Малға жақындау. Алдымен мал иесімен оның мінeзі, қисық әдеттері (тістеп алу, алдыңғы аяғымен тарту, теуіп калу, т.б.) жайлы деректер жинайды. Еркек малмен сылап-сипап, төзіммен жумыс iстey керек, ал асау малмен — қатал және батыл болған дұрыс. Жақындағанда байқап, абай болған жөн, алайда қорқып тұрғанықды сездірмеу керек. Малды ұруға болмайды. Сенімді қатқыл адам дауысы малды тыныштандырады. Асау малмен жумыс жасағанда аса абай болу керек. Оның құлақ қимылына, көз қарасына көңіл аудару керек. Қабырғаға қысылып қалмайтындай малдық жанына тым жақын тұрмау керек. Аяқты бір-бірiнен сәл алшақ ұстаған жөн.

Еш уақытта жылқыға артынан, ал ipi қара малға артынан және жанынан жақындамау керек. Оларға алдынан алдын ала дауыстап, атын айтып, акырын маңдайынан сипап, мойнынан, арқасынан сипалап жақындау керек. Артқы аяқ маңындағы дене бөліктерін бірден сипау дұрыс емес. Егер катты ауырсынған жерлерді анықтау кажет болса, абай болу қажет.

Малмен жұмыс шаруашылықта қолданылатын тәpтібін қатал қадағалау керек.

Ipi қара малды бекіндіру.  Тұрған бойында бекіндіру аз уақытта және аз ауырсынатын операциялар кезінде қолданылады. Ipi қара малмен жұмыс жасағанда ipi қара мал мүйіздерімен  және аяқтарымен жаралауы мүмкiндігін есте сақтау керек. Бекіндіруге қарапайым құралдар: Гармс, Соловьев мұрын қысқыштары, Кумиев мұрын ұстағышы, асау бұқаларды мурын сақиналарына арнайы бағыттағыш таяқша бекіндіріледі.

Арқан колданғанда оңай шешілетін күрмек түйінін қолданған дұрыс.

Ipi кара малдың алдымен басын ұстап бекіндіру керек. Берік болуы үшін басты бағанға бекіндіреді. Зерттеу үшін ipi қара малды мүйізіне және мұрнына шалып, алынған арқан арқылы қос қолдап, мүйізден және мурын айнасынан ұстап бекіндіреді.

Алдыңғы аяғын көтеріп не бұрау қолданып бекіндіреді, кейде аяқты білектен бугіп арқанмен білезік және иық алдынан байлап бекіндіреді.

Ең сенімді бекіндіру. Китаев, Виноградов, Пикенас пен Пабринскас, Герцен станоктарында жүзеге асырылады.

Ipi кара малды жатқан күйінде бекіндіру тек малды жыққан соң жүзеге асырылады.

Гесса бойынша жығу. Ұзын, мықты және жұмсақ арқанды мүйізге бекітеді де, онымен кеуде мен құрсақты орайды. Осы кезде мен жыныс мүшесінің  жаншылмауын кадағалау керек. Егер малды оң жағына жығу қажет болса, онда арканды сол жағынан салады және кepiciншe. Арқанды тартқанда тартқанда кеуде және құрсақ беткейлеріне қысым түседі  ал бұл малды жатуға мәжбур етеді. Арқанды мал аяқтарын бекітіп, байлаған соң босатады.

Кавказ тәсілі. Узындығы 2,5 м арқанды мал денесінің артқы жағында қай жағына жығу қажеттілігіне байланысты сол жақ алдынан (оң) және оң (сол) жақ артынан өткізеді. Басқа арқанды (5 м) де мүйізге бекіндіреді де мұрнынан шалады. Сосын бос шетін жамбас түйінінен өткізіп (астынан үcтінe), арқасынан асырып тастайды. Екінші арканды тартқан кезде мал басы бір жағына бұрылады, жұмсақ құрсақ қабырғасына қысым түседі де, мал жатуға мәжбүр болады.

Десмургия дегеніміз не?

Таңу дегеніміз — бинттер және бинттерді алмастыру процесі. Бұл механикалық процестің мақсаты  жарадан қан ағуын тоқтату (қысып таңу); жараны емдеу және сыртқы орта әсерiнен сақтау (жара таңулары) ;

  • сыну, шыгу және басқа процестер кезінде дене бөлігін бeкiту (қозғалтпай таңулар);

Жұмсақ қабыну және жабық зақымдалуларды емдеу

(байлау компрестері)

Жараға, сыртқы тepi беткейлеріне таңғыш материалдар салу байлау болып табылады.

Бинттеу (орау) тәртібі. Бинт ұшын сол қолмен, ал басын оң қолмен ұстайды. Бір айналдырып алған соң бинт ұшын бірінші айналымға салып, екінші айналым жасалынады, сыртқы бетi тығыз және тура жатуы керек. Бинттің ұшы мен соңы зақымданған жерге қарсы орналасуы керек. Таңуды орындаған соң бинтті іқайшымен ортасынан айырады да, пайда болған шеттерін бір-бірiнe байлайды. Кейде соңғы айналымда бүтін тігісінен де түйрегішпен бекіндіреді.

 

7.3. Несеп-жыныс ағзаларына жасалынатын операциялар

 

Пішу дегеніміз — аталық және аналық жануарлардың жыныс бездерін  отау арқылы жасанды урпақсыздандыру.

Аталықтарды пішуді қанды және қансыз әдістермен орындайды. Канды әдісінде ұма тepici мен жалпы қынап кабатын кескеннен соң, аталық жыныс бездерін немесе енді алады. Қансыз әдісінде жалпы қынап қабатын кеспей және ен бауын аталық жыныс безін арнайы қысқаштармен мылжалау арқылы бұзу не аталық жыныс бeзі кызметін жою арқылы  орындайды.

Қанды әдіс ашық және жабық түрде орындалуы мүмкін. Ашық түрінде ұманық жалпы қынап қабатын, аралық байламды тіледі.  Аталық жыныс безін өсіндісімен және ен бауы бөлігімен алып тастайды.

Жабық әдісінде жалпы қынап қабатын ашпайды. Аталық жыныс безін және ен бауы бөлігімен жалпы қынап қабатын коса алып тастайды.

Қабандарды пішу. Жалпы шаруашылық шарасы аталық жыныс бездерін  толығымен ашық не жабық алып тастайды. Қабандарды көбінe 2-4 айлық жасында пішеді, алайда 5-6 айлық жасында сүйек өcyi негізінен аяқталған кезде пішкен жақсы. Пішу кезінде малды бекіндіру қажет.

Жабық пішу әдісі кеңінен қолданылуы керек,өйткені қабандардың шап сақиналары кең, осыған байланысты оларда шап-ұма жарықтары дамиды, ал операциядан кейін ішек иірімдерінің түcyi ықтимал. Жабық пішу әдісі оңай орындалады, аз уақыт кетеді, қабандардың барлық жас аралықтарында жасау тиімді.

Операция тәртібi ұма жалғамына қатар және жанынан 1-2 см ұма қабырғасының алдыңғы асты бойымен кесінді жасалады. Tepi, бұлшық ет эластикалық қабаты, фасция тілінеді. Жалаңаштанған жалпы қынап қабатын (фасциядан жалтырауымен және аздап көк өнділігімен ажыратылады) аталық жыныс безімен қоса сол колмен ұстап, ұма кабырғасынан сыртқы шап сақинасына дейін айырады. Осылай оны ен бауы жіңішкерген бөлігіне дейін тартады да, оған және жалпы қынап кабатына тігіс лигатурасын не пішу ілмегін салады. Лигатурадан 1,5-2 см төмен жерде жыныс безін қайшымен кесіп алады. Екінші жағында да осылай орындалады.

Кәpi қабандарды бекіндірген соң бұлшық етке аминазин және кeceтін жерге жергілікті анестезин, ал жыныс безі бойымен ен бауына 10 мл-ден 1% -дық новокаин ерітіндісі егіледі. Оларда жалпы қынап қабатын анықтау қиын, сондықтан ашық түрде лигатура салып пішу керек. Лигатурадан 1,5-2 см жерде ен бауын қайшымен кеседі, жыныс безі кесіндіге  сырғып кетпеу үшін кесіндіні үш әдіспен кеседі. Алдымен жыныс безінің алдыңғы шетіне кесінді жасалынады, сосын артқы шетіне одан кейін қайшымен ортасын кеседі.

Аралың (қынап) байламын айырады. Лигатура салады. Асептикалың жарасының улкен ашылуына байланысты синтетикалың жіптермен ілмек тәрізді тігіс салынады.

Қабандарды ашық түрде адетте ен бауын узу арқылы орындалады. Ол сол қол саұсақтарымен ен бауын сырқы шап сақинасы цасында қысып ұстайды, ал оң қолмен жыныс безіH тез қимыл жасап, біркелкі қимылмен бурайды.

Бұқа, қошқар, текелерді пішу. Ашық қанды әдіспен лигатура салып не ен бауын үзу арқылы орындайды. Кейде эмаскулятор, Занд, Амосов қысқыштарын қолданады.

Операция тәртібі. Операциялық алаңды дайындаған соң ұма жалғамын қатар не көлденең кесінді жасайды, не болмаса ұма түбін кеседі. Кесіндіні ұманық алдыңғы беткейінде  жасаған дұрыс. Сосын жалпы қынап кабатын ашады. Аралық байламды де, аталық жыныс безін өсіндісімен және ен бауы бөлігімен алып тастайды. Сонғы операция әдісін әр түрлі  жасауға болады, ол мал жасына байланыста. Жас малдың ен сағағын үзеді. Көбіне ен бауына мықты лигатура салынады да, одан 1,5-2 см төмен жерде кеседі. кapi букаларда Занд не Амосов қысқыштары салынады да, жыныс безі буралып алынады.

Букалардың жыныс безі кесу арқылы түрған орындайды. Сол қолмен

ұманық жыныс укоса тартып, жыныс бездері ұма түбіне ысырады. Ұма жалғамына келденең етіп ұманық барлың қабаттарын және жалпы қынап қабатын айырады. узындығы 1,5-2 см. Жыныс безін акырын қысып, жара арқылы сырца шығарады да, оны қайшымен тастайды. Одетте қан агуы болмайды. Жара йод тұнбасы жағылады.

Эластрация — ұманық жоғарғы ұшына эластикалық резеңке санина салу арқылы        Оны eкi апталың цопщарларда қолданады. Ұманық жоғарры ұшына арнайы қысқыштар көмегімен сырқы диаметрі 2 см, ішкі диаметрі 1 см сакина салынады.

Қансыз (перкутанды) пішу. Ұманық жоғарғы ұшында ен бауын анықтайды да, арқайсысына Бурдиццо, Голенский мен Глушко, Толятников немесе Ханин Тынибеков қысқыштарын салады.

Қысқыштарды бірнеше секунд ұстайды. Әр ен бауына қысқыштарды eкi рет салған дұрыс.

Айғырларды пішу. Көбіне ашық әдіспен орындалады. Жылқыны жығып бекіндіруді сол жағында орындайды. Ұманың жоғарғы ұшын резеңке жгутпен не бинтпен ұма тepici жазылатындай eтіп қатты тартып байлайды. Қажет болғанда жергілікті жансыздандыру жасалынады.

Хирургтар жығылған мал артында бел жағынан тұрып, сол жақ тізeciнe отырады да, мал арқасына етпеттей жатып, оң аяғын созады. Сол қолымен алдымен щетінен артқы щетіне дейін тіледі. Кесінді ұма жалғамына қатар 1,5-2 см жерде өтеді, осылай жалпы қынап қабатын да кеседі. Жалаңаштанған жыныс безін жоғары көтеріп жоғары тартады, ал жыныс безі қапшығы тіндерін  құрсақ қабырғасына ысырады. Сосын қайшымен не скальпельмен аралық байламның жуандалған тұсын кеседі. Осылай оң жағында да жасалынады. Бұдан кейін аталық жыныс безін алып тастауға кіріседі , ол әрекет бірнеше әдіспен орындалуы мүмкін.

Төбеттерді пішу. Жабық тәсілмен жасау ыңғайлы арқасына жаткызады. Шап маңында хирургиялық өңдеуден соң ұманың жоғарғы ұшынан ен бауын сипап табады да, тepi астына 2 % -дық новокаин ерітіндісін егеді. 2 минуттан соң ен бауы үстi тepiciнe ұзындығы 2-5 см етіп кесінді жасалынады. Мұнда сарғыш-көк ен бауы бойы жалаңаштанады. Кайшыны жинақтап жара беткейіне шығарады. Жіңішке инемен 2 мл, 2% -дық новокаин интравагиналды жолмен егеді.  Сосын қайшыны қозғап жара арқылы жыныс безі шығарылады. Ен бауының жіңішкерген бойына кетгуттан лигатура салынады да одан төмен жерде кеседі. Жараға тігіс салынады.

Мысықтарды пішу. Байқап жасау керек. Көмекші мысықты тығыз матаға тез орайды. Мұнда дененің тек жамбас бөлегін ашық қалады. Мысықты сауыр-арқа бойына жатқызып артқы аяқтарын байлап бекіндіреді. Агрессивті (шақар) мысықтарға наркоз қолданылады. Операция маңын 5% -дың йод тұнбасымен өңдейді. Tepi астына және жыныс безі бойында 1 мл-дей 0,5% -дық новокаин ерітіндісі егіледі. Сол қол саусақтарымен ұманы жыныс безімен қосады да, кезегімен тіндерді кесіп айырады.

Қайшымен eкi жыныс безінің қынап жалғамын айырып, жалпы қынап кабатын ажыратады. Ен бауына нан тоқтатқыш қысқаш салып, оны бұрайды да, екінші қысқыш көмегімен үзілгенше  жалғастырады (лигатура салуға болады).

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *