Көшпенділердің ежелгі діні тотемизм, анемизм, фетишизм және магиядағы танымдық мазмұн

Алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген көшпенділерде тотемизм, фетишизм, анимизм (лат. «анима» сөзі — жан, рух дегенді білдіреді) діндері қалыптасты. Көшпенділердің дүниетанымында тотемизм (кие), магия (дуа), фетишизм (қасиет), анимизм (рух) діни сана дамуының алғашқы сатысы болып саналады. Адам санасында «рух» пен «жан» деген сөздер мағынасы жағынан бір-біріне өте жақын. Сондықтан адам санасында жан мен рух тұтас адам ағзасынан бөлек өмір сүрген, ал көшпенділер өздерін қоршаған тау, ағаш, су т.б. заттардың «рухани иесі бар» деп оларды киелі санаған. Олар анимистік көзқарастарын тұрмыс — тіршілікте қолданған барлық қолөнер бұйымдарына бейнелеген.

Сақ (скиф) қоғамында анимизм, фетишизм алғашқы діни ағымдар қалыптасты. Олар тылсым күштерді жеңу үшін, от пен күннің нұсқасынан тұмарлар жасап, тағып жүрді. Ерте темір дәуірінде сақтар (скиф) Арес (Арес -ежелгі грек тілінде қылыш дегенді білдіреді) құдайына табынған. Сақтардың (скиф) мұндай діни сенімдерін фетишизмге жатқызуға болады. Таудың шыңына шығып төртбұрыштап қойылған бөренелердің ортасына қылыш қадап, олар діни шаралар өткізген. Садақшылар қола жапсырмалар қадалған былғары не киізден жасалған белдіктердің (кісе белдігіне ұқсас) «магиялық қасиеті бар» деп сенген. Мұндай бұйымды киген адам шеңбердің ішінде тұрып, «өзін қауіп-қатерден сақтайды» деп ұққан. Ежелгі адамдардың діні адам болмысымен пайда болған экзистенциалдық модус. Онтологиялық қорқыныш сезімі экзистенциал ретінде көрсетіледі.

Алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген адамдардың тұрмыс-тіршілігі табиғатпен тығыз байланысты болды. Табиғаттың тылсым күштері ежелгі адамдардың танымдық сана-сезімін кеңейтіп, түрлі аң, құс, жәндік кейпіндегі мифтердің пайда болуына септігін тигізді. Ежелгі көшпенділердің дүниетанымында өсімдік, аң, жан-жануар және қолданыста жүрген бұйымдардың «жаны бар» деп түсінген. Сондықтан ежелгі тайпалардың өз руларының тотемдері (рудың, отбасының қорғаушысы) аң, жануар, құс кейпінде қабылданды. Олар сол өздерінің тотемдерінің тылсым қасиеттеріне табынды. Көшпенділердің көптеген тайпа көсемдері өздерінің денесіне тотемдерінің мифтік аң, құс, жануар суретін салған. Олар сол аңның күші адам денесіне дариды деп сенген. Тотемнің бейнесі неғұрлым қорқынышты болса, ол соғұрлым тайпаның және көсемнің өмірін табиғаттың тылсым күштерінен қорғайды деп сенген. Көсемнің денесіне салынған тотемнің әр түрлі композициясы Пазырық, Арджан-2, Шибе, Кальджин қорғандарынан табылды.

Ежелгі адамдар өздерін табиғи тылсым күштерден тотем, табу арқылы қорғауға тырысқан. Тайпа тотемі болып аң, жануар, құстардың шынайы және қияли бейнелері алынған. Зигмунд Фрейд: «Тотем бір тайпаның, бір жанұяның қорғаушысы болып белгіленген. Тотем балалардың болашағын болжаушы, оларды қорғайтын магиялық әсері бар тұмар, сондықтан тотем қасиетті саналып, оны өлтіруге, етін жеуге тыйым болған» — дейді. Бұл табу полинезиялық тайпаларға қатысты болған.

Қазақтарда тұмар тағу ырымы бар. Бала не жасы кіші біреу ауырса молдаға дұға жаздырып алып, оны ақ шүберекке не теріге үшбұрыштап бүктеп тігеді де, дұға арналып жазылған адамның мойнына тағып қояды. Бұл тұмар сол адамды не баланы пәледен, тіл-көзден, ауру-сырқаудан сақтайды деп сенген. Тұмардың түрі көп, кейде жас төлдерге де, ботаға да, ауырған малға да тағады. Сақтар (скиф) өз тотемдерінің етін жеп, терісінен киім тігіп, жүнінен мата тоқыған. Көшпенділерде тотем аққу құсына қатысты табу қойылған. Бұл киелі құстың етін жеп, оны өлтіруге болмайды. Ол тыйым қазірде ел арасында сақталған.

Табу — полинезия сөзі. Бұл сөздің дәл мағынасы жоқ. Табу римдіктерде, грек, еврейлерде, Африка, Орта Азияда кездеседі. Табу — діндік моральдық тұрғыдан туатын құбылыс. Табу — құдайға табынудан емес, әр халықтың өздерінің тыйымдары арқылы жүзеге асады. Діни моральдық тыйымдардан табудың ерекшелігі, оның пайда болу себептері туралы тарихи деректер жоқ. Бұл әр халықтың дәстүріне сіңіп кеткен ғұрып ретінде өздігімен қолданады. Ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан бұл тыйымдарды ешкім жоққа шығармайды.

Зигмунд Фрейд: «Табудың қолдану аясы әртүрлі. Біріншіден көсемдерді, тайпаның беделді адамдарын, бақсыларды, сондай-ақ айналаны қоршаған заттарды қорғау, екіншіден адамзатты құдайдың қаһарынан, жын-перілерден қорғау» — дейді. Алғашқы қауымда өмір сүрген адамдар табиғаттың тылсым күштеріне, кездейсоқ апатқа төтеп беру үшін тотем мен табуды қарсы қолданған. Ежелгі көшпенділерде қола айналардың (фетишизм) магиялық қасиеттеріне сенген. Сондықтан бұл қола айналар археологиялық қазба жұмыстары кезінде барлық қорғандардан табылды.

Орталық Қазақстанның шамандары діни пантеондарын биік меңгір көне ескерткіштерін Батпақ су, Жел тау, Қойшоқы, Бұғылы, Бегазы, Сангру аймақтарында салған. Күн бейнеленген мүсіндердің бет жағы аспанға қаратып тұрғызылған. Меңгір тастар ежелгі көшпенділердің ғұрыптық символы. Олар мал жанының көбеюіне және егіннің мол шығуына, сондай-ақ аң аулау рәсімдерін осы ғұрыптық ескерткіштердің төңірегінде өткізген. Шамандар дінінде қола айна мен дабыл негізгі рөл атқарды. Сақтар (скиф) қола айнаның (фетишизм) магиялық қасиеттеріне сенген.

Магия кезінде әлемге кең тараған наным. Ол мәдениет пен рухани дамудың төменгі сатыларында қалыптасқан кез келген діннің анимизм, тотемизм, шаманизм, фетишизм түріндегі қарапайым сенімдерінен бастап, бүгінгі әлемге кең тараған буддизм, христиан, ислам, индуизм сияқты ірі діни ағымдардың құрамдас бөлігі. Сондықтан тыйым заттарға, өсімдіктер мен жан-жануарларға және адамдарға сөз бен тілге де салынады. Коми Уильсон: «Магия наука будущего, телепатия, предсказание, второе зрение естественны для человека» — дейді. Шамандарда қола айна мен дабыл негізгі рөл атқарады. Д.Д. Фрейзер: «С древних времен существует общераспространенные поверье, что бесов и духов можно обратить в бегство звоном металло-мелодическим треньконьем бубенчиков, зычным ли голосом колоколов» — дейді [95;599 б.]. Ғұрыптық діни рәсімдерде шамандар дабылдың әуеніне билеп, трансқа түседі. Антрополог Мирза Элиадт: «Экстазға түскен шаман басқа адамдардың ойын оқып, көріпкел бола алады» — дейді. Ежелгі көшпенділердің тасқа қашалып түсірілген көріністерінде шамандардың ғүрыптық рәсім мен аң аулауға байланысты суреттері бейнеленген. Шаман экстаздық күйге енгенде ол аң мен құстың дауысын естіп, сондай-ақ құдаймен тілдесетініне адамдарды сендірген.

Ежелгі адамдар аң, жануарлардың жамандықты сезінуі, телепатиялық қасиеттерін жақсы білген. Бұл оларға аң аулаудың сәтті өтуіне көмектескен. Осындай ежелгі адамдардың ұмытылған қасиетін шамандар сақтап қалған. Шамандардың қасиеті ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттелген жоқ, сондай — ақ кеңестік идеология ежелден келе жатқан көшпенділердің діни сенімдерінің ұмыт болуына үлкен ықпал етті. Атеизм қазақтардың дәстүрлі наным-сенімдерінің жойылып кетуіне әсерін тигізді. Эдмунд Хассель: «Көріпкелдік феноменология ғылымын дүниеге әкелді» — дейді. Бұл әлі өз деңгейінде зерттелмеген ғылым саласы.

Ежелгі көшпенділердің тас ескерткіштерінде (петроглиф) Күн басты адамның сұлбасы салынған. Күн басты мифтік бейненің күн сәулесін жан-жаққа нүрын шашып тұрғанын көреміз. Нұрын шашқан күн сәулелері діни орындарда ілінген құдайлардың портреттерінде үйлесімді қолданылған. Парацельс: «Адамның өмір энергиясы оның денесінде емес, ал оның айналасында күн сәулесі сияқты шашыраған аурада» — дейді. Ондай энергетикалық сәулелер адамға жақсы немесе жаман эсер етуі мүмкін, ал Дэвид Фостер космостың сәулелерінің ақпараттық коды бар деп есептеген. Осыдан көшпенділердің Тәңіршілдік дініндегі космогониялық дүниетанымы қазіргі феноменология ғылымының алғашқы сатысын қалыптастырғанын көреміз. «Чтобы создать непротиворечивую картину мира, современная естественная философия вынуждена признать, что существование невесомого вселенного вещества — доказанный факт» — дейді зерттеушілер. «По этому основному принципу космогонии сходные мнение высказывали Заратустра, Гераклит, Пифагон». Орта ғасырдағы Қазақстан территориясында өмір сүрген түркілер өздерінің тас жазуларында түркі қағандары «Көк аспанға табынуды және жер-суды киелі» деп ұққан. Түркілер «бир теңири» деп құдайға табынған. Тәңір — ол көк аспан. Түркілердің, әсіресе Әмір Темірдің б.з. XV ғ. өмір сүрген кезеңдерінде тұрмыс-тіршілікте қолданған бұйымдар мен этнографиялық киімдер, сондай — ақ қазірге дейін сақталған Самарқандтағы Гүр — Әмір кесенесі және Бибі-ханым мешіті б.з. XIV — XV ғғ., Түркістандағы Ахмет Иассауй сағана мавзолейі түркілердің Тәңірге, Көк аспанға табынушылығының символын көрсететін сәулет өнері.

Түркілер ғұрыптық рәсімдерді өткізу үшін жердің өсі және күннің энергиясының шоғырланған жерін тандап, ол жерді «кіндік күш» деп атаған. Мұндай дүниетанымды космогониялық ұғыммен байланыстыруға болады. Тәңірге табыну түркі халықтарының ежелгі сенімі. Д. Кішібеков: «Сонымен қазақ жеріндегі алғашқы дін ислам діні — шаман діні, ал оны Теңгриан діні деп атады. Ол дін Көк Аспанға. Айға, Күнге, Суға, Жерге және ертеде өткен ата-бабалар рухына сиынды. Қазақтардың діни сенімдерінде синкретизмнің көрінісі бар» — дейді.

Тәңіршілдік табиғи, политейстік діні (политейзм — көп құдайға табыну) белгілі бір кезеңде әлеуметтік даму қажеттіліктерін қанағаттандырып келді. Тәңіршілдіктің арқасында көшпенді түркілер табиғатпен жарасымды үйлесімділікте өмір сүріп, жоғары экологиялық мәдениет жасады. Түркілерді көп құдайға сену Көк Тәңірге — Аспанға табыну басты діни наным болып есептелді. Махмұд Қашқаридың сөздігінде көктің қүдыретті күші Тәңіршілдік -құдай, көк, ұлы мағынасында келтіреді. Алтай халықтарында Тәңірдің саны тоқсан тоғызға жетеді. Тәңірдің басты өкілі болып Жер-Су иесі, Ай мен Күн киелі қасиетті болып саналады. Көк болмыстың бүкіл саласына эсер ететін дүниенің шатры, тылсым күш, Тәңір ұғымын қалыптастырған. Монтейстік діни жүйе бойынша ол мәңгі өзгермейді, өзгеріс тек оның әсерінен болуы мүмкін.

Көшпенділердің құрбандық шаралар өткізуінен олардың ежелден монтейст болғанын көреміз. Түркілерде Тәңір дінін ұстанған сопы Қожа Ахмет Иассауйдің хикметтерінің философиялық дені — адам екенін көруге болады. Суфизм діни-мистикалық дінді ұстанған Қожа Ахмет Иассауй аскеттік өмір сүрген. Ол өз ілімінде қүдаймен бірігу үшін өзін-өзі экстазға дейін жеткізуге барған. Ахмет Иассауй ілімінде рух — жақсылықтың қайнар көзі. Ол өлмес бүрын өлу философиясына тэн хикметінде өзінің бүкіл болмысымен топыраққа айналған қасіретін білдіретін символдық тілді қолданады. «Басым топырақ тәнім топырақ Хаққа қаушар ма екем деп — рухым муштак. Сопылық терминологиялық әулиелер мен пірлердің қабірі топырақ» — дейді. Ахмет Иассауй адам денесінде барлық элементтердің құрамы бар. Ол: ауа, су, от, жел т.б.Тәңіршілдік нышандар халық қолөнерінде кеңінен бейнеленген. Ежелден халық санасында қалған белгілі көшпенділердің көсемдері ғұндардың Тәңірқұты, Күлтегін, Шыңғысхан, Абылайхан — өздерін «Көктің ұлы» деп санаған, сондықтан оларға берілген шексіз билікті тәңірдің ісі деп қабылдаған. Ежелгі көшпенділердің қоладан, алтыннан жасаған заттары күрделі анимистикалық жүйені тұспалдайды. Көшпенділердің ежелгі өркениет болып, сондай-ақ олардың мәдениетінің қалыптасуы дінге деген дүниетанымның күшею деп санауға болады. Көшпенділердің дүниетанымындағы көсем, патша құдайдың адамы, оларда «мәңгілік өлмейді» деген идеология жерлеу рәсімдеріне қатысты күрделі діни рәсімдерді өткізуге міндеттеді. Сақтарда қабірдің ішін күнделікті өмірдегідей жиһаздар мен асыл-бүйымдармен безендірді, ал Минусинскіде өмір сүрген хакас-қырғыздар анимистикалық идеясы мәйіттің бетіне әшекейленген бетбейне (маскі) кигізді. Таштықтан табылған маскілер бұғының сапалы терісінен көркемделіп жасалған. Мұндай жерлеу ғұрпында бетбейне арқылы құдайға мистикалық түрғыдан бірігу идея сы жатыр. Ежелгі көшпенділердің жерлеу рэсіміндегі бұл ғұрып б.з.б. өмір сүрген адамдардың бет әлпетін антропологтаға анықтауға үлкен септігін тигізді.

Ежелгі адамдардың мистикалық діни философиясында өмір мен кұбылыстың салдарынан екі дүниетаным қалыптасты. Біріншіден олар табиғаттың түсініксіз құбылыстарын бір тылсым күш деп түсінген, ал екіншіден Аспан мен Жердің арасында өмір сүрген қоғам Тәңірдің заңдылықтарына бағыну керек деп үққан. Ежелгі адамдардың дүниетанымында қалыптасқан діни идеология «мэңгілік өмір» бар деп түсініп, олар өлім мен өмірдің арасында айырмашылық көрмеді. Өлім оларға қорқыныш сезімін тудырмады.

Олардың түсінігінде «о дүниелік адам» басқа кеңістікте өз өмірін жалғастырады деп сенді, сондықтан қабірге мэйітпен бірге мінген атынан бастап, тұрмыс-тіршілікте қолданған заттарын бірге жерледі. В.Г. Карцев: «Религиозное представления людей отражают жизнь не понимая смерти, а люди пологали жить потустороннем мире, поэтому они сопровождались пищей и одеждой» — дейді. Обугорлардың дүниетанымында адам үш бөліктен түрады. Ол: мен, дене, жан. Адам өлгеннен кейін оның денесін қабірге көмеді, ал жаны жаңа туған сәбиге қонады. Мәйіттің көлеңкесі «о дүниеде өмір сүру үшін» туған-туыстары оған киім мен азық-түлікті бірге салады.

Адамның өлімі туралы құбылыс философтардың бітпес тақырыбына айналды. Бұл пікірталас ғасырлар бойы философтардың түрлі көзқарастарын және философия ғылымының қалыптасуына үлкен ықпал етті деуге болады. Үнемі таластың арқасында философияда жаңа қағидалар мен жаңа пайымдаулар дүниеге келді.

Аристотель адамның өміршеңдігі туралы гипотезасында «ақыл-ой жойылмайды» деген концепцияны жоққа шығарды. Бұл пікірді стоиктер кеңінен талқылады. Олардың пайымдауынша, «дара рухтан» басқа универсалды «әлемдік рух» бар, ал Цицерон: «Адам денесін қара түнек» — деп атаған. Ол: «Егер менің пікірім дүрыс емес болса, мен саналы түрде өз ойымды айтып отырмын. Мен, адам қайтыс болған сонда өмірін жалғастырады дегенге сенгім келеді.

Мен, өлімді сезінуім керек, сондықтан философтардың не ойлайтынынан, сондай-ақ өліп қалған философтардың мазағынан қорықпаймын» — деген. Теософияның деректеріне сүйенсек адам алғашқыда оттың ұшқынынан пайда болды, содан соң («сверхчеловек») «Құдай келбетіңдегі адам» деген атқа ие болды. Адам құдайдың образын алып «күн логосын» тұспалдады. Ғасырлар бойы космос пен адамның тылсым байланысы мистикада ерекше орынға ие болды. П.С. Гуревич: «Бүгінгі заманда астрологтардың пікірінше адамзаттың әлемді тануға самарқаулық танытып отырғанын байқаймыз. Адам тағдыры космос кеңістігінде кенеттен пайда болады. Ғылым индивидумның әлемдік дүниетанымымен байланысын көрсетеді. Адам өмірі әлемдік деңгейдегі белгісіз тылсым жоспармен жүзеге асады» — дейді.

Ежелгі адамдар өздерін табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде санап, өлгеннен соң да өмір сүретіндіктеріне кәміл сенген. Сондықтан тіршілікте қолданған заттардың барлығы қажет болады деп мәйітпен бірге қабірге салған. Жылқыны сақтардың (скиф) мәйітпен көптеп салуы ауқатты тұрғандарың ғана емес, «мәңгілік өмір бар» деген сенім «о дүниеде» қабірге салынған заттар қажет болады деп түсінген.

Көшпенділердің космогониялық діни идеологиясында таңбалар күннің, оттың нышанын тұспалдайтын қызыл түс маңызды рөл атқарды. Хакас-қырғыздар таштық кезеңінде мәйітті өртегеннен кейін қызыл жамылғышпен жауып, бетбейнеге (маскі) қызыл түсті космогониялық таңбалар түсірген (күннің айналуын тұспалдайтын орам).

Күнге байланысты діни дүниетанымнан көптеген наным-сенімдер мен діни ырымдар қалыптасты. Минусинскі тас мүсіндерінде ойылып жасалған әйел, қой, ат, мифтік образдағы күн бейнелері көп табылды. Күн бейнесіндегі үш көзді құбыжықты анықтап қарасаңыз адамның шынайы бейнесін көруге болады. Мұндай ғұрыптық ескерткіштерде құдайға құрбандық беру шаралары өткізілген. Ежелгі адамдарда діни рәсімдер кезінде билеу ғұрпы болған. Әсіресе аң аулауға шыққанда би рәсімдері орындалған. Мұндай мифтік композициялар жергілікті тайпаның наным-сенімдерінен пайда болған. Олар тасқа адам мен жануардың қияли стилизацияланған бейнесін қашап түсірсе, онда аң аулау сәтті аяқталып, сондай-ақ малдарын ауру-сырқаудан сақтайды деп сенген. Солтүстік Алтайдағы кумандықтарда, шорларда, төлеуіттерде «магиялық күші бар» деп табынған, «әйел құдайы» бейнеленген қуыршақтар да кездеседі.

Зороастризм діні шамамен б.з.б. VII ғ. қалыптасты. Бұл діннің негізі Ахурмазда «зұлымдық» және «Анхра-Майнью» жақсылық арпалысынан тұрады. Зороастризм дінінің бір көрінісін шамандар діни рәсімдерде шатр ретінде қолданғанын Пазырық түскиізінен көруге болады. Түскиізде құстың мифтік бейнесі мен аң адамның күресі аппликация тәсілімен тігілген. Мұндай көрініс ғалымдардың пайымдауынша, «зұлымдық» пен «жақсылықтың» күресін тұспалдайды. Осы діндегі ең басты рэсім отпен тазартуға бағытталған. Мұндай ғұрып қазақтарда және түркі тілдері тобына кіретін халыктарда қолданыста бар.

Зороастризм отқа табыну діні мен оған қатысты наным-сенімдер қазақтарда және басқа да түркі халықтарында бүгінгі күнге дейін сақталған. Баба ата цитаделінде қазба жұмыстары кезінде, оның орталық комплексінде күлдің қалың қабаты табылған болатын. Бұл орта ғасырдың басында көшпенділердің «Отқа табыну кезінде діни рәсімдер өткізетін орын болуы мүмкін» деген ғалымдардың болжамы бар. Діни рәсімнің басты мақсаты отты өшірмеу, ол үшін көшпенділер аташдан құрбандық ыдыстарын қолданған. Бұл аташдандардың (сасанидтердің тиындарында бейнеленген) түрлері бүгінгі күнге дейін мұражайларда сақталған. Отырықшы өмір сүрген орта ғасырдың басындағы көшпенділердің діни ұстанымдарынан синкретті болғанын көреміз. Олар ежелден мұра болып қалған наным-сенімдермен қатар рәсімдерді орта ғасырдың басындағы қоғамда күрделі діни-мифтік жүйемен үйлестіре білді. Қасиетті ағаш жапырақтарын тұтатып үй-ішін тазарту немесе екі оттың арасынан малды айдап өту ғұрпы қолданыстан шыққан жоқ. Үйлену салтында отқа май құйып, алақанын отқа жылытып жастарға бата беру ғұрпы бүгінгі күнге дейін сақталған. От ежелгі адамдардың өмірін сақтап қалған негізгі күштердің бірі. Оттың жалынын сақ (скиф) көсемдері сауыттары мен саркофагқа бейнелеген. Оны Арджан -2, Башадыр және Пазырық қорғанынан табылған жәдігерлерден көреміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Өмірбекова М.Ш. Көшпенділер мәдениеті. Қазақтың дәстүрлі өнерінің мәдени рәміздік негіздері. Ғылыми-танымдық басылым. — Алматы: РПБК «Дәуір», 2015 — 292 б.

  2. Бессонава С.С. Религиозное представление скифов. Киев: Наукова думка, 1983.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *