Мал шаруашылығы құрылыстарының ветеринарлық-санитарлық жағдайы көбінесе ферма аумағы мен қорадан экскременттер және тоқтау суларды жоюды ұйымдастыруға байланысты болады. Қидың жиналып қалуы гигиеналық көзқарас тұрғысынан қауіп төндіреді. Байқаулар қида көптеген аурулардың қоздырғыштары ұзақ уақыт сақталатынын көpceттi.

Қиды жинауда және утильдеуде ветеринарлық-санитарлық талаптар ескерілмеуі ферма ауасының зиянды газдармен ластануына және малды тынышсыздандырып қана қоймай, жұқпалы аурулар тасымалдаушылары болып табылатын шыбындардың көбеюіне себеп болады. Сондықтан ғимарат қи және қи садырасын шығарудың сәйкесінше жүйесімен жабдықталған болуы тиіс.

Бөлінетін экскремент мал түрiнe, жынысына, жасына, азықтандыруға, суаруға, ұстау жүйесіне және жыл маусымына байланысты болады.

Шаруашылық топтары Зәр, л Hәжic, кг
Өндіруші бұқалар 10 30-35
Сиырлар 20 35-40
Қашарла 7 20-25
Бұзаулар 2 5-10
Өндіруші қабандар 6 9
Мегежіндер 8 9
Айырған торайлар         0,8 2,5
Ересек койлар 1 4
Жылқылар 15 20

Әр жылда алынатын қидың орташа мөлшері (тонна):

Ірі қара мал        220-240 күн — 8-9 тонна

180 күн — 5 тоннаға дейін

Жылқы               180-210 күн — 3-4 тонна

Шошқа               45-60 күн — 0,8-1 тонна

Қой, ешкі            27-29 күн — 0,4-0,5 тонна

Қатты және сұйық қиды сақтау үшін  оны топыраққа саларда техникалық немесе санитарлық жағдайлармен шектейді, арнаулы сыйымды орынмен жабдықтайды.

Қи сақтағыш құрылымы, оның сыйымдылығы және орналасқан жері  қиды шығару технологиясына, гидрогеологиялық мәліметке,  малды ұстау әдісіне  байланысты болады. Қи сактағыштар ферма маңының және далалық, капиталдық (темір-бетонды), оңайлатылған (қарапайым, жер асты) деп бөлінеді.

Сұйық қи коллекторда, қи жинатышта және карантинді қи кабылдағышта сақталады. Сұйық қиға арналған қи сақтағышты темір-бетонды құрылымнан 2-5 м тереңдікте орналастырады, ал тытыз (төсеніштік) қи үшін  ашық терең емес су өтпейтін  алаңқайлар немесе 1,5-2 м қи сақтауыш пайдаланады.

Қи сактайтын орынды малшаруашылық кәсіпорындардан кем дегенде 60 м және елді мекеннен басым жел бағытында 500-600 м қашықтықта салады. Малшаруашылық кәсіпорындардың өндірістік  зонасы аумағында жабық қи сақтауыштарды салуға жол беріледі және жабық қи сақтауыш зиянды газдарды жою үшін мәжбүрлеп желдетумен жабдықталған болута тиіс.

Жер үстi қи сақтағыштар алаңқайы бетондалған, тipeк қабырғалы (биіктігі 1,6 м және одан биік) болып келеді.  Жартылай тереңдетілген қи сақтағыш жер үcтінe қоршалған қоршауы бар тереңдігі 1,5 м кабловеннан түрады. Tүбiн және қабырғаларын су өтпейтіндей етіп жасайды.

Қиды терең сайда, сондай-ақ, гидроизоляциясыз сақтау орнында жинауға тыйым    салынады. Қи сақтағыш құрылыс малшаруашылық объектіні пайдалануға берерден бұрын аяқталуы керек.

Қиды залалсыздандыру. Жұқпалы аурулар туа ған кезде қидың барлық түрi залалсыздандырылуға тиіс.

Залалсыздандыру тәсілдері:

1)физикалық (термиялық);

2)химиялық;

3) биологиялық.

Физикалық тәсіл:

  1. термиялық (өртеу, кептіру, стерильдеу, т.б.)

2)Сәулелендіру (гамма сәулелік, электрондық, ультрадыбыстық).

Өртеу. Топалаң, қарасан, маңқа, жұқпалы анемия, құтыру, энцефаломиелит, мандам, брадзот, жұқпалы энтеротоксемия, ipi қара обасы, паратуберкулез ауруларына күдікті және ауру малдың қиын жағып жібереді (залалсыздандыру ерітіндімен алдын ала өңдеген соң).

Термиялық тәсіл үздіксіз жұмыс істейтін бу жібергіш аппаратта қиды залалсыздандыру үшін қолданылады.

Иондаушы сәулелендіру— қиды залалсыздандырудағы ең бір келешегі бар тәсілдердің бірi. Ол сұйық қи және тоқтау суларды ceнімді залалсыздандыруға мүмкіндік жасайды. Қи неғұрлым көп болса, сәулелендіру дозасы соғұрлым көп болады. Өңделген тоқтау суды жер суаруға, қиды сумен шаюға пайдалануға болады.

Химиялық тәсіл. Жұқпалы аурулар кезінде қиды залалсыздандыру қолданылады. Осы орайда патогенді микроорганизмдер аурудың клиникалық көpiнici пайда болардан бірнеше тәулік бұрын бөліне бастайтындығын есте ұстау қажет.

Сұйық қи, қи садырасын өңдеуді  сусыз аммиакпен (NH3) өткізеді. Шығыны 5тәулік аралығында (экспозицияда)30кг/м3. Қиды аммиакпен залалсыздандыруды жабық шұңқыр немесе жылтыр кағазбан (пленка) жабылған қи сақтағышта өткізеді.

Спора түзбейтін патогенді микрооорганизмдер бар сарқынды суларды формальдегидпен залалсыздандырады.

Қи садырасын садыра жинағышта спора түзетін инфекция кезінде әpбір 20 л-не 1 кг-нан есеппен құрғақ хлорлы әк (25% белсенді хлор) қосып араластырады, ал спора түзбейтін және вирустық ауру кезінде  әpбір 20 л-не 0,5 кг хлорлы әк (25% ) қосады.

Биологиялық тәсіл. Биотермиялық тәсілдің бір түрi — қатты (тығыз) қиды залалсыздандыру үшін қолдалынады. Бұл тәсіл белгілі бір жағдайда (ылғалылық, О2 жеткілікті  болуы) микробтекті      биотермиялық процесс пайда болуына негізделген. Осы мақсатпен алаңқайды сабан, мүк немесе залалсыздырылған қи қабатымен 30-40 см етіп жауып тастайды. Қиды биіктігі 2 м, eнi 3,5 м-ге дейін және eмін-еркін ұзындықта арасынан тecік қалдырып төсейді де, үстінің қалыңдығын 20 см-ге жеткізіп  сабан, мүк немесе залалсыздырылған қимен жабады. Биотермиялық процестер 65-70% ылралдылықта белсенді түрде өтеді.

Сатылай жиналған қида спора түзбейтін микроорганизмдер жылдың жылы уақытында 2 ай ішінде, суық кезде, қи қатпайтын жағдайда 3 ай ішінде өледі.

Алайда, залалсыздандыру уақыты үйілген қидың темпеатурасы +60°С-қа дейін көтерілген күннен басталады.

Ылғалдылығы 70% -дан жорары қиды (бірақ 88% -дан емес) қордалау (компосталау) жолымен және үйілген қида 6 ай ұстау (оның 2-3 айы жылдың жылы уақытына келуі керек) арқылы залалсыздандырады. Кордалау кезінде темпеатура +65°С-қа дейін көтеріледі. Қидан бөлінген сұйықтық жауын-шашынмен қосылып, формальдегид, аммиак немесе хлорлы әкпен залалсыздандырылу үшін садыра жинағышқа жиналады.

Желдету. Желдетуді қорадан ауаны шығару және оны сыртқы таза ауамен алмастыру деп түciнeміз.

Жеткіліксіз ауа алмастыру микроклиматтың нашарлауына, ал қыста артық ауа алмастыру кора ауасының темпеатурасының біршама төмендеуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты жыл маусымына, малдың түрiнe, жасына және қатысты ауа алмастырудың оңтайлы деңгейі анықталады.

Ауа алмастырудың деңгейі желдетудің  сағаттық көлемімен нормасымен, реттілігімен сипатталады.

Желдетудің сағаттық көлемі – бір сағат ішінде қораға берілетін ауаның мөлшері, .

Ауа алмасудың нормасы – бір малға немесе көптеген маоға берілуі қажет ауа мөлшері, .

Ауа алмасудың реттілігі – желдетудің сағаттық көлемінің қораның ішкі көлеміне қатынасы.

Желдету және зиянды гахдарды шығару арқылы жылуды аз мөлшерде шығындай отырып қамтамасыз етілуі тиіс. Ауа алмастыру қыста өте аз болғаны жөн.

Жазда қорадан зиянды газдарды, малдан бөлінген артық жылуды шығару қажет. Өтпелі кезеңде (күз,көктем) ауа алмастыру қыстыгүнгіден көбірек, жаздыгүнгіден азырақ болуға тиіс.

Желдетудің табиғи жүйесі ішкі жылы және сыртқы суық ауа тығыздығының айырмашылығы есебінен қосымша шығындарсыз жұмыс істейді. Ауа алмасу тек қана қора ішіндегі және сыртындағы температура айырмашылығы 8-10°С-тан көп болғанда ғана жүзеге асырылады. Желдетудің ең қарапайым және оңай жүйесі – терезе, желкөз, төбелік саңылау, т.б. Ғимаратты жақсы жылытқанда табиғи желдету тиімді.

Механикалық (жасанды) желдету қорадағы ауа ылғалдылығы, температура өзгерісі кезінде автоматты түрде қосылып, ағылатын арнайы желдеткіштерімен қамтамасыз етілуімен сипатталады.

Түрлері:

  • Мәжбүрлеп желдетужүйесі (ауаны шығаруды қамтамасыз ету);
  • Ауа соратын (таза ауа келетін) жүйе;
  • Ауа келетін – ауа соратын жүйе.

Сондай-ақ, берілетін ауаны жылытуды қамтамасыз ететін желдеткіш калориферлік қондырғылар болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *