туберкулездің өкпеден тыс түрлері көбеюде. Бүйректің, несеп жолдары мен еркектің жыныс мүшелерінің туберкулезі-аса ауыр урологиялық аурулардың бірі. Клиникалык практикада бүйрек, несепағар, қуық, үрпі, ен мен оның қосалқысы, қуық асты безі, ұрық көпіршігі, ұрық бауы […]

Read More

Несеп-жыныс мүшелерінің филяриатозы (құрт аурулары)

Этиологиясы. «Филяриатоз» ұғымы Filariata тармағына жататын не-матодалар туғызатын паразиттік ауруларды біріктіреді. Бұл аурулар кейбір тропик елдерінде кең таралған. ТМД елдерінде олар өте сирек кездеседі, ол филяриатоз таралған елдерде тұратын адамдардан ғана табылады. Адамның негізгі филяриатозы — вухерериоз (қоздырғышы -Wuchereria Banerofti, s. Filaria sanguinis hominis), бругиоз (қоздырғышы — Brugia malayi). Патогенез. Аурудың қоздырғышы Culex, Anopheles туысына […]

Read More

Несеп-жыныс мүшелерінің шистозоматозы (бильгарциоз)

Шистозоматоз бірқатар ыстық елдердің халықтары арасында несеп-жыныс мүшелерінің барынша кең таралған паразиттік ауруы болып та­былады. Этиологиясы. Несеп-жыныс мүшелері шистозоматозының қоздырғышы Shistjsoma Haematobium болып табылады. Шистозоматоздың даму циклі иесінің ауысуына байланысты. Жыныстық жағынан жетілген формасы ақырғы иесі-адамның кішкене жамбасының вена шоғырларында тіршілік етеді. Гельминтоз Африкада кең таралып, онда халықтың25 процентін зақымдаған. Ауру суға шомылғанда немесе суда […]

Read More

Бүйрек эхинококкозы

Этиологиясы. Қазіргі уакытта бүйрек эхинококкозы айтарлықтай сирек, негізінен ауыл шаруашылықты аудандарда кездеседі. Әртүрлі мүшелердің эхинококкоз ауруларының барлық жағдайларының ішінде бүйректің зақымдануы 1,5-5 процентті құрайды да, бауыр, өкпе, құрсак пен шажырқай, бұлшық ет пен көк еттен кейін жиілігі жөнінен 6-орын алады. Бұл, әдетте, бір жақты процесс. Оң және сол жақ бүйректің зақымдану жиілігіндегі айырмашылық шамалы. Ауруды […]

Read More

Бүйрек абсцессі

Бүйрек абсцессі іріңді жедел пиелонефриттің өте сирек кездесетін формасы болып табылады. Ол кең жайылған қабынба инфильтраттың орнында тіндердің іріңдеп іруінің салдарынан жедел пиелонефриттің асқынуы ретінде пайда болуы мүмкін не апостематоздық пиелонефрит кезінде іріңдіктер тобының қосылып кетуінің салдары ретінде немесе бүйрек карбункулының абсцесстенуі жағдайында пайда болады. Сондай-ақ бүйректің метастаздық абсцесстері де байқалады, олар экстрареалдыққабыну ошақтарынан (деструкциялық […]

Read More