Екіншілік жедел пиелонефриттің айқын мысалы екіқабат әйелдердің жедел пиелонефриті болып табылады. Ол өте жиі кездесетін болғандықтан, аурудың ерекше бір формасы болып сараланған. Жедел пиелонефрит әдетте жүкті кезеңнің екінші жартысында, орта есеппен 2,5-5% жағдайда байқалады да, мұндай жағдайда бүйректің астауының қысымын 2 есе көтереді. Екі қабат әйелдерде пиелонефриттің пайда болуына күн ілгері бейімдік факторлары мыналар: 1) […]
Category: Медицина
Ендердің аномалиялары
Балалардың 1,5 — 5 процентіне жуығы ен аномалияларымен туады. Бұл аномалиялар ен санының, құрылымы мен орналасуының аномалиялары болып сараланады. Сан аномалияларына монорхизм, анорхизм және полиорхизм жатады. Монорхизм. Аномалия бір еннің тумыстан жоқ болуына саяды. Диагноз ультрадыбыстык және ангиографиялык зерттеулер қойылып, крипторхизм жөніндегі операцияны жасау кезінде қуатталады. Контрлатеральдық еннің функциясы сақталған жағдайда екінші еннің болмауы бала […]
Несеп шығару өзегінің аномалиялары
Уретраның туа біткен кеңеюлері Бұл орайда несеп шығару өзегі қабырғаларының қап тәрізді бұлтиып шығуы айтылып отыр; несеп шығару өзегімен тар өзек арқылы катынасатын бұлайша бұлтию дивертикул деп аталады. Дивертикул әрқашан уретраныңтөменгі бетінде болады. Көбіне бірден мүшенің басынан басталып ол уретраның бульбоздық бөлігіне дейін ең артқа қарай тарайды. Дивертикулдың үлкендігі волох жаңғағынан бастап тауық жұмыртқасындай аралықта […]
Қуық аномалиялары
Қос қуық. Қос қуық өте-мөте сирек кездесетін даму аномалиясы болып табылады. Қуықтыңтолық қосарлануы (vesica duplex completa) кезінде әрбір жартысының бөлек жатқан несепағар сағасы мен несеп шығару өзегі болады. Толық емес қосарлануда (vesica duplexincompleta) қуыктың екі жартысы бір-бірден несепағар сағасы болып, өзара қосылады. Бұл жағдайда несеп шығару өзегі екі қуыс үшін ортақ болып табылады. Кейде қуықтың […]
Несеп-жыныс жүйесінің аномалиялары
Бүйректер мен несеп жолдары дамуы аномалияларының көптеген синонимдері бар, мұның өзі процестің түрі мен стадиясының сипаттамасын, мақсатқа сай емдеу нұсқауларын белгілеуді және қолжеткен нәтижелерді бағалауды шатастырады. Жоғарғы несепжолдары аномалиялары топтастырылуын жасау маңызды және өте қиын міндет екені күмәнсыз, өйткені таптастырудың кай түрі болса да клиницистерді, патоморфологтарды, физиологтарды және басқа мамандарды бірдей дәрежеде қанағаттандыра алмайды. Өкінішке […]
Бүйректің жарақаттанулары
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында механикаландыру мен автоматтандырудың кеңінен қолданылуы, жол және рельс көлігінің автомобиль және басқа түрлерінің көбеюі, дене шынықтыру мен спорттың дамуы, екінші жағынан, әр түрлі жарақаттарға, соның ішінде несеп-жыныс органдарының да зақымдалуына себепші болуы мүмкін. Алайда бұл мүмкіндік белгілі бір жағдайда ғана шындыққа айналады, ал ондай жағдайлар: өндіріс пен ауыл шаруашылығында қауіпсіздік техникасыныңбұзылуы, […]
Жыныс мүшесінің зақымданулары
Жыныс мүшесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері себепті жарақаттаушы агент үшін бұл органға жету біршама қиын болады. Жыныс мүшесінің зақымдалулары әдетте ол эрекцияланған күйде болған кезде кездеседі. Жыныс мүшесі зақымдануын қадағалаулардың көпшілігі оның ашық жарақаттануларына қатысты. Жыныс мүшесінің зақымданулары жарақаттың типі мен сипаты жөнінен және бұл органда болатын анатомиялық өзгерістердің түрлері жөнінен барынша әр алуан сипатта болады. Жыныс […]
Қуық безі мен ұрық қуықшаларының зақымданулары
Қуық безі мен ұрық қуықшалары кіші жамбас астауының тереңінде орналасқан, қасаға және шонданай, сегізкөз сүйектерімен, бұлшық еттермен, май клетчаткасымен және ішкі органдармен жабылған; осы себепті олар әр алуан сыртқы жарақаттанулар кезінде зақымданудан едәуір дәрежеде қорғалып тұрады. Бұл органдар қуықпен, несеп шығаратын өзекпен тығыз байланысты, сондықтан олардың бүтіндігі бұзылған кезде көбіне қабаттасқан зақымданулар пайда болады. Жарақаттанудың […]