Кейбір экономикалық идеялар мен оның негізіне құрылған жүйе дәйекті түрде былай деп қарайды: еркін қоғамдық-экономикалық факторлар адамның қасиетіне үйлеседі; ал тарихи таптық көзқарасты түйін еткен марксизм де қоғамдық-экономикалық іс-қимылдар еркін болуы керек деп қарайды. Маркстің еңбектерінде ерте кездегі еркін капиталистік қоғамға жоғары баға берілген. Заңдық, қоғамдық, экономикалық қатынастар мен адамдардың қажеті экономикалық базаға құрылғанымен, ол адамзаттың өзіндік қасиет еркіндігі экономиканы шарт еткен тәжірибелік әрекетінен бастау алады әрі соны бейнелейді. Адамзаттың қасиеті мен тарихтың даму кезеңі адамдардың бір түрлі мұратты күйге жетуін шектейді. Жалпылама айтсақ, біздің осы факторлар жөніндегі танымдарымыз біздің адамдардың жаратылған шарт-жағдайда тұжырымдарын қалай мүмкіндікке айналдыруын бұрынырақ білуімізге болады.

Басқа да кейбір экономикалық жүйе жөніндегі ұғымдарда, мысалы, исламның экономикалық жүйесінде адамзат қасиеті ұғымы немесе қоғамдық, экономикалық қимылдарға қатынасушылардың тарихи кезең жөніндегі ұғымдары экономикалық және қоғамдық жағдайының негізгі шешуші факторы болмаған. Мұндай экономикалық жүйеде жалпы қоғамдық, экономикалық шынайылық пен адамзат психологиясы ескерусіз қалып, мұрат бойынша сомдалған адамзат қасиетінің үздіксіз жалғасқан құлшынысы маңызды рөл атқарған. Осы мағынадан айтқанда, ислам дінінде адамның қасиеті жөнінде белгілеме болған.

Егер адам қоғамдық және экономикалық жүйе сарайының кірпіші десек, онда ұтымды экономикалық жүйенің саны мен ерекше дәуірде ортаға қойылған адам жөніндегі ұғымының саны пропорция болады деп қарауға болады. Адам жөніндегі ұғым негізіне құрылған экономикалық теориялардың бәрі адамдардың тұрмыс қамтамасыздығына бой ұру жағындағы себеп-салдар қатынасын түсіндіруге тырысады. Ислам діні адам тегінің бір бөлігі жасанды, ал бір бөлігін Алла жаратқан деп сенетіндіктен, исламның экономикалық теориясы жаңа-байырғы экономикалық теориялар мен маркстік-экономикалық теорияларға да ұқсамайды. Мұндай шынайылық пен мұрат, адамдық қасиет пен тіршілік, жай дағды мен қасиеттілік, пәни дүние мен бақи дүние ұштасуының туындысы адамның әрекетіне болжау жасағанда бір мәселені алға қояды.

Барлық түрдегі экономикалық жүйені көптеген ықпалды факторлар жарыққа шығарады, мұның ішінде идеяны ең маңызды фактор деуге болады. Дүниеге көзқарас немесе сенім жүйесі адам мен ол құмар болған заттарға қатысты бірқатар байланыстарды межелеу және түсіндіруден қалыптасады. Мысалы, құдай, жаратылыс, адам және оның қоғамдық серіктері сияқтылар. Барлық сенім жүйелерінде кемел тұрмыс және үйлесімді қоғам орнату факторлары жағында ортақ көзқарас болады. Барлық сенім жүйесі осындай кемел тұрмыс пен үйлесімді қоғамға жетудің жолын суреттейді. Осыған сәйкес екінші жүйе немесе негізгі жүйе болған экономикалық көзқарас та, айталық, ең үлкен шекте сол адамдардың сол қажеттіліктерін қанағаттандырғанда ғана кемелді қоғамдағы тамаша өмірді жүзеге асыруға болады дейтін ең жоғары өлшемді алға қояды. Тұтынушылар мен өндірушілердің шешімдері мен әрекеттері олар өздері үйлесімді қоғам деп қараған кемелді тұрмысты жүзеге асыратын тәсіл болып табылады. Пайда, өнімділік, қоғамдық турашылдық, теңдік, дүрыстық және жұмақтағы орын — осылардың ішіндегі қайсысы ең зор дәрежеде жүзеге асырылуы керек? Қандай мүдде жекені, қоғамды немесе құдайды ең зор дәрежеде қанағаттандыруы керек? Осы мәселе жөніндегі әр түрлі ойлардан бірқатар әр түрлі бөліс механизмдері, қоғамдық, экономикалық жүйе және әрекеттер жарыққа шығады. Осы мәселенің тегі жөніндегі өзіндік жауаптардан өзіндік экономикалық идеялар немесе экономикалық философиялар қалыптасады. Бір түрлі экономикалық жүйе өз айналымы тәсілінде ең ақырында өзімен сәйкес құн көзқарасы мен сенімнің ықпалына ұшырайды. Ислам экономикасы идеясыңда басқа экономикалық жүйеден өзгеше ислам экономикалық жүйесін жарыққа шығаратын қабілет бар-жоғы жөнінде кемел ислам экономикасы қүрылымы мен әрекетіне тексеру жүргізу арқылы қорытынды шығаруға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер: Уаң Жыңуи. — Ислам экономикалық жүйесі туралы. Астана: Фолиант, 2015. — 488 б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *