Мемлекеттің ақша жасап, оны басумен, салық енгізумен байланысты алғашқы қадамдары, мемлекеттің экономикалық қатынастарды реттейтін алғашқы заңнама актілері мемлекет экономикалық процестер мен қатынастарға әр кезде ықпал етіп, өзінің міндеттері (армияны, билік органдарын ұстау) мен басқаратын топтың міндеттерін шешуге бағытталған шараларды әзірлеуге тырысқанын көрсетеді.

Экономиканың даму шамасына орай мемлекеттің экономикалық рөлі салиқалы, ал экономикаға деген көзқарасы — жүйелі әрі сабақтастықты білдіретін болды, мұның өзі меркантилизм заманында меркантилизмнің экономикалық саясат шараларының жиынтығын қалыптастырды. Аталған саясат мемлекеттің экономикалық рөлінің дамуындағы маңызды кезеңге айналды. Ұлттық байлық сыртқы сауда нәтижесінде елде жинақталған ақша екенін түсініп, меркантилистер мануфактураларды дамытуға, шикізат енгізуді шектеуге, ел ішінде ауыл шаруашылығы шикізатының бағаларын төмендетуге және т.б. бағытталған шараларды қолдады. Кейінгі меркантилизмді жақтайтындар сауда балансының теориясын негізге ала отырып, белсенді сыртқы сауда алмасуды ынталандыру арқылы капиталды арттыруға бағытталған шараларды жылжытып одан әрі ілгеріледі. Физиократтардың экономикалық саясатының шаралары өзге бағытты ұстанды. Жердің байлықтың нағыз көзі екені жөніндегі ғылымды негізге ала отырып, олар ауыл шаруашылығы мен жер иеленушілерді қорғауға бағытталған шараларды ұсынды.

Нарық жүйесінің даму жағдайында классикалық саяси экономика мемлекеттің экономикалық рөлі мен саясаты жөнінде бұдан да кең жалпы түсінік қалыптастырды. Оның соңғы өкілі Адам Смит «елеусіз қол» негізін қалаушы қағидасын — құн және бәсекелестік заңын негіздей отырып, мемлекеттің экономиканы өзі реттейтін және дамытатын басты күш ретіндегі кәсіпкерлік пен еркін саудаға бостандықты қамтамасыз ететін рөлді жүзеге асыруына бағытталған ісшаралар жүйесін үсынды. Осы көзқарасқа сәйкес тауар өндірісі мен ұсынысының процесі қажетті сұранысты тудырады әрі нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Осы классикалық көзқарас еркін нарықтық экономика мен кемеліне жеткен бәсекелестік жағдайында мемлекеттің экономикалық рөліне қатыстьг экономикаға мемлекеттің араласуын барынша азайту қажет деген негізгі пікірді білдіреді.

XX ғасырдың басында нарықтық капиталистік экономиканың дамуы экономиканың меншікті нарықтық негіздерін бүзатын бірқатар қарама-қайшылық еріксіз тудыратынын көрсетті. Осының мысалы ретінде экономиканың монополиялануын, жүйелі экономикалық дағдарыстар мен мемлекетке нарык субъектілерінің қызметін заңмен реттеу үшін жауапкершіліктің жүктелуін келтіруге болады. Еркін нарықтық жүйенің басқа да қарама-қайшылықтары, яғни өндірушілер мен тұтынушыларды саралаудың әлеуметтік салдары, қалалардың, өнеркәсіптік дамудың, жерлердің жыртылуының және т.б. жағымсыз экологиялық салдарына немқүрайдылық белең ала бастады.

Нәтижесінде экономикада экономиканы, бүкіл халық шаруашылығын саналы түрде реттеу қажеттілігінің жаңа айқын тенденциясы анықталды. Аталмыш заңдылық мемлекеттің жаңа экономикалық рөлінде — бүкіл қоғамның экономикалық тыныс-тіршілігін жүйелі реттеуін білдіреді. Мемлекет экономиканың нүктелеріне ықпал ету шараларынан, оның экономикалық саясатының негіздерін анықтаудан нарықтық экономика субъектілерінің экономикалық қызметін үйлестіру шаралары мен әдістеріне көшті. Осының нәтижесінде мемлекеттің қоғамның жалпы ішкі өнімін бөлу мен қайта бөлудегі үлесі ұлғайып, реттеуші институттардың жалпы жүйесі қүрылды, сонымен бірге нарықтық экономиканы реттеуге бағытталған бірқатар заңнама актісі қабылданды. Осының салдарынан ЖІӨ-дегі мемлекеттік шығыстың үлесі 1913-1937 жылдар аралығында АҚШ-та 7,5-тен 19,7%-ға; Германияда- 14,2-ден 34,1%-ға; Францияда — 17-ден 29,0%-ға; Жапонияда — 8,3-тен 25,4%-ға үлғайды. Осы тенденция көптеген дамыған елдерде XX ғасырдың 80-90 жылдарына дейін жалғасты. Мемлекеттің экономикадағы рөлінің осы кезеңі АҚШ-та Ф. Рузвельттің «жаңа бағытында» көрініс тапты. Елдің экономикалық тыныс-тіршілігін саналы түрде реттеу мен мемлекеттің жаңа экономикалық рөлі экономикалық ғылымдағы «Кейнсиандық революцияда» негізделген.

Американдық зерттеуші Роберт Б. Карсон XX ғасырдың бірінші жартысында АҚШ-та экономиканы реттеудің қалыптасуын былайша сипаттайды: «Барлығын тәптіштемей-ақ қоғамдық мүдденің өлшемінен туындайтын осындай практикалық тәжірибе мен ой-пікірдің нэтижесінде жүк автокөлігі, автобус пен әуе тасымалы, труба құбырлары, жедел пошта жіберілімдерін жеткізу, ішкі және сыртқы су көлігі, электр энергиясын өндіру мен табиғи газ өндіру, континентаралық телефон байланысы, радио хабар тарату мен кабельдікті қоса алғанда теледидар және атом энергетика сияқты салаларда дербес реттеуші инстанциялар қүрылды». Мемлекеттік реттеу дамығаннан кейін аса маңызды құрылымдар, Штаттар арасындағы көлік пен сауда комитеті, Реепубликалық энергетика комитеті (1934 ж.), Азаматтық әуеде үшу басқармасы (1938 ж.), сондай-ақ Атом энергетикасы комитеті (1946 ж.) құрылды. Республикалық резерв жүйесі (1914 ж.) басқаратын банк жүйесін және Бағалы қағаздар мен қор биржалары (1934 ж.) комитеті басқаратын қаржы нарықтарын республикалық реттеу механизмдері қоғамның мүддесін қамтамасыз ету үшін жауапты республикалық реттеуші органдардың тізбесін толықтырады. Бұл ретте 1890-1940 жылдар аралағында штат деңгейінде штатардың ішіндегі қоғамдық мүдделерді сақтауға тиіс жүздеген дербес реттеуші инстанңия құрылды. Барлық жағдайда да қогамдық мүддеге ненің қызмет ететіні, ненің етпейтіні жөніндегі шешім қатаң экономикалық анықтамаға ешқашан негізделмеді, керісінше заң шығарушы республикалық деңгейде немесе штат деңгейінде болсын қандай көзқарасты ұстанатынына негізделді.

Реттеуші инстанциялардың бүгінгі күнгі қызметі ойластырылмағандай әсер қалдырады, алайда олар көбінесе заң шығарушының қоғамдық мүддені жақсы қамтамасыз ету үшін осы саланы нарықтан бөлектеп, баға мен өндіріс көлемін бақылауды үшінші тәуелсіз тарапқа беру қажет деген пікірді растайтын практикалық тәжірибеге берген жауабы ретінде пайда болды.

Дамыған елдерде XX ғасырдың екінші жартысында нарыктық экономиканы саналы реттеудің дамуының қисынды салдарынан аралас экономика пайда болды. Аралас экономикада нарықтық негіздің анықтаушы рөлі сақтала отырып, экономиканы нарықтық және мемлекеттік үйлестіру нысандары үйлесті. П. Самуэльсонның ойынша мемлекеттің аралас экономикадағы жаңа рөлінің салдарынан «ел үкіметі нарық жұмысын өзгертуде маңызды рөл атқаратын болады». Мемлекеттің экономикадағы рөлі өзгерген жағдайда, «ел үкіметі нарықтың жұмысын өзгертуде маңызды рөл атқарады». Мемлекеттің экономикадағы рөлінің өзгеруі желілік процесс емес екенін атап өту керек. XX ғасырдың соңынан бастап нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттің рөлінің біршама төмендетіп (бүрынғы социалистік елдердің экономикалары жөнінде айтпаса да болады), осының салдарынан ЖІӨ-дегі мемлекеттік шығынның үлесі мен мемлекеттік меншіктің үлесі де қысқарды. Бұған постиндустриялық дамудың күшеюінен экономиканың бірқатар секторындағы өндірушілердің дербестік алуы, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік қолдаудың оралымды нысандарының нығаюы есебінен әлеуметтік қарама-қайшылықтардың төмендеуі, сонымен бірге халықаралық және өңірлік экономикалық жэне саяси үйымдардың рөлінің артуы, «мемлекеттің күйреуі» (бюджеттік проблемалардың шиеленісуі, мемлекеттік шығыс пен мемлекеттік меншікті ұтымсыз пайдалану, жемқорлық, лоббизм, мемлекеттендірілген экономикалардың келеңсіз мысалы және т.б.) себеп болды.

Сөйте тұра көрсетілген тенденцияны түсініп, оны асыра бағалау қажет емес. Біріншіден, өзінің экономикаға қатысу параметрлерін азайтуын басқа параметрлерді күшейтумен өтейді (атап айтқанда, экономикада көп мекемелердің пайда болуымен). Екіншіден, эзірше тек шағын тарихи кезеңде қамтитын тенденция қазіргі кезеңдегі экономикалық дамудың желілік емес екенін, мемлекет пен нарықтық-бәсекелік механизмнің бұдан да теңдестірілген арақатынасын іздестіретінін растайды.

Ғаламдану процесі, білім мен инновацияларға негізделіп қалыптасуы мемлекеттің нарықтық экономиканы саналы реттеуге бағыттауымен ғана емес, сонымен бірге оның әлеуметтік орнықталығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етумен де байланысты экономикалық рөлінің жаңа кезеңіне жол ашады. Экономикалық ықпал етудің жаңа мемлекетаралық, ал бірқатар жағдайда мемлекеттіктен де жоғары нысандарымен қатар XXI ғасырдың жаңа аралас экономикасы болып табылатын экономикалық жүйенің тұрпаты — «жаңа экономика» одан әрі үйлесіп дамитын болады. Мұндай экономикада мемлекеттің экономикалық рөлі айтарлықтай өзгереді. Аталмыш экономика мемлекеттің экономиканы саналы түрде реттей отырып, ол ықпал ететін дәстүрлі бағыттарды қамтамасыз етеді, сонымен бірге реттеудің мақсатқа сэйкес бағытын анықтайды. Экономикаға жасалатын ықпалдың әдістері мен нысандары экономиканы тұрақтандырумен қатар, постиндустриялық даму мен қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге де бағдарланады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *