Архив метки: Дінтану

«Зайырлылық және дінтану» пәнінің мәні

Зайырлылық дегеніміз — діннің мемлекеттен дербестігі. Зайырлылықтың конституциялық негіздері Батыс Еуропа елдерінде XVIII ғасырда қалыптаса бастаған. Оның теориялық алғышарты ағылшын философы Джон Локктың либералдық мемлекет идеясы болатын. Қазіргі дамыған Батыс елдерінде зайырлылық қағидаты іске асып отыр. Зайырлылыққа теңдес секуляризация деген түсінік бар. Ресейде билікке келген большевиктер 1918 жылы өздерінің Декретімен шіркеуді мемлекеттен бөліп, оларға тиісті… Читать далее »

Ислам дінінің пайда болуы

Ислам діні Арабия түбегінде пайда болды. VI ғасырда арабтар көшпелі мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысты. Көшпелілерді бедуиндер деп атады. Малдан жылқы, қой, ешкі, түйе өсірілетін. Тайпалар руларға бөлінді. Тайпа басшысы — шейх, ал ру басы саид деп аталды. Қызыл теңіздің жағалауында Византиядан Африкаға және Үндістанға баратын сауда жолдары болды. Осы жолдардың бойында арабтардың сауда тұрақтары… Читать далее »

Ресей империясы кезеңіндегі мешіттер

Қазақтар діни білімді құрметтеген, бірақ Қазақстандағы мәдени ғимараттар аз болғандықтан, олардың қалыптасуына көбінесе татар (солтүстік-батыс аймақтар) және ортазиялықтардың (оңтүстікте) діни қауымдастығының іс-әрекеттері ықпалын тигізді. Қазақтардың көшпелі өмір салты мәдени ғимарат­тар салуға мүмкіндік бермеді, мұндай жайттар жер шаруашылығымен айналысатын отырықшы халық­тарға тән болды. Сондықтан Қазақстан жерінде мешіттер көп болған жоқ. Еліміздің оңтүстігінде олардың саны өсіп, ал… Читать далее »

Исламның экономикалық мәселелерге қатысты көзқарасы

Алла жаратқан күллі дүние адамзаттың барлық қажетін қанағаттандыратыны «Құранда» былай айтылады: «Шынында сендерді жер жүзіне орналастырып, күнкөрістеріңді де сонда қойдық. (Алланың осындай нығметіне) шүкірлік етулерің тым-ақ аз!». «Мен барша ғаламды өлшеп-кесіп жараттым». «Ол сендерге сұрағандарыңның бәрін береді, Алланың берген жақсылығын санайтын болсаңдар, оның санына жете алмайсыңдар. Адамдар шынында тым нысапсыз, тым тәубесіз келеді». Әрине, кейбір… Читать далее »

Ислам дініндегі адам жөніндегі ұғым

«Құранда» адамды Алла жаратады делінеді: «Әуелде жансыз едіңдер, сендерге жан бітірді, енді (уақытың біткенде) тағы өлтіреді де, кейін қайта тірілтеді, онан соң Алланың алдына (есеп беру үшін) қайта барасыңдар» (2:28). Бұл ғана емес, жер мен көктегі тіршіліктің бәрін Алла жаратады: «Дәндерді, ұрықтарды жарып көктетуші негізінде Алла. Өліден тіріні шығаратын, тіріден өліні шығаратын да Алла. Ендеше… Читать далее »

Ислам экономикалық философиясы

Кейбір экономикалық идеялар мен оның негізіне құрылған жүйе дәйекті түрде былай деп қарайды: еркін қоғамдық-экономикалық факторлар адамның қасиетіне үйлеседі; ал тарихи таптық көзқарасты түйін еткен марксизм де қоғамдық-экономикалық іс-қимылдар еркін болуы керек деп қарайды. Маркстің еңбектерінде ерте кездегі еркін капиталистік қоғамға жоғары баға берілген. Заңдық, қоғамдық, экономикалық қатынастар мен адамдардың қажеті экономикалық базаға құрылғанымен, ол… Читать далее »

Ислам дінінің қазақ салт-дәстүрімен байланысы

Магистр З.Т. Алтынбекова М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз Бұл мақалада қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының ислам дінімен байланысы жан-жақты зерттелген. Яғни, дәстүрлі қазақ қоғамындағы шариғат нормаларының көріністері, қазақ халқындағы әдет-ғұрып, салт-дәстүр терминдерінің шариғи ұғым екендігі туралы көптеген мәселелер қозғалып, қарастырылған.  Түйінді сөздер: дін, ислам, әдет-ғұрыпы, салт-дәстүр, шариғат. Бүгінгі қоғамда дін мәселесі, оның ішінде адасушылық… Читать далее »

Қазақтардың дінге сенгіштігі

«Қазақ этносы мен дін», «қазақтар дінге сенгіштігінің бірте-бірте өрістеуі» тақырыптарының XX ғасыр және XXI ғасырдың бас кезімен салыстырғанда аса күрделі, сан қилы және қасіретті тұстары көп екені даусыз. Қазақтардың ұлттық рухының барлық көріністері қатыгездікпен жанышталып, кеңестік жаппай өктемдік құрылыс баспасөзімен тұншықтырылып келді. 1920 жылдардың 2-ші жартысынан бастап күштеп атеистендіру науқаны мақсатты түрде, әдістемелік негізде жүргізілді.… Читать далее »

Заманауи діни ахуал

Діни өмірдің әлеуметтік жағдайлары. Дін феонменін әртүрлі пәндер – дінтану, тарих, мәдениеттану, философия, әлеуметтану және басқалары зерттейді. Дінді зерттеудегі әлеуметтанулық тәсіл сенім жүйелері мен адам қоғамдастықтарын байланыстыратын әлеуметтік қатынастарға, қандай да бір қоғамда діндер орындайтын әлеуметтік функцияларға, социумдағы діни мекеменің орны, рөлі мен әлеуметтік мәртебесіне, оның басқа әлеуметтік институттармен, бірінші кезекте мемлекетпен қатынастарына баса назар… Читать далее »