Жұмыс берушілердің, жалдама жұмысшылардың ұжымдасуы немесе ұжымдық шарт жасасу құқығына мойындаудан бас тартуы іс жүргізуге кедергі келтіреді немесе өнеркәсіпте ереуілдерді тұрақсыздыққа әкеліп соғады: бұл жанжалдардың бәрі: а) іскер кәсіпорындардың тұрақты жұмысын және сенімділігін бұзады; б) іскерлік қызметті қиындатады; в) шикізаттың жартылай фабрикаттық және дайын өнімнің қозғалысын шектейді. Олардың бағасына әсер етеді; г) халықтың жұмысқа қамтылуын төмендетеді және жалақының күрт төмендейтіні қанша тауар айналысының мөлшері анықтайтын нарық жағдайын бұзады.

Корпорацияда немесе иеленушілер ассоциациясының басқа нысандарында бірлескен жұмыс берушілер мен шарт құрудың немесе ассоциацияның толық бостандығын пайдаланбай, жалдама түрінде жұмыс істейтін, жеке адамдар арасындағы еңбек келісімімен жасасудағы теңсіздік іс-әрекетке кедергі келтіреді, депрессиялардың қайталауының күшеюіне әкеліп соғады және де бұл теңсіздік өнеркәсіпте жалдама жұмыс істейтін жеке адамдардың сатып алу қабілетінің және жалақы деңгейінің төмендеуіне әсер етеді, әрі өнеркәсіптің жеке салаларындағы еңбек жағдайы мен жалақы мөлшері арасындағы бәсекеге кедергі келтіреді.

Құрама Штаттар бизнестің еркін дамуына кедергі келтіретін, белгілі бір маңызды кедергілердің пайда болуына әкеліп соғатын себептерді жоюға бағытталған саясат жүргізетіндігін жариялайды. Ұжымдық келісімдер жасау практикасын және рәсімдерін қуаттай отырып, пайда бола қалған жағдайда барлық кедергілерді жоюға тырысады, сонымен бірге жұмысшылар бірлесуінің толық еркіндігі құқығын жұмысшылар ассоциациясының толық бостандығын ұйымдастырады және жолдама шарты, еңбек шарты немесе өзара көмек және қорғаудың басқа мақсаттарына жету үшін келісімдер жүргізетін өз өкілдерінің сайлау құқығын қорғау арқылы жұмысшылардың құқығын қорғайды.

Шын мәнінде арнайы басқару бірлестігі қарастырылып, ол еңбек қатынастары жөніндегі ұлттық басқарма деп аталады және сенаттың қолдау кеңесі бойынша Президент тағайындайтын үш мүшеден тұрады. Жалданып жүмыс істейтін адамдардың өзін-өзі ұйымдастыруға құқығы бар, сонымен бірге жұмысшы бірлестіктерін құруға, осы бірлестікке қатысуға немесе оларға көмек көрсетуге, өздері сайланған өкілдері арқылы ұжымдық келісімдер жасауға және өзара көмек немесе қорғау мақсатында, келісімдер жүргізу мақсатында бірлескен әрекет жасауға құқылары бар.

Жұмыс берушінің әрекеті еңбек қатынастары практикасымен сиыспайды деп қаралады, егер ол:

1) өзіндегі жалдама жұмысшылардың осы заңмен кепілдік берілген құқықтарын іс жүзіне асыру әрекеттеріне жөнсіз араласу жолымен кедергі жасаса;

2)  қандай да бір жұмыс бірлестігін құруға бағытталған әрекеттеріне араласса немесе осындай ұйымның қаржылық немесе қандай бір басқа аса қажет көмек беруіне кедергі келтірсе;

3) егер осы занда жазылған немесе ұлттық өнеркәсіпті сауықтыру туралы зандағы ережелер жұмыс берушіге жұмысшы ұйыммен келісім жасауға кедергі келтірмейтін болса, сол кәсіпорындағы жұмыс тек сол ұйым мүшелеріне беріледі;

5) жалдамалы жұмысшылардың өкілдерімен ұжымдық келісімдер жасау жөнінде келіссөз жүргізуден бас тартса.

Ұжымдық келісімдер жасау жөнінде келіссөз жүргізетін өкілдер, жалақы деңгейі, жұмыс күнінің ұзақтығы және т. б. ұжымдық келісім жөнінде келіссөз жүргізетін нағыз өкілдер болып табылады.

Еңбек практикасында заңсыз әрекеттер орын алса, Құрама Штаттың округтік сотының кез келген сессияға бұл жөнінде хабарлауға құқығы бар, сондай ақ Құрама Штаттың кез келген апелляциялық округтық сотына немесе кез келген аудандық сотына хабарлауға құқығы бар. Кез келген адам басқарма мүшелерінің кез келген мүшесіне немесе оның кез келген агенттеріне осы заңды жүзеге асыруға бағытталған қызметті орындауына кедергі келтірсе, қарсылық көрсетсе, оған 5 мың доллар айыппүл салынады немесе 1 жылға бас бостандығынан айырылады немесе екеуі де жазаланады.

Осы заңның бірде-бір ережесі ереуіл жариялау құқығына қандай сатыда болмасын кедергі келтіретін және шектейтін деп түсіндірілмеуі тиіс. с) кез келген сайланбайтын қызмет орнына қабылданғанда немесе сақтағанда немесе техникалық жүйеде жалдамалы жұмыс істегенде осындай бірлестіктің мүшесі екендігін жасырса немесе ашып айту міндетін орындамаса; д)  осындай бірлестік коммунистік әрекет етуші бірлестік болған жағдайда, қорғаныс техникалық жүйеде жалдамалы жұмыс орындау; е)  жүмысшы бірлестігінде қызмет орнын иеленуге немесе жалданып жұмыс істеуге.

Егер коммунистік бірлестік тіркелесе, осындай бірлестіктің кез келген мүшесі заңсыз болып табылады.

  1. Құрама Штаттардың тікелей назарында болып табылатын паспорт алу немесе жаңарту үшін әрекет ету.
  2. Осындай паспортты қолдануға әрекет жасау.

Әрбір коммунистік әрекет етуші бірлестік генерал тізіміне тіркеледі. Тіркеу арызымен бірге мынандай хабарламасы болуы тиіс:

  1. Бірлестіктің аты және басты кеңсенің мекені;
  2. Бірлестіктің лауазымды адамы болып табылатын немесе болған жеке адамдардың фамилиясы және соңғы адресі;
  3. Бірлестіктің толық 12 ай ішіндегі барлық қорының кірісі және шығыны туралы есеп беру. (кіріс көздерін және жұмсалған шығын мақсаттарын бірге алғанда).

Белгілі бап бойынша тіркелген әрбір бірлестік генерал-атторнейге жыл сайын есеп беру міндетті. Комитет, бұрынғы бойынша, «коммунистік бірлестік» деп мойындалған бірлестіктер заңсыз болып табылады. 1). Құрама Штат поштасымен және штатаралық немесе сыртқы сауда құралдары көмегімен кез келген хабарламаны екі және одан да көп адамға тартуға негіз болса, пошта арқылы хат салуға мәжбүр етсе; 2). Қандай бір бағдарламаны беруге мәжбүр ету; 3). Құрама Штаттың поштасы немесе штатаралық сыртқы сауда қоралары арқылы ақша, мүлік, зат, қызмет сүрау үшін қолдануға.

Егер комитеттің міндетті түрде тіркелу туралы бұйрығы болса. 1). Осындай бірлестік тіркелу міндетін орындамағаны үшін кінәлау үкімі негізінде, тіркеуге арыз беру және жыл сайын есеп беріп отыру әрбір осындай ереже бұзушылыққа 10 мың доллар айыппұл салынады. Әрбір жеке адам, тіркелуге арыз беруге міндетті, ол міндетін орындамаған адамға кінәлау үкімі негізінде 10 мың доллар айыппұл салынады немесе 5 жылға қамауға алынады немесе екеуін де бір уақытта қолдана отырып, әрбір осындай ереже бұзушылыққа жазаланады. Егерде мынандай әрекеттердің кез келгені орын алса; 1). АҚШ аумағына немесе оның иеліктеріне басып кірсе; 2). Конгреспен соғыс жарияланса; 3). АҚШ ішінде сыртқы жауға көмектесу мақсатында болса, осылардың бірі немесе екеуі бірдей орын алса, Президент конституцияны және АҚШ халықтары мен аумағының қорғау, сақтау қауіпсіздігі үшін «төтенше жағдай» жариялау қажет деп тапса, ол қолында бар билігін пайдаланып «ішкі қауіпсіздік үшін төтенше жағдай» қолдауын жариялайды. а) төтенше жағдай қолданылып отырған кезде кез келген уақытта генерал-атторней арқылы кез келген жеке адамды қабылданған заңға сәйкес, егерде ол адамның басқалармен келісіп шпионаж және саботаж жасауға қатысы болса, бұдан әділетті негіздер болса, ол адамды қамауға, ұстауға Президентке билік беріледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *