Гомеопатия медицинада ерекше бағытты көрсетеді, оның ерекшелігі — ауруды ауырған кездегі жағдайды тудыра емдеу. Гомеопатия, емдеу жүйесі ретінде, 200 жыл болды. Неміс дәрігері С. Ганеман тәжірибе жүзінде мынаны орнатты, егер ол сау адамда аурудың белгілерін тудыратын жағдайда ауру мынадай дәрілік заттармен емделеді.

Сырқат агенттерінің әсері мен дәрілер тудыратын әсерлердің ұқсастығы көне медицинада белгілі болған. Халық медицинасында бұл жайлы мақал-мәтелдердің бары белгілі. С. Ганеман өткен ғасырдың дәрігері болды, радикалды терапиялық әдісті қолданатын медицинаға: қан ағызу, тазартатын клизма және басқа да тәсілдер, организмді керексіз әлсіретпейтін әдістер жатады. Дәрілік терапияға күшті, әсерлі дозадағы әр түрлі заттардың жиынтығы кіреді. Олардың әсері ешқашан тәжірибе жүзінде тексерілмеген, ал қолдану мақсатына соқыр сеніммен алмастырылды.

Самуил Ганеман тілді шамадан тыс білгендіктен, оқумен қоса тілмаштық қызмет етті. Өзінің тілмаштық қабілеті жақсы болғандықтан, ол медицина, фармокология, химияны терең меңгерді. Белгілі фармокологтың еңбектерін аудару үстінде ол хин ағашының қабығының емдік қасиеті «асқазанды қоздырғыш қасиетімен» байланысты деген ешнәрсемен дәлелденбеген тұжырымдамамен кездесті. Бұл Ганеманның сыншыл ақылын қоздырды. Ол сол әрекетті өзіне жасап көрмекші болды. Бұл гомеопатиялық туу уақыты болды. Оның бірінші принципі: дені сау адамда дәрінің әсері тексерілуі керек. Хин ағашының қабығының тудыратын әсерін тексергенде, Ганеманның байқауы бойынша малярия ауруы кезіндегі белгілер көрінеді. Ол дәрінің қолдануын тоқтатқанда, бұл симптомдар жоғалды.

Ұқсастық заңдылығын ол 1796 жылы жасады. Әр дәрі адамзат организмінде өзіндік бір сырқат тудырады. Табиғатта болатын созылмалы аурулардың жазылып кетуі жаңа ауруларды тудыруының арқасында болатын жағдайға еліктеп, созылмалы ауруларды жасанды ауруларға ұқсасты тудыратын дәрілік заттармен емдегенде жазуға болады.

Ұқсастық ережесі сәйкестендіруге негізделген: дені сау адамда дәрінің тудыратын белгілері мен сырқаттанғандарда болатын белгілер белгілі мөлшерде болуы тиіс. Ұқсастық заңдылығын тәжірибеде қолданғанда аурулардың индивидуалды белгілерін ескерген жөн.

Емдеу кезінде бірнеше ережелерді сақтау керек: ауруды күтіп, ағзаны жаттықтыру және негізгі функцияларды қолдау. Мысалы, миокард инфаркты кезінде науқасқа тыныштық сыйлау, коронарлы қан айналу және жүрек бұлшық етінің функциясын қадағалап, қолдап отыру қажет. Жаттықтыру міндеті — тітіркендіру процесіне организмнің өзіндік реттеушілік жауабын күшейту.

Тітіркендіру күшіне объективті өлшем, шек жоқ. Науқастың реакциясы, жауабы бәрін шешеді. Тітіркендіру дәрежесін жауап білдіреді. Дәрі-дәрмек жасанды ауру шақырады. Ол барлық бөгде зат сияқты спецификалық тітіркендіргіш әсерін тудырады. Оның емдік эффекті ағза реакциясымен байланысты.

Жалпы медицинада реттеуші терапияның ерекше формасы бар — гомеопатия, ол үш қағидаға негізделген:

  1. Дені сауларға дәрілерді қолдану.
  2. Ауру-сырқаудың клиникалық көрінісін индивидуалды есепке алу.
  3. Ұқсастық заңдылығы, тәжірибелік дәрілік әсерлер мен сырқаттың өзіндік көрінісімен салыстыру.

Гомеопатиялық дәрі жеткіліксіз затты толықтырмайды. Ол организмді басқаратын орталық процестерге реттеуші әсер етеді. Әрбір тірі организм ішкі өмір заңдылығына сәйкес тепе-теңдікті сақтауға ұмтылады.

Өзін-өзі реттеу процесін зақымдаушы фактор төмендетеді, мысалы, қабынуды, вегетативті реакцияны, лихорадканы. Реттеу процесінің көбі, мысалы, лихорадка, өте күшті өтеді. Оны «ішкі дәрігер», «ауырсына жазылдыру» деп есептейді. Темпера-тураны ойланбай төмендетуге құлшыну өзін-өзі реттеу процесін бұзуы мүмкін. Гомеопатияның көздеген мақсаты — өзі жазылуды қолдау. Ол — организмнің өзіне көмек етудің көмекшісі.

Гомеопатия да ресми медицина сияқты ауруларға қарапайым клиникалық әдістер жасауға негізделеді. Объективті берілулер аурулы бұзылыстың түрі деп анықтауға болады. Ал субъективті берілулер тереңірек қарастыруға мүмкіндік береді. Ауру адам дәрігер алдында тәні мен жаны бір ақылға жинақталған ерекше тұлға ретінде көрінеді. Гомеопатиялық дәрілерді тексеру, таңдау мен оның әсері сырқаттың психосоматикалық көріністерімен анықталады. Арнайы гомеопатиялық өңдеудің нәтижесінде ғана өте аз мөлшерде берілген дәрілердің емдік қасиеті айқындалады. Осындай өңдеудің нәтижесінде рецепторларға әсер ететін қоздырғыш қасиеті артады.

Терапиялық белсенділік пен заттың концентрациясы арасында тікелей тәуелділік жоқ. Әр түрлі концентрацияның эффектісі организмнің өзінің ерекше, сол берілген заттың тітіркенуіне жауап беруімен анықталады. Гомеопатияда қолданылатын дәрілік заттарды функционалды және конституционалды деп бөлеміз. Конституционалды заттардың әсер етуі ауқымы жағынан салыстырғанда функционалды заттардың әсер ету шектелген.

Функционалды заттар белгілі бір мүше мен ұлпалардың функциясының айқын таңдау қасиетіне ие. Гомеопатиялық заттар дәрілік асқынушыларды тудыратынын айта кеткен жөн. Көптеген жағдайда бұл қолайлы көрсетілген белгі, ол ерекше реттеуді талап етпейді. Оның айқын көрінуі кезінде емдеу реттеуді талап етеді. Дәрілік асқынулар дәріні қолдану ұзақтығына қарай күш азая береді, бұл медикамент тердің қарапайым дозасы тудыратын зиянды әсерлерге қарағанда гомеопатияда ерекшеленеді. Дәрілік асқыну емдеудің жақсы компоненті болуы тиіс емес, көбіне ол болмайды немесе сөнген күйде өткендіктен ауру оны байқамайды. Гомеопатиялық дәрілердің оң нәтижесі әр түрлі уақытта пайда болуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *