Исламның экономикалық мәселелерге қатысты көзқарасы

Алла жаратқан күллі дүние адамзаттың барлық қажетін қанағаттандыратыны «Құранда» былай айтылады: «Шынында сендерді жер жүзіне орналастырып, күнкөрістеріңді де сонда қойдық. (Алланың осындай нығметіне) шүкірлік етулерің тым-ақ аз!».

«Мен барша ғаламды өлшеп-кесіп жараттым». «Ол сендерге сұрағандарыңның бәрін береді, Алланың берген жақсылығын санайтын болсаңдар, оның санына жете алмайсыңдар. Адамдар шынында тым нысапсыз, тым тәубесіз келеді».

Әрине, кейбір ислам діні заңгерлері де Алланың жаратқан байлығының ысырап етуге болмайтынын айтады. Байлық адамдардың қажеті жөнінен шынында сирек болады деп қарайды. Мұндай байлық сирек дейтін ұғым табиғи байлықтың кемелсіздігінен және оның адамдардың қажеті жағын қанағаттандыра алмайтын жеткіліксіздігінен дерек берумен қатар, Алланың жаратқан дүниесіндегі заттық байлықтың мол еместігінен де хабар береді. Бірақ ислам дінінің тұрғысынан экономикалық мәселе байлықтың тапшылығынан туындамайды. Қайта адамдардың бойындағы өзімшілдік, жемқорлық, иемденудің кесірінен туындайды. Адамның осы қасиеттері оның ындынының (нәпсісінің) шексіз екенін көрсетеді.

Ислам экономистері экономикалық мәселе төңірегінде үш түрлі исламша түсіндірме жасайды. Бірінші топтағылар негізінен, кәсіби экономистер, экономикалық мәселелерде өздерінің пікірлерін негізгі ағымдық экономистердің көзқарасынан айқын айырмайды. Олар ислам дініндегі байлықты аз жинауға немқұрайлы қарайды. Алла адамдарды кепілдендіретінін «Құранда» ашық жарияланған (7:10). Ислам экономистері мен қазіргі заман экономистері байлықты аз жинау мен нысап шексіздігі жагында ортақ таным бар дегенді ұсынады. Алиф «Алланың адамдардың қажетін қанағаттандыру үшін ұжмақ пен жер жүзінде күллі дүниені жаратқанын» мойындайды. Бірақ ол да ислам дінінің байлықтың сиректігі жағындағы көзқарасын негізгі ағымдағы экономистердің осы мәселедегі көзқарастарымен сәйкестіруге әрекеттенеді. Оның ойлауынша, Алланың есіркеуі шексіз болады, оның үстіне оған ешқандай үстеме еңбексіз-ақ жетуге болады. Мысалы, ауа, су, жарық және жылу. Міне, осылардың бәрі — есіркеп берген нәрселер. Адамдардың еңбек етуін қажет ететін байлықтар деп қаралады. Себебі адамдардың күші шектеулі. Осы жағынан алғанда, мұсылман экономистері байлықтың сиректігі адамдардың шектеулі өндіріс қуатынан болады, табиғаттың өзіндік табиғи тапшылығынан болмайды дегенді қуаттайды. Мәселе осы көзқарас негізінде өз шешімін табады.

Ислам теорияшылары арасында тараған тағы бір көзқарас — шариғаттағы сыртқы көріністік мағыналар негізіндегі барынша догмаланған көзқарас. Олардың пікірінше, ешқандай сиректік өмір сүрмейді. Қайта керісінше, Алла жаратқан барлық нәрселер салыстырмалы немесе толықтай жетерлік болады. Байлықтың сиректігі, әрине, экономикалық тапшылық тудырмайды. Сәйкесінше айтқанда, ислам дінінің негізгі экономикалық нысанасы өндіріс барысында сирек байлықты ұтымды ұйымдастыру емес, қайта бөлістегі әділсіздік және теңсіздік сынды осы мәселені шешу болып табылады. Алдыңғы екі көзқарастың қоспасы болған үшінші түрдегі көзқарас Алла адамзаттың тілегі мен қажетін қанағаттандыру үшін мол байлық жаратса да, адамның өзі де экономикалық мәселенің басты қайнары болып табылады дегенді қуаттайды.

Бачир Садыр «Құран» негізінде екі себеп айтады: «Теңсіз байлық, өнім және қызмет өтеу бөлісінде адам жөніндегі байқалған әділетсіздік; Алланың сыйлағанынан пайдаланған кездегі адамдардың «құнтсыздығы». Садырдың көзқарасы Алифтың көзқарасына ұқсамайды. Себебі, оның болжауынша, адамдардың өндіріс қуаты толық. Ол капиталистік және социалистік экономикалық жүйеде адамдардың өндірістік көмескі қуаты қоғамдық бөліс қатынасындағы теңсіздік салдарынан шектеледі. Капиталистік қоғамда, адамдардың байлықтан пайдалану барысындағы оспадарлығы жүйенің байлықтан пайдаланудағы төмен өнімділік жағына қарай бейімделуінен болады. Мысалы, байлықтан толық пайдаланбаудан және жұмысқа толық орналаспаудан әрі сонымен бірге тұрмысқа қажетті бұйымдарды толық өндірумен бейнеленетін байлық бөлісіндегі үйлесімсіздіктен болады. Социализм еңбек және еңбек жетістіктерін меншіктену құқығы арасындағы табиғи қатынасқа мән бермей, адамдардың ырықтылығын шектейтіндіктен, ол да Алланың толық есіркеп берген нәрселерін толық тауарға және қызмет өтеуге айналдыра алмайды.

Садыр капиталистік және социалистік жүйелердегі бөліс жүйелерінің құрылымдық үйлесімсіздігін айта отырып, дәл осы үйлесімсіздік өндірістің толықтануы мен молаюына кедергі болады деп қарайды. Әрине, байлық және өнімнің түпсіздігі арасындағы қатынас мәселесін Садыр тікелей алға қойған емес. Ол тек дүдәмалдықпен ғана, егер барлық отбасы өздерінің түтынуларын киім-кешек, азық-түлік, баспана сияқты діндегі негізгі қажетті қанағаттандыру жағымен шектейтін болса, онда түрлі байлық молаятын болады деп санайды. «Үйлесімсіз бөліс» теориясын исламның түтыну әрекеті теориясымен талдау қерек. Жинақтап айтқанда, бұл көзқарастың мәні: «Егер түтынушылар өздерінің қажетін түрмысқа қажетті бұйымдарымен ғана шектейтін болса, онда түрлі байлық барлық адамдардың қажетін толық қанағаттандыратын болады». Бачир Садырдың көзқарасы негізінде Банни Садыр: «Егер табиғи байлық бүлдіру сипатында пайданылмаған болса, ол тұтас қоғамның қажетін қанағаттандырған болар еді. Қазіргі заманғы барлық экономикалық ғылыми еңбектерде дерлік байлық тапшылығы адамдардың қажетінің түпсіздігінен болады», — деп өз пікірін білдіреді.

Пайдаланылған әдебиеттер: Уаң Жыңуи. — Ислам экономикалық жүйесі туралы. Астана: Фолиант, 2015. — 488 б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *