Жұқпалы инфекция – мал ағзасына енген микроорганизмдермен байланысқа түсу нәтижесінде өтетін құбылыстардың көрінісі.

Осы күрделі биологиялық құбылыстың ең соңғы түрі жұқпалы аурулардың дамуымен сипатталады. Инфекцияның дамыуынамалды дұрыс күтпеу,дұрыс азықтандырмау және малды дұрыс пайдаланбау сияқты зоогигиеналық ережелердің сақталмауы жақсы жағдай туғызады.

Жұқпалы қоздырғыш аэробты және анаэробты микроорганизмде болып саналады. Операциялық жараның микробтық былғануы негізінен қолдың қатынасы, лас құралдар мен тігісті және таңғыш заттарды қолдану жатады.

Антисептика және асептика. Операциялық және кездейсоқ жаралардың микробтық былғануы хирургия дамалдың өсімі мен әртүрлі асқынулардың дамуына әкеліп соғады.

ХХІғ. ортасынадейінхирургиялық инфекция жайлы түсінік қалыптаспады. Бірақ осы кездің өзінде жара инфекцияларының қоздырғыштары сыртқы ортадан (әсіресе ауадан) келетінін білген.

Венгер дәрігеріИ.Земмельвейс (1861ж) бастапқылардың бірі болып әйелдердің босанғаннан кейінгі асқынулар себебі-дәрігердің кір қолы екенін айтты.

Сондықтан да ол қолды жыныс жасушаларын зерттеудің алдында хлорлы әктас ерітіндісі арқылы жууды ескертті. Осыған байланысты асқынулар мен өлімді күрт төмендетуге жағдай туды. Осы уақытта орыс хирургі Н.И.Пирогов жараны емдеуге хлорлы әктас ерітіндісін, йодтың спирттегі ерітіндісін қолданды.

Бірақ бұлар асқынудың нағыз себептерін ашып бере алмады. Тек өткен ғасырдың 50-60 жылдары Л.Пастердің зерттеулері ақуыз дененің ашуы мен шіруін де микробдың маңызы зор екенін танытты.

Осы жаңалықтың негізінде 1867жылы ағылшын хирургі Листер жара инфекциясының әдісін ойлап шығарды.Жараға 5℅-дық карбон қышқылы ерітіндісін қолдану және осы ерітіндімен заттарды, құралдарды, қолды жууды және операциялық бөлмеге шашып қоюды ұсынды.Осы жаңалық антисепкалық әдістің негізін қалады. Антисептика(анти-қарсы, сепсис- шіру, шіругеқарсы). Ол патогендік микробтардың жарадағы жәнезаттардағыөмірсүргіштігінбосататынәдістердіңжиынтығы.

Антисептика бірнеше түрлерге бөлінеді:

1) механикалық антисептика-жарада ұйығанқанды, бөгде денелерді,өлі тіндерді механикалық түрде алу;

2) физикалық антисептика- жарадағы тін бұзылуынан, бөлінген заттармен,улызаттардың сіңірілуін азайту және бактериялардың дамуын тежеуге арналған заттарды қолданылуымен түсіндіріледі. Мұның негізгі бағыты жараны кептіретін ұнтақтар қолдану мен емдеудің ашық түрін қолдану;

3) химиялық антисептика- жарадағы бактерияларды өлтіру немесе олардың дамуы мен көбеюін тежеу мақсатында әр түрлі ағзалық немесе ағзалық емес заттарды қолдану.

4) биологиялық антисептика жараны немесе малды емдеуге антибиотиктердің немесе басқа да өсімдік,жануар текті заттарды және де ағзаның қорғаныс күшін өсіретін заттарды қолданумен түсіндіріледі;

5) кешенді- жоғарыда айтылған түрлердің бірнешеуін қолдану.

Алайда уақыт өткен сайын антисептикалық әдістің қайшы жақтары да көріне бастады, мысалы, карбол қышқылыныңтереңдегі тіндер мен теріні тітіркендіруі. Біраз тәжірибе жиналғаннан кейін жараны емдеуге операцияны жасар алдындағы тазалықтың және таңғыштың әсері көп екені біліне бастады.

1888-1891 жылдары неміс хирургі Эрнест Бергман операция жасағанда асептикалық әдісті тауып қолданды. Сонымен, асептика дегеніміз- операция кезінде микробтардың жараға, тіндерге, мал денесінен алдын ала сақтандыратын әдіс. Бұған жету үшін құрал-жабдықтарды залалсыздандыру, биологиялық және физикалық факторларды және химиялық заттарды қолдану қажет.

Хирургиялық жұмыстың әртүріндеасептикалықзаңдықатаңсақтаукерек.

Таңғыш материал мен операциялықматанызалалсыздандыру. Операциялықматанызалалсыздандыруалдындатазалығынжәнебүтіндігінтексереді. Таңғыш материал мен матаныавтоклавта, үтіктеу және қайнату арқылы зарарсыздандырады.

Қайнату арқылы зарарсыздандыру. Ол үшін материалды дәке сулығына орап, стерилизаторға немесе басқа ыдысқа салады. Осыдан кейін ыдысқа су немесе этакридинлактаттың ерітіндісін (1:1000) құяды да, қайнатады. Сумен зарарсыздандырғанда су қайнаған нан бастапбірсағат, ал этакридинерітіндісін жарты сағатқайнатукерек. Операциялық мата мен таңғыштардызалалсыздандырудыңеңқарапайымтәсілі- үтіктеу.Ол үшін материалды 2-3 қайтара үтіктеп, дұрыстап бүктеп, биксаға салады немесе жамылғымен орап қояды.

Құралдардызалалсыздандыру. Құралдардықайнату, күйдіру арқылы және химиялық заттар қолданып зарарсыздандырады. Алайда құралдарды зарарсыздандырудың ең сенімді түрі қайнату болып саналады. Ол үшін құралдарды тазалап сүртеді, бір- бірінен ажыратып, бұзылатындарын бұзады.Осыдан кейін стерилизаторға су құйып, 0,25℅-дық натрий гидроксидіннемесе 1℅-дық натрий карбонатын қосады. Осы негіздер судағы тұздарды тұнбаға түсіреді де, құралдарды тат басудан сақтайды және залалсыздандыруды жақсы өткізеді. Енді осы  ерітіндіні қайнауға дейін жеткізіп, 3-5 минут қайнатып, құралдар салынған торды стерилизатор ішіне батырамыз. Ерітінді 3-5 минут қайнағанда судағы еріген оттегі бөлініп, өзі сілтемен нейтрализденеді (бейтараптанады).

Залалсыздандыруды 15-20 минут бойыжүргізеді. Осыдан кейін торды стерилизатордан алып, құралдарды таза заттық үстелге қояды немесе стерилизатордың ішінде қалдырады.  Операциядан кейін құралдарды сумен щетканың көмегімен жуып, 2℅ натрий гидрокарбонат ерітіндісінде қайнатып, құрал-жабдық шкафына орналастырады. Асептикалық операциялардан кейін құралдарды 15 минут, ал іріңді операциядан кейін 30 минут қайнатады.

Шыны түтіктерді темір құралдардан бөлек тазартылған немесе қайнаған суда сілті қоспай залалсыздандырады. Шприцтерді қайнату үшін цилиндрді поршеньнен жеке алады. Оларды 15 минут қайнатады. Резеңке заттарды тазартылған суда 30минут бойы қайнатады немесе автоклавпен залалсыздандырады.

Күйдіру арқылы залалсыздандыруды эмальды ыдыста немесе стерилизаторда жүргізеді, ол үшін құралдарға аз мөлшерде спирт құйып, біркелкі күйдіреді. Бұл жағдайды қысылтаяң жағдайда қолданады.

Суықтық (химиялық) залалсыздандыру. Бұл әдісті қайнатуға жағдай жоқ кезде қолданады. Ол үшін құралдарды 10 минут (1:200) диоцид ерітіндісіне немесе Каретников сұйықтығына (20г формалин, 3г карбол қышқылы,15г натрий карбонат және 1000мл тазартылған су) батырады. Кей кезде фурацилиннің (1:1500) мөлшердегі спирттік ерітіндісін, 0,5℅-дық формалиннің спирттегіжәне 1℅-дық бриллиант көгінің спирттегі ерітінділерін қолданады.

Қолды операцияға дайындау әдістері.

1.Альфель әдісі:

Щетка және сабын мен ыстық суда 3 минут жуып, осындай уақытта 960спиртпен сүртеді.

  1. Спасокукоцкий-Кочергин әдісі:

Екілегенге 0,5℅-дық мүсәтір спиртінің ерітіндісі қосылған ыстық су құяды да, кезекпен 2,5минуттан  екеуіне де қолдыжуады. Егер де екінші легенде су мөлдірболмаса, онда қолды қайтара жуады.Осыдан кейін қолды құрғата  отырып,3-5 минут бойы винный спиртке батырылған дәке сулығымен сүртеді. Саусақ үшін 5℅-дық йод ерітіндісімен тазалайды.

3.Напалков  әдісі:

Алдындағы әдіске ұқсас, бірақ та қолды жууға калий перманганаты (1:2000) ерітіндісін, ал залалсыздандыру үшін денатурат спиртін қолданады. Соңында саусақ ұштарын йод ерітіндісімен сүртеді.

  1. Кияшев әдісі:

Қолды тазарту үшiн 2 легенге кезекпен 0,5℅-дық мүсәтір спиртінің ерітіндісіне 5минут жуады, осыдан кейін 3минут бойы ақырындап құйып, 3℅- дық цинк сульфатының ерітіндісімен жуады. Саусақ ұштарын йод тұнбасымен сүртеді.

  1. Оливков әдісі:

Қолды жоғарыдағы әдістердің бірімен жуып және механикалық тазалығынан кейін 2 рет йодталған спиртке батырылған тампонмен сүртеді (1:3000 немесе 1:1000). Әсіресе, жұмыстан соң қол қатты кірлегенде, 1:1000 мөлшердегі ерітіндімен сүрткен жөн. Операциялық алаңды дайындау. Алдымен жүн жамылғыны қырқады немесе қырады. Осыдан кейін теріні майдан және механикалық тазарту үшін 1-2 минут бойы 0,5%- дық мүсәтір спиртіне немесе бензинге батырылған дәке тампонмен сүртеді. Бұдан кейін теріні 2 қайтара 5℅-дық йод тұнбасымен сүртеді. Йод тұнбасының орнына 5℅-дық танниннің судағы ерітіндісін, 10℅-дық калий перманганаты, 1℅-дық бриллиант көгінің спирттегі ерітінділерін қолдануғаболады. Барлық операциялық алаңдарды даярлағанда, ортасынан аншетіне қарай сүртеді. Тек іріңді ошақтарды шетінен ортасына қарай сүртеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *