Ежелгі қазақ жеріндегі мемлекет құру дәстүрі Юэбан мемлекетімен тығыз байланысты. Қытай елінің қысымына шыдамай, батысқа жылжуға мәжбүр болған солтүстік ғұндары Қытайдың армия генералы Душанның құмырсқадай қаптаған арбалы әскерінен аман қалу үшін Алтын таудан (Алтайдан) өтіп бұрынғы қаңлылар орналасқан Сырдария мен Аралдың айналасына барды. Олардың шаршап және әлсіреп көшке ілесе алмай қалғандары қазіргі Тарбағатай тауының етегінде ежелгі үйсіндерге қарайтын аймақта қалып қойды. Олардың саны 200 мың адамнан асып түсетін. Осыншама көп халық мыңдаған шақырымдық аймақты қамтып жатты. Мұның өзі ғұн тайпаларының үйсін тайпаларымен қойындасып, араласып кетуіне алып келді. Бұрыннан жақын туыстас бұл тайпалар бірін-бірі жатсына қойған жоқ. Ғұндардың Тарбағатай тауының айналасында кештен қалып кеткен осы ру-тайпалары үйсіндермен араласып, жаңа мемлекетті — Юэбань ұлысын құрды.

Бұл мемлекетті билейтін басты тұлға ғұндардың дәстүріне сәйкес шанъюй деп аталды. V ғасырда бұл мемлекет күшейіп өзіне көрші елдермен және Қытаймен дипломатиялық қарым-қатынастарды орнықтырды. Ғалымдардың біраз бөлігі бұл мемлекеттің тұрғындарының түркі тілінде сөйлегенін атап көрсетеді. Қытайдың «Солтүстік патшалықтар тарихы, Батыс өңір шежіресі, Иобан тарауында» мынадай деректер бар: «Иобандар — өте таза болады, олар күнделікті үш уақыт тамақтың алды-артында қолдарын жуып, ауыздарын шаюды салтына сіңірген». Ғұндардың осы Юэбан мемлекетінде қалған бөлігі үйсіндердің жаңа тайпалық бірлестігі-нің қалыптасуына ықпал етті. Түргештердің, қарлықтардың, қарақытайлардың билігін бастан өткізген осы жерлерде кейіннен қазақтың албан, суан тайпалары мекендей бастады. Яғни, географиялық және этникалық түрғыдан алғанда, қазақ халқын кейіннен құраған кейбір тайпалар осы Юэбан мемлекетінде қоныстанған ғұндар мен жергілікті үйсін тайпаларының араласуынан келіп шықты. Мұны тарихшылардың тарихи зерттеулері де дәлелдейді. Ал, Юэбан мемлекетінде қалмай батысқа ауған ғұндардың бір бөлігі қаңлылармен араласып, онан әрі алан (сармат) еліне барып, осындағы тайпалармен араласып, 200 жылдай бірге өмір сүріп, бірте-бірте осы үлыстарға сіңіп кетті. Ал, онан әрі батысқа жылжыған ғүндардың көшпелі бөлігі Еділ мен Днепр өзендерінің аралығына барып, осында өздерінің тайпалық бірлестіктерін орнықтырды. Алайда олардың бұл одағы V ғасырда ыдырады, сөйтіп ғұн қауымы бір бөлігі Еділдің төменгі жағына, тағы бір бөлігі Сырдарияның төменгі ағыстарына шашырай қоныстанып, оғыз, қыпшақ, қарлүқ бірлестіктеріне қосылып осылай аталып кетті. Ғұндар тағдырының бұлай аяқталуы көшпелі тұрмысқа байланысты болды. Таза көшпелі шаруашылықпен айналысқан ғүндар тэрізді тайпалардың бір орталыққа бағынған мемлекет қүруы оңай.емес. Ондай мемлекет оларда уақытша өмір сүреді. Негізінен мемлекетті отырықшы елдермен жақсы қарым-қатынаста болған қаңлы тәрізді тайпалар орнықтыра алады. Сондықтан да көшпелілердің тұрмысының, шаруашылығының отырықшы қалалық мәдениетпен тығыз байланыста болғаны дұрыс. Юэбан мемлекетінің де өмірінің ұзақ болмауы, жоғарыда айтылған себептермен байланысты.

Пайдаланылған әдебиеттер: Омарбеков Т., Қазақ мемлекеті: қағанаттар, ұлыстар мен хандықтар баяны. Алматы, 2017. – 342 б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *