Алғашқы жалпы стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым — Стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардың халықаралық қауымдастығы 1926 жылы құрылды, алайда 1939 жылы дүние жүзілік соғыстың басталуына байланысты ол тарап кетті. Қазіргі уақытта жұмыс істейтін Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымды ИСО (ISO) 1946 жылы 25 ел құрған болатын. ИСО қызметінің саласы электр техникасы мен электрониканы қоспағанда, барлық саладағы стандарттауды қамтиды. Осы салалардағы стандарттаумен Халықаралық электр техникалық комиссия (ХЭК) айналысады. Кейбір жұмыстарды ИСО мен ХЭК бірлесіп атқарады.

ИСО-ның міндеттері: тауарлармен және қызметтермен халықаралық алмасу мақсатында әлемде стандарттау мен салалас қызмет түрлерін дамыту, сондай-ақ тауарлармен және қызметтермен халықаралық алмасуды қамтамасыз ету мақсатында әлемде стандарттау мен салалас қызмет түрлерін дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ интеллектуалдық, ғылыми-техникалық және экономикалық салаларда ынтымақтастықты дамыту. Қазіргі уақытта ИСО-ға әлемнің 160 елі, оның ішінде Қазақстан Республикасы да кіреді, оның құрамында 200-ден астам комитет жұмыс істейді. ИСО-ның штаб-пәтері Женевада (Швейцарияда) орналасқан.

ИСО-дың жоғарғы басшы органы үш жылда бір рет өткізілетін Бас ассамблея болып табылады. ИСО-ны ИСО Кеңесі тікелей басшылық жасайды. Негізгі үйлестіруші жұмыс 7 негізгі комитетте: СТАКО«- стандарттау жөніндегі ғылыми қағидаларды зерттеу жөніндегі комитетте; ПЛАКО — техникалық бюрода, КАСКО — сәйкестікті бағалау жөніндегі комитетте, ИНФКО — ғылыми-техникалық ақпарат жөніндегі комитетте, ДЕВКО — дамушы елдерге көмек көрсету жөніндегі комитетте, КОПОЛКО -тұтынушылардың мүдделерін қорғау жөніндегі комитетте, РЕМКО — стандартты үлгілер жөніндегі комитетте жүрі ізіледі.

Халықаралық стандарт жасау жөнінде жұмыс комиссияларын құра алатын техникалық комитеттер мен кіші комитеттер тікелей жұмыс жасайды. 1996 жылдың деректеріне сәйкес ИСО ауқымындағы халықаралық стандарттауды 2832 жұмыс тобы жүргізеді. ИСО-ның ресми тілі — ағылшын, француз және орыс тілдері. ИСО 27 000-нан аса стандарт әзірледі, қазіргі уақытта жыл сайын 100-1100 стандарт жыл сайын әзірленіп, қайта қаралады. Орыс тіліне барлық стандарттың 7%-дан астамы аударылды. ИСО 500-ден аса халықаралық ұйыммен, оның ішінде БҰҰ-ның арнайы мамандандырылған агенттіктерімен байланыс жасайды, ал Еуропалық стандарттау жөніндегі комитетімен (СЕН) өте тығыз байланыс жасайды. ИСО-ның басқа ең ірі әріптесі — Халықаралық электр техникалық комиссиясы (ХЭК). Жалпы осы 3 ұйым стандарттау жөніндегі бүкіл халықаралық қызметті толық қамтиды. Соңғы уақытта елдердің интеграциялануына байланысты ИСО қызметінің маңызы мен ауқымы едәуір кеңейді.

ИСО стандарттарының міндетті мәртебесі жоқ. Кез келген ел оларды қолдануға немесе қолданбауға құқылы. Қазақстанда ИСО стандарттарының жартысына жуығы қолданылады және стандарттардың 20%-да ғана нақты өнімге талаптар қойылады. Стандарттардың басым бөлігі өнімнің қауіпсіздік, өзара алмасымдылық, техникалық үйлесімділік мәселелеріне, оларды сынау әдістері мен жалпы әдіснамалық мәселелерге жатады.

Халықаралық электр техникалық комиссия (ХЭК) 1904 жылы құрылды және ол стандарттау жөніндегі алғашқы салалық халықаралық ұйым болып табылады. Комиссия электр техникасы, электроника, радио байланыс, аспап жасау саласында стандарттаумен айналысады. Барлық қатысушы-елдердің ұлттық комиссияларынан Кеңес — ХЭК-тің жоғарғы басшылық органы құралады.

ХЭК-тің негізгі үйлестіруші органы — Іс-қимыл комитеті. Аталмыш Комитет жұмыстың жаңа бағыттарын дамытудың қажеттілігін анықтап, әдістемелік құжаттарды әзірлейді, сонымен бірге басқа ұйымдармен өзара ықпалдасу мәселелерін шешуге қатысады, Кеңестің тапсырмаларын орындайды.

ХЭК-тің стандарттарын екі түрге — салаларалық сипаттағы жалпы техникалық және нақты өнімге қойылатын талаптар кіретін техникалық стандарттарға бөлуге болады. ХЭК жыл сайын халықаралық стандарттау бойынша 500-ден астам тақырыпты қарайды және 2000-нан астам стандарт қабылдады. Осы стандарттар ИСО стандарттарымен салыстырғанда анағұрлым нақты болып табылады.

ХЭК-тің құрамында аспаптар тарататын радио тосқауылдарды өлшеу әдістерін стандарттаумен айналысатын Халықаралық радио тоскауылдар жөніндегі арнайы комитет (СИСПР) жұмыс істейді. ХЭК ИСО-мен бірлесіп ИСО/ХЭК Басшылығы мен ИСО/ХЭК-тің сынақ зертханаларын стандарттау, сертификаттау, тіркеудің өзекті мәселелері мен әдістемелік мәселелер жөніндегі директиваларын эзірлейді.

БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ-ның ЕЭК) стандарттау саласындағы басты мақсаты стандарттау саласының үкімет деңгейіндегі бағыттарын әзірлеу және осы саладағы басымдықтарды анықтау. БҰҰ ЕЭК ИСО-мен және ХЭК-мен әлемнің барлық елдеріндегі ұлттық стандарттау проблемаларын шешуде өзара ықпалдасады.

Тәуелсіз Мемлекеттер достастығының Мемлекетаралық стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі кеңесі (ММК) ТМД-ның стандарттау, метрология және сертификаттау жөнінде келісілген саясатын қалыптастыру мен оны жүргізу жөніндегі үкіметаралық орган болып табылады.

ММК 1992 жылғы 13 наурыздағы «Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімге» сәйкес стандарттау, метрлология және сертификаттау саласындағы жұмыстарды үйлестіру, көрсетілген салаларда мемлекетаралық стандарттаудың, метрологияның, сертификаттау мен аккредиттеудің негізгі бағыттарын анықтау үшін құрылды. ММК мемлекетаралық стандарттарды қабылдайды. ММК-дің жоғары органы Келісімге қатысушы-мемлекеттерде жылына екі рет кезекпен өтетін ММК мүшелерінің мәжілістері болып табылады. Мәжілістердің арасында Кеңестің жұмысын басқаруды Төраға жүзеге асырады. ММК төрағасының функциясын стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі ұлттық органдардың басшылары кезекпен атқарады.

ММК-нің жұмыс органы сарапшылар мен өңірлік Ақпараттық орталық құрамындағы Стандарттар жөніндегі бюро болып табылады. Кеңес жанында 230-дан аса стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитет құрылған. Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйым (ИСО) 1995 жылы ММК-ні — Еуразиялық стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі кеңес (EASC) сияқты Стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым ретінде таныды. ММК өзінің қызметін «Мемлекетаралық стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі кеңес туралы ережеге» сәйкес жүзеге асырады. Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырып жүргізу «Мемлекетаралык стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі кеңестің ережесіне» сәйкес жүзеге асырылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *