Қазіргі кезеңде меншік нысандарының құрылымын сипаттайтын функционалдық, деңгейлес тәсілдеме экономикалық процестің жағдайы мен әлеуметтік-экономикалық мәртебесін анықтайтын экономикалық өкілеттіктердің құрамдастырымына байланысты тарихи көзқарасты ерекше сипаттамалармен толықтыру қажет.

Экономикалық өкілеттік меншік нысанының функционалдық анықтамасы мен оның құрылымының теориялық негізі болып табылады. Қазіргі кезеңдегі меншік құқығының теориясында онан (ірілендірілген жіктемеде) бір жарым мыңға дейін (бөлшектік жіктемеде) өкілеттік бар. Алайда барлық өкілеттікті экономикалық процесс субъектілерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын білдіретін маңызды деп санауға болмайды. Осы өкілеттіктің қайсысын маңызды деп санауға болады? Ең алдымен, осы өкілеттіктер еңбекпен және еңбек қызметіне деген қабілетті пайдаланумен байланысты өкілеттіктер. Еңбек — барлық экономикалық процестердің, оның ішінде иемдену процесінің негізгі факторы болып табылады, өйткені меншік объектісі мен бүкіл қоғамдық байлық тап осы еңбек қызметі процесінде жасалады. Алайда еңбекшілердің еңбек құқығы басқа да меншікке, ресурстарға, өндіріс процесі мен оның нэтижесіне, табысқа құқықтармен толықтырылған жағдайда ғана олар меншік нысанын құратын субъект бола алады.

Меншіктің экономикалық өкілеттігі тұрғысынан алып қарағанда игілік жасайтын қызметкерлердің ахуалы басқа өкілеттіктердің жай-күйіне байланысты болады. Яғни қызметкер меншік объектісін өз жасаса да негізгі меншік құқығы оған тиесілі емес. Бұл жерде бірнеше нұсқа болуы мүмкін, яғни ең жоғары меншік құқығы меншік объектісі мен нақты қоғамдық байлықты жасайтын адамдарда; біреу еңбек етеді, ал жасалғанды басқа субъектілер мен институттар иемденеді немесе екі атап өтілген қарама-қарсы жағдай әр түрлі үйлесуі ықтимал.

Меншік нысанының елеулі белгілерін (өкілеттіктерін) бөлу жасалған меншік құқығының нысандарын бөлумен байланысты. Олардың ерекше құндық нысаны табыс болып табылады. Иемдену процесі пирамидасының ұшында табыс орналасады. Табыс — меншіктің экономикалық қызметтің бастапқы уәжі мен соңғы нэтижесі. Меншік иесі менеджерлерді жалдап басқару функциясын бере алады; ол өндірісті жалға беріп өндіріс жағдайларын пайдалану мен иемдену құқығын басқа тұлғаға беруі мүмкін, алайда ол табысты иемдену мен басқару құқығын ешқашан ешкімге бермейді. Осы өкілеттік деңгейі экономикалық билікті береді. Осы өкілеттікті іс жүзіне асырғанда да табысты оны жасаған адам иемденеді; табысты бір адам жасайды, ал екінші адам иемденеді деген сияқты, сондай-ақ басқа да аралық нұсқалар болуы ықтимал.

Екінші өкілеттікке мүлікті иемдену жақын болып табылады. Шын мәнінде, құндық нысандағы мүлік жинақталған (капиталдандырылған) табыс болып табылады. Басқару жөнінде айтатын болсақ, аталмыш белгіні бөлуге екі себеп бар. Ірі ауқымдағы меншік объектісін жасау процесі барлық қатысушылармен келісіп, олардың іс-қимылын үйлестіру, сонымен бірге басқару өкілеттігін жеке қарастыру қажет. Акционерлік қоғамдардың құрылуына орай меншіктің функциялары мен субъектілері иемдену функциялары мен субъектілерінен жеке бөлінуде. Басқару субъектілері (менеджерлер) мүлік пен активтердің қозғалысы мен экономикалық айналымын бақылай отырып іс жүзінде өндіріс құралдары мен нәтижелерін басқаратын өкілеттікке ие болады. Экономикалық теорияда осы процесс «басқарушылар революциясы» деп аталады.

Сөйтіп, оның деңгейлес-функционалдық құрылымын сипаттайтын меншік нысандарын жеке бөлу үшін құқықтардың ерекше жиынтығын жинақтау керек. Құқықтардың ерекше жиынтығы игілік жасау, мүлік пен табысты басқару процесіне меншік құқығында көп шоғырланған.

Меншік нысандары мен олардың негізгі белгілері

Меншік нысандары жоғарыда атап өтілген белгілердің (өкілеттіктердің) құрамдастырымы болып табылады. Олардың ең қарапайымынан бастап күрделісімен аяқтайық.

  1. Өзіндік меншік. Аталмыш нысан бір субъектіде еңбекті, басқаруды, табыс пен мүлікті басқаруды шоғырландырады. Қазіргі замандағы экономикада оған корпорацияланбаған меншік иелері деп аталатындарды қосуға болады. Қазақстанда аталмыш нысаңға өзінің жеке шаруашылығын жүргізетін шаруаларды («саудагерлерді» қоса алғанда); жеке іспен айналысатын дәрігерді, адвокаттарды және табыс пен мүлікті басқаруды, иемденуді бір адамда шоғырланғандардың барлығын жатқызуға болады.

Бірқатар шет елде осы нысан жеке немесе корпоративтік емес кәсіпкерлік деген атпен жеке бөлінеді. ҚР статистикасында шағын кәсіпкерлік жеке бөлінсе де осы тиісті меншік нысаны жеке бөлінбеген.

  1. Жеке меншік. Негізгі өкілеттіктер бір тұлғада шоғырланғандықтан жеке меншік өзінің мазмұны бойынша өзіндік меншікке жақын (ол бір уақытта заңды тұлға да болуы мүмкін). Алайда жеке меншік ерекше нысан ретінде өзіндік меншіктен ерекшеленеді, өйткені кейбір белгілер (өкілеттіктер) мұнда әр түрлі субъектілерде бөлініп, жеке тұлғалануы мүмкін. Жалдамалаы еңбек пайдаланылатын капиталистік фирмада бір адамдар еңбек етеді, ал табыс пен мүлікті басқалар басқарады. Соңғылардың жағдайы экономикалық билікке, ал алғашқылардың жағдайы — экономикалық тәуелділікпен анықталады. Басқарушы (менеджер) аралық жағдайда болады. Бұрын айтылғандай басқарушылар мүлікті иемдену мен басқару функцияларын орындауға қатысады, олардың өкілеттіктер жиынтығы бойынша ахуалы басқа қызметкерлерден ерекше болуы мүмкін. Егер жеке адам өндіріс жағдайының меншік иесі болып, жалдамалы қызметкерлердің еңбегін қолданбаса, онда меншікті өзіндік (жеке еңбек) деп атауға болады.ҚР статистикасында жеке және заңды тұлғаларға тиесілі мүлік өзіндік мүлік ретінде жеке бөлінеді. Нақты оған мемлекеттік емес мүлік жатады. Өзіндік мүліктің ішкі айырмашылықтары анықталмаса да, акционерлік нысанның айрықша ерекшеліктері анықталмай акционерлік мүлік жеке бөлінеді.
  2. Ортақ мүлік. Осы нысан өзіндік меншік иелерінің құқықтары бар тұлғалардың бірлестігінен құралады. Ортақ меншікке қатысушылар меншіктің мөлшері бойынша ерекшеленуі, алайда олардың елеулі өкілеттіктер жиынтығы бойынша айырмашылығы болмайды. Қатысушылардың мүліктік үлесі жеке бөлінгенде ортақ меншік үлестік, ал үлестер жеке бөлінбеген жағдайда бірлескен мүлік болады. Ортақ мүліктің ең жиі кездесетін функционалдық-өндірістік түріне кооперативтік меншік жатады. (Ортақ меншік отбасылық та болуы мүмкін). Алайда бұл өзіндік меншік иелерінің арифметикалық сомасы емес олардың функционалдық бірлігі. Әр адам кооперативке өзінің еңбегімен және мүлкімен қатысады, табысты басқару мен бөлуді тең басқаруға қүқықты. Кооперативтік мүлікті әрбір қатысушының анықталған жағдайда кооперативтік меншік сондай-ақ үлестік және үлессіз болуы мүмкін. Соңғы жағдайда әрбір қатысушының үлесі жеке бөлінбейді. Үлессіз меншік артельдік меншік деп те аталады.

Шағын кооперативтерде ерекше басқару органдары құрылмайды. Ірі кооперативтерде ерекше басқару құрылып, кооперативтің ісін басқару үшін арнайы адамдар бөлінеді. Бұл жағдайда сан өскеннен кейін сапа жоғарылайды, өйткені кооперативтің мүшелері айрықша органға меншіктің ең маңызды құқығы — басқару және тіпті ішінара иелену (мүлікті, ресурстар мен өнімді) құқығын береді. Кооперативтік нысанда айрықша органдар мен қатысушыларға басқару функциясы берілгендіктен, кооперативте функциялар мен иелену және басқару субъектілерінің арасында қарама-қайшылық туындауы ықтимал. Кооперативтік меншікке маңызы бойынша кәсіпорын қызметкерлерінің жеке меншік иесінен сатып алу нәтижесінде құрылатын еңбек меншігі және отбасы мүшелерінің мүшелері кәсіпкерлік қызметпен айналыскан жағдайда экономикалық маңызға ие болатын еңбек меншігі өте жақын болады.

Қазақстанда заң бойынша өндірістік және тұтынушылық кооперативтер қарастырылған. Өндірістік кооперативтер коммерциялық ұйым болып табылады. Пайда оның мүшелері арасында еңбекке қатысуына сэйкес бөлінеді. Өндірістік кооператив мүшесінің табысы еңбек етуден пайда болады. Тұтынушылық кооперативтер коммерциялық емес ұйым болып табылады. Бұл жерде табыс кооператив мүшелері арасында бөлінбейді, жарғылық мақсатқа бағытталады.

Мемлекеттік меншік. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік Республикалық және коммуналдық меншік түрінде болады. Республикалық меншік республикалық қазына мен мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітілген мүліктен тұрады. Коммуналдық меншік жергілікті қазына мен коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүліктен тұрады.

Бұрынғы нысандардан ол шексіз меншік құқығы жекелеген жеке адамдар мен бірлестіктерде емес мемлекеттік саяси және экономикалық билік институттарында болатынымен ерекшеленеді. Мемлекет мүлікті (өндіріс жағдайларын) жоғарыдан иеленуші болып табылады. Өндірісті мемлекет тағайындаған басшылар (менеджерлер) басқарады. Мемлекеттік кәсіпорындардың меншігінің ерекшелігі — олардың мүлкі үлестерге бөлінбейді және экономикалық процеске жекелеген қатысушыларға жеке тиесілі болмайды, осы орайда мемлекеттік меншік бірегей болып табылады.

Кәсіпорындардың мүлкін мемлекеттік органдар басқарады, сол себептен негізгі өндіріс факторлары (құралдары) кімнің меншігі екені өте құпияда сақталады.

Индустриялық өндірісте қоғамдастырылу процестерінің дамуы әр түрлі деңгейдегі айрықша органдардағы оның функцияларының құпиялы болуының күшеюіне себеп болады, экономиканың социализмденуі де артады. Сондықтан мемлекеттік меншіктің іс жүзінде қажет нысан ретіндегі кейбір белгілері көз жетерлік келешекте де өзекті мәселеге айналады. Экология саласы мен өзге де ұлттық маңызы бар аяларда олар экологиялық, әлеуметтік және өзге де бағдарламаларды іске асыру механизмін қамтамасыз ете отырып маңызға ие болады.

Мемлекеттік меншік тағы бір бағытта іске асырылады. Экономикалық (және саяси) билікке ие бола отырып, ол экономикалық процесс субъектілері табысының бөлігін (салықтар, акциздер, баждар мен т.б. арқылы) нұсқау арқылы иемденіп, оларды қайта бөледі.

Аралас нысандар. Қазіргі кезеңдегі экономикалық қатынастардың динамикасы, нысандар мен институттар көй өзгереді. Меншіктің де әр түрлі нысандары пайда болып, осының нәтижесінде жекелеген нысандардың ішкі мазмұны күрделенуде. Жекелеген нысандардың ішінде әр түрлі меншік нысандарының белгілер қосылады. Мысалы, мемлекеттік кәсіпорындардың ішінде өзіндік кәсіпкерлік және кооперативтік сипаттағы құрылымдар құрылуы, ал мемлекеттік және муниципалдық мекемелер шеңберінде әр түрлі меншік нысандарының белгілері пайда болуда. Қазақстан экономикасында аталмыш процесс барлық салаларды қозғады. Мысалы, мемлекеттік медициналық мекемелерде құрылған әр түрлі медициналық орталықтар жеке меншік және кооперативтік негізде жұмыс істейді. Осындай құрылымдар мемлекеттік жоғары оқу орындарында да бар. Немесе, мысалы, колхоздар мен совхоздар акционерлік қоғамдар болып қайта құрылған, алайда қызметкерлерге бұрын бөлінген үлесті қайтадан біріктіріп кооперативтік негізде жұмыс істеуді жалғастыруда.

Социализм орнату меншіктің аралас нысандары пайда болатын ерекше бағыт болып табылады. Осы бағытта әр түрлі меншік нысандары жиынтығының белгілері көбейіп, меншік субъектілерінің қоғамдық байланысы күшейеді. Бұл жағдайда қызметкерлер өндірісті басқаруға қатысады, мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындар қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге, медициналық қызмет көрсетуге қатысады, осының барлығы әр түрлі меншік нысандарының әлеуметтік саласын өзгертеді.

Қазақстандық статистикада аралас меншік нысаны өте аз қамтылған. Онда ұлттық кәсіпорындардың жарғылық капиталында, мүлік кешендері мен активтерінде шетелдік қатысушылардың үлесі бар шетелдік қатысуы бар аралас меншік тіркеледі. Статистикада шетелдік қатысы жоқ аралас меншік те жеке бөлінеді. Бұл жерде көбінесе мемлекетте сақталған акциялар пакетін жекешелендіру процесінде құрылған акционерлік қоғамдар есепке алынады.

Аралас меншік нысандарын аралас экономикамен теңдестірмеу керек. Меншік нысаны — бұл меншік құқығының құрамдастырымының сипаттамасы: бұл жерде жекелеген нысан шеңберінде еңбек, басқару, табыс жөніндегі негізгі өкілеттіктердің әр түрлі тұрпаттары үйлеседі.

Құрамдастырылған нысандар. Жоғарыда жекелеген меншік нысандарының ішкі мазмұнының күрделену процесі қарастырылған болатын. Қазіргі кезеңдегі экономиканың тиімді жұмыс істеп, іске асыруға болатын кәсіпкерлік жобаларды іздестіруі әр түрлі меншік нысандарының олардың әрқайсысының ерекше мазмұнын сақтай отырып бірігуіне себеп болуда. Осының нәтижесінде құрамдастырылған нысандар пайда болуда. Оларға бірлескен кәсіпорындарды, холдингтерді, қаржы-өнеркәсіп топтарын, концерндерді, кейбір өкілеттіктері шоғырландырылып, арнайы мамандандырылған трестерді (табысты басқару, бөлу және иелену) жатқызуға болады. Даржы-өнеркәсіп топтары мен өзге де бірлестіктерге жеке меншік, мемлекеттік және өзінің негізгі сапасын жоғалтпаған басқа да нысандар қатысуы мүмкін.

Құрамдастырылған нысан құрылған жағдайда сол немесе меншік нысанын білдіретін әрбір қатысушы өзінің өкілеттігінің әрбір меншік нысанының негізгі сапасын жоғалтуға жол бермейтін бөлігін береді. Егер негізгі сапа жоғалтылса, онда меншік нысаны өзгереді.

Аралас және қүрамдастырылған нысандарды талдай келе әрбір нысанның ішкі мазмұнындағы орын алған өзгерістерді немесе олардың негізінде құрамдастырылған бірлестіктерді пайда болу нәтижесінде қайта бөлінетін және қосымша алынатын өкілеттіктердің шеңберін анықтауға болады. Заңды тұлғалардың, кәсіпкерлік және институционалдық құрылымдардың нақты нысандары міндетті емес түрде қарастырылатын меншік нысандары мен меншік қатынастары ғана құрамдастарылған болуы мүмкін емес. Мемлекетте, мысалы, табиғи ресурстарға ең басты меншік өкілеттері бар, сол себептен оның ғана органдары табиғи ресурстарды өндіруге және өнім мен табысты мемлекет пен кәсіпкерлік құрылым арасында бөлу шартын анықтау қүқығы бар. Жергілікті билік органдарының да белгіленген құқықтары болады. Және ең соңында, жер қойнауын игеретін фирмалардың өз өкілеттіктері болады. Фирма отандық, шетелдік немесе бірлескен кәсіпорын болуы ықтимал. Әрбір жеке деңгейдің әрқайсысының өзіндік құқықтар жиынтығы болады. Осы құқықтардың барлығы бірге табиғи ресурстарды өндіру жөніндегі құрамдастырылған меншік қатынастарын құрайды.

Құрамдастырылған нысандар Қазақстанның өтпелі экономикасында әлі дамып, қүрылымданған жоқ және статистикада есепке алынбайды. Алайда іс жүзінде аталмыш нысанның нақты процестері ойдағыдай жүзеге асырылып, экономикалық теорияда баяндалады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *