Дүние жүзіне ең көп тараған мәдени дакылдың бірі күріш дақылы. Күріш — өте құнды дақыл болып дүние жүзінің 110-ға жуық елінде 150 млн. га жерге егіліп, оның 90%-ы Азияда, 4%-ы Америкада, 2%-ы, Африкада, 4%-ы басқа кұрлықтарда өсіріледі. Күріш егіс көлемі жөнінен бидайдан кейін екінші, ал өнімділігі бойынша бірінші орын алады. Кебегі мал азығына пайдаланылса, ақұсағынан спирт, крахмал алынып, парфюмерияда қолданылады. Сабанынан жоғары сортты қағаз, картон, жіп, қап, қалпақ, төсеніштер мен тағы басқа да тұрмысқа қажетті заттар жасалынады. Сонымен қатар тұзданып, батпақтанған жерлерді жақсартып, ауыл шаруашылық пайдаланымға енгізуде күріштің агромелиоратиптік маңызы зор.

Қазақстанда күріш Қызылорда, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары 130 мың га көлемге дейін егіліп, одан 519 мың тоннаға дейін жалпы өнім алынды.

Барлық күріш өсірілетін аймақтарда оның, өнімін айтарлықтай төмендететін күріш зиянкестері, аурулары және арамшөптер болып табылады. Әлемдік деңгейде күріш өнімі зиянкестерден 14%-ға төмендесе, Қызылорда облысында зиянкестер мен аурулардың әсерінен бұл көрсеткіш 1970-1985жылдары, 8- 10%-га, ал соңғы жылдары 16-18%-ға дейін көбейді. Қазақстан Республикасының Қызылорда облысы күріш өсірілетін ең перспективалы аймаққа жатады. Бұл аймақта күріш егуге жарамды жер ресурстары, қолайлы климат жағдайы, кажетті су қоры жеткілікті болғандықтан 2006 жылы егіс көлемі 70 мың гектардан артты. Алайда күріш ауыспалы егістігіндегі күріш, бидай, жоңышқа, т.б. дақылдардың өнімі зиянкестер мен аурулар және арамшөптердің әсерінен төмендеуде.

Қазақтың күріш ғылыми-зерттеу институтында 1970-1992 жылдары Қазақстанның оңтүстігінде зиянды организмдерден өнімді қорғау мақсатында зерттеулер жүргізіліп ол өндірісте тексеріліп, өсімдік корғау шаралары жасалған.

Соңғы жылдары облыста ауылшаруашылық дақылдарының құрылымы өзгеріп, бұрынғы ірі шаруашылықтар майдаланып, олардың өсімдік қорғау шараларын орындауға мүмкіндігі болмағандықтан, зиянкестермен аурулардың көбейіп кетуі, Арал өңірінде осы мәселелер бойынша зерттеу жұмыстарын жалғастыруға мәжбүр етуде.

Ұсынылып отырған жұмыс көп жылдық ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі және соңғы (2001 -2005 ж.ж) ғылыми жетістіктер мен зиянды организмдерден қорғаудың озық тәжірибесі. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі, өсімдік қорғауда кешенді шаралар, оның ішінде агротехникалық, ұйымдастыру-шаруашылық және химиялық шаралар жүйесін қолдану тиімді екенін көрсетті.

Кешенді жүйеге ауыспалы егісті сақтау және ендіру, топырақ өңдеу, сорт алмастыру, тұқымды себер алдында фунгицидтермен өңдеу, оңтайлы мерзімде себу, минералды тыңайтқышты тиімді пайдалану, өсімдік қорғау шараларын дер кезінде мұқият орындау, егісті жинау және өсімдік қалдығын жою жатады.

Қызылорда облысындағы фауна мен флораны зерттеумен Л.Д.Казенас (1965), Л.А. Котлярова (1966-1990), Ж.А. Абилдаева (1970-2006) айналысқан. Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде зиянкестердің түр құрамы, ауру түрлері, және олардың күріш егістігінде таралуы, анықталып, олардың зияндану дәрежесі мен санының азаюына әсер ететін шаралар жүйесі жасалды.

Күріштің зиянды жәндіктері

Күріш зиянкестеріне — жағалық сұр шыбын, күріш масасы, күріш көбелегі, арпа минері жатады. Осы зиянды жәндіктер күріш егісіне жыл сайын едәуір нұксан келтіреді. Мұны Қазақстанда және басқа шет елдерде де жиі байкауға болады. Қызылорда облысының егіс алқаптарында күріш дақылына зиян келтіретін 22 түрлі жәндіктер мен шаян тәрізділер Л.А. Котлярованың (12) (1969-1992) зсрттеулері нәтижесінде анықталды.

Арамшөптермен күресу жолдары

Арам шөптерді агротехникалық шаралармен жою тәсілінің негізі — ғылыми дәлелденген, дұрыс құралған күріш ауыспалы егісінде қаланады, яғни егіншілік мәдениеті де өз бастауын осы ауыспалы егістен бастайды. Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми — зерттеу институтының тәжірибелері нәтижелері үш жыл жоңышка, немесе екі жыл түйежоңышка егілген жерде күрмек тектес арамшөптер меп қамыстың толық жойылғанын, ал қамыстың көктей алатын сүйріктер қорының 8 еседен артық азайғанын көрсетті.

Жоңышқа мен түйежоғышқа егісінде ылғал сүйгіш арамшөптердің өсе алуы бұл өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Мысалы кәдімгі камыс тамырының ылғалды сіңіру күші әлсіз болғандықтан, ол ылғалды өте жоғары, ыза суы жақын орналасқан топырақта ғана жақсы өсе алады. Ал тамырының ылғалды сініру күші жоғары жоңышқа, әсіресе түйежоңышка дакылдары ылғалды жақсы пайдаланып, жер асты суларының деңгейін төмендетеді, тамыры топырактың жоғарғы қабатында таралатын арамшөптер негізгі дақылдармеи ылғалға таласа алмай, өліп калады.

Арамшөптер ауыспалы егіс сақталмаған, кұнарлылығы төмен күріш танаптарында көптеп кездеседі. Институттың жүргізген зерттеулерінде күріш бір танапқа қатарынан 20 жыл тыңайтқышсыз егілген жерде тек доңыз коғаның саны бір шаршы метр жерде 75,3-93,3 данаға дейін жетті. Осы танаптың жылда тыңайтқыш (М50Р120) беріліп келген жерінде арамшөптің саны бір шаршы метр жерде 20.3-25,3 данаға дейін кеміді. Ал тыңайтылған ауыспалы егіс танабында егілген күріш егісінде арамшөптің барлығы дерлік өліп қалады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *