Жер шарында жылына жедел жұқпалы вирусты гепатитпен 2 млн. астам адам ауырып, оның 1/10 созылмалы гепатитке айналады (Deinhardt F, 1982). Жер шарының 5 % тұрғынының қанында вирусті гепатит В қоздырушы вирусы табылады екен (Hoofnagle J, 1983). Осы адамдардың 1/5 бауыр циррозынан, 1/20 — бауырдың қатерлі ісігінің салдарынан қайтыс болатын көрінеді. Олай болатын болса, бұл дерт Қызылорда облысы үшін өзекті мәселелердің қатарыңда болуы тиіс.

Жедел жұқпалы вирусті гепатиті 1970 — 1995 жылдар аралығында зерттелді. Әрбір 100 мың тұрғынға есептегенде жұқпалы вирусті гепатиттің облыстық көрсеткіші Қазақстан Республикасының көрсеткішінен барлық жылдары жоғарғы деңгейде кездесіп отыр. Әсіресе, Жалағаш, Тереңөзек аудандарында бұл дертпен науқастану 1976 жылдан бастап өте жоғары деңгейде. Осы аталған 25 жылда облыста 90335 ауру жұқпалы вирусті гепатит ауруымен ауырып отыр, ол тұрғыңдардың 14,9%.

Сонымен қатар жұкпалы сары ауру 1960 жылмен 1971 жыл аралығында әрбір 100 мың адамға шағып есептегенде 319,5 деңгейінде болды. 1972 жылдан бастап сары ауру өсіп 1977 және 1978 жылдары аса көбейіп 17 жыл ішінде орташа науқастану деңгейінен 6 рет өсіп, әрбір 100 мың адамның шамамаен 2000,0 ауырды. Ал кейбір елді мекендерде бұл көрсеткіш бұдан 4- 5 есе асып кетті.

Жұқпалы дерттерді талдағанда, жұқпалы вирусті гепатит, жедел ішек аурулары және іш сүзегі судың шығыны көбейген жылдары өршігені байкалады. 1978 жылы 2915 адамның сары аурумен науқастануы ауыл шаруашылығын суландыратын капалдардың әсерінен болып отырғаны анықталды, оның себебі ауыл тұрғындары канал суларын залалсыздандырмай қолданған.

Сонымен қатар 1978 жылы Арал ауданы Сольтрест поселкісінде, Казалы ауданы мен Жаңақазалыда, «Құмжиек», «Бозкөл», «Айдарлы», «Коммунизм» совхоздарында сары аурудың су арқылы лезде көбеюі байқалды.

Арал ауданында, Сольтрест поселкісінде, Арал совхозында жұқпалы сары аурудың лезде көбеюі іш сүзек ауруларымен бірге басталды. Осы аталған үш елді мекен Арал қаласындағы су құбыры аркылы ауыз сумен камтамасыз етілетін.

Жедел жұқпалы ішек ауруларының көбеюі шілде айында, іш сүзегінің көтерілуі қыркүйек айының бас кезінде, жұқпалы сары аурудың басталуы кыркүйек айында болып, барынша көбейгені қазан айында байқалды. Бұл дерттердің көбеюі су кұбырларын пайдаланудың өрескел бұзылғандығынан болды, Мысалы, 1978 жылдың маусым айының 28 жұлдызында таза су жиналатын бөлік пен суды бірінші үлестіретін құбырда хлор қалдығы 0,07 мг/л болса, ал белгілі норма бойынша 1 мг/л болуга тиіс еді, бұл 14 есе кем деген сөз. Осыған орай судың бактериологиялық көрсеткішінің 9 есе нашарлағаны анықталды. Осындай жағдай шілде айына дейін жалғасты. Тамыз айының бас кезіндс су құбырын хлорлайтын қондырғының істен шығуына байланысты апатты жағдайлар пайда бола бастады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *