Сәкен Сейфуллиннің әдебиеттанулық еңбектері: «Қазақ әдебиеті туралы хат» («Еңбекші қазақ», 1929); «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (құрастырушы, Қызылорда, 1931); «Батырлар жыры» (құрастырушы, 1933); «Билер сөзі» («Жаңа әдебиет», 1931, №3); «Ертедегі жыр-әңгімелер, яки ноғайлы дәуірінен қалған әдебиет нұсқалары» («Жаңа әдебиет», 1931, №10, 11); «Қазақ әдебиеті», (1932); «Батырлар жыры». (1 том, 1933); «Көркем әдебиет», (1935, (Ө.Тұрманжановпен бірге); «Ақмолла». […]
Articles Tagged: Тұлғалар
Жүсіпбек Аймауытұлы өмірбаяны
Жүсіпбек Аймауытұлы 1893 жылы бұрынғы Кереку уезі, Семей облысы, Қызылтау болысында туған. Руы арғын ішінде сүйіндік. Аймауыт — Жүсіпбектің өз əкесі. Аймауыттың əкесі – Дəндебай, оның əкесі – Жуан, Қуан бай адамдар болған. Дəндебай шағын шаруалы адам болған. Дəндебайдан Иса, Аймауыт, Оспан, Абайділдə деген төрт бала туған. Дəндебай өзі шаруа адам болғанымен, балаларына, əсіресе, Оспанға […]
Мұхтар Әуезов өмірбаяны
Мұхтар Əуезұлы 1897 жылы бұрынғы Семей округі, Шыңғыстау ауданында туған. Өз əкесі – Омархан деген кісі. Əуез – Омарханның əкесі. Мұхтардың тұқымы төмен ата жəне басқа рудан келген кірме болса керек. Мұхтар əкесінен 6-7 жасында жетім қалады. Омарханның бастапқы əйелінен калған Мұхтардың ағасы (аты беймəлім) Омархан өле салысымен еншісін алады да, Мұхтар өз шешесімен шаруаға […]
Сəбит Дөнентайұлы өмірбаяны
Өмірі дегенде Сəбит Дөнентайұлының өмір тарихынан қолымызға керекті мəлімет түспеді. Əйткенмен оны аздап білетін Жаманқұлұлы сықылды жолдастардың берген қысқаша мəліметін жазуды мақұл көрдік. Сəбит Дөнентайұлы əлі тірі кісі болғандықтан оның өмірінде болған істерді кейін толықтырармыз дедік. Дөнентайұлы бұрынғы Кереку уезі, Аққу болысында (қазіргі Павлодар ауданы) 1884 жылы туған. Əкесі Дөнентай молдасымақтау кедей адам дейді. Жас […]
Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірбаяны
Сұлтанмахмұт Семей губерниясы, Павлодар уезі, Шідерті ауданында 1983 жылы октябрьдің 15-інде туған. Өз əкесі – Шоқпыт. Торайғыр – жетінші атасы. Сұлтанмахмұт бір жасында шешесінен жетім қалады. 6 жасқа толғанда оны əкесі Шоқпыт ескіше «əліпбиге» үйретеді. Əкесінен «тіл сындырарлық» қана сабақ алып, əр молдадан тиіп-қашып сабақ оқып, недəуір жыл жүреді. 12-13 жасында Мұқан молда дегеннен оқиды. […]
Мағжан Жұмабаев өмірбаяны
Мағжан Жұмабаев 1894 жылы қазіргі Бейнетқор ауданында (бұрынғы Сары айғыр болысы, Ақмола облысы, Қызылжар уезі) туған. Мағжанның өз əкесі Бекен деген адам (1867 жылы туған). Жұмабай Бекеннің əкесі (1827 жылы туған). Жұмабайдың əкесі Шонай. Оның əкесі Өтеген, оның əкесі Өтеміс. Қазір Өтеміс деген арғынның Атығай деген танабының бір руы. Шонай момын, жуас, шаруа адам болған. […]
Омар Қарашұлы өмірбаяны
Омардың өмір тарихын білетін адамнан біздің қолымызға түскен, онымен елдес Қалел Есенбайұлы деген жолдас: ол жолдаспен сөйлескенде, Омардың жалпы өмір желісін білгенмен, басынан кешірген күндерінің мезгілдерін, əсіресе, туған жылын анықтап айта алмады. Сондықтан Омардың өмір тарихын біз бұл жазып отырған ақындарымыздың ішіндегі ең аз мəліметтісі деп санаймыз. Қалел айтқан мəлімет былай: Омар, шамасы, 1876 жылдары […]
Міржақып Дулатұлы өмірбаяны
Міржақыптың өмір тарихы туралы толық мəлімет біздің қолымызға түспеді. Біздің қолымыздағы бар мəлімет, 1913 жылы Мəскеудегі Күншығыс институтының басқаруымен басылып шығатын «Ашшархият» дейтін кітап болды. Осы кітапта түрік елдерінің бірнеше ақын-жазушыларының шығармаларынан орыс тіліне аударма жасалған. Қазақ жазушыларынан ол жинаққа кіргендер: Абай Құнанбайұлы мен Міржақып Дулатұлы. Осы жинақтың басқарушыларына Міржақып қысқаша түрде өзінің өмір тарихын […]