• Аралас модель
  • Скандинавия елдерінің моделдері
  • Прибалтика елдерінің моделдері
  • Ресейдегі жергілікті өзін-өзі басқару

Аралас модель. Германиядағы жергілікті басқарудың IX — XII ғасырға апаратын терең тарихи тамыры бар. Германияның жергілікті өзін-өзі басқару институттары, əрине басқару ерекшелігін ескере отырып өзгерді жəне жетілдірілді, осыған байланысты мамандар мыналарды ажыратады: полициялы мемлекет жағдайында абсолютизм мерзіміндегі басқару кезеңі; — либералды «құқықтық мемлекет» кезеңіндегі мемлекет; — «тұтыну қоғамы» «жоспарлы экономика мемлекеті»басқару кезеңі. Қауымдар жергілікті өзін-өзі басқарудың базалық бірлігі болып табылады жəне немістің барлық жерінде бар болып табылады. Қала, ауыл қонысы, бірнеше қоныстар жиынтығы қауым бола алады.

Германия – федеративті мемлекет, қоғамдық міндеттерді атқару мен басқару екі деңгейде жүргізіледі – федералды деңгейде жəне 16 жер деңгейінде. Жергілікті өзін-өзі басқару деңгейі мемлекеттік емес болып есептеледі. Берлин, Бремен жəне Гамбург қалалары мемлекеттік те, сондай-ақ муниципалды да қаржыға ие айрықша орынды иеленеді. Коммуналдық басқарудың орны мен рөлін елестету үшін елдің аумақтық құрылысына жүгінген жөн.

Германияның жерлері 50 аумақтық үкіметтік округтарға бөлінеді. Өз кезегінде, аумақтық үкіметтік округтар 460 əкімшілік-аумақтық бірлік (аудандар) пен аудандық құқықтық мəртебе берілген 180 қала-аудандарды қамтиды. Келесі əкімшілік-аумақтық бірлік қауым (шамамен 30 мың. тұрғын) болып табылады, олар дəстүрлі ұғымда жергілікті өзін-өзі басқару аумағы болып табылады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық-экономикалық негіздері, сондай- ақ Германияның əкімшілік-аумақтық құрылысымен байланысты болып келеді. Сонымен, бұл елдегі жергілікті салық салу жүйесі басқа өндірістік дамыған елдердікінен айтарлықтай ерекшеленеді. Негізгі тұжырымдама «қаржылық теңестіруде», яғни салық түсімдерін ең мұқтаж жəне кедей аумақтарлың пайдасына қайта бөлуден тұрады. Жергілікті салықтар екі топтан тұрады: меншікті (жер асты, кəсіпшілік, тұтыну салықтары, акциздер жəне тағы басқа) жəне федерация, жерлер мен қауымдастықтар арасында белгіленген нормалар бойынша қайта бөлінетін жалпы салықтар.

Скандинавия елдерінің моделдері. Скандинавия елдерінің арасында Даниядағы жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау тəжірибесі есте қаларлық. Жергілікті өзін-өзі басқару Дания демократиялық жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару азаматтар күнделікті өмірде кезігетін жариялық биліктің сол бөлігі болып табылады.

Данияда қаржыландыру жүйесі өте күрделі. Оның негізгі қағидаты – аудандар арасындағы теңдікті сақтау. Данияда жергілікті табыс салығы жəне басқа салықтар бар, олар муниципалитеттерге белгіленген шешімдерді дербес қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Данияның жергілікті экономикалық шешімдері мен жергілікті органдары 100% тəуелсіз.

Жергілікті қоғамдастықтар шығыстарының елеулі бөлігі мемлекеттік трансферттермен қамтамасыз етіледі. Соңғы онжылдықта мақсатты субсидияларды қысқарту, сондай-ақ жалпы дотация көлемін салыстырмалы ұлғайту үрдісі байқалады. Сонымен қатар, Данияда «қаржылық теңестіру» көп деңгейлі күрделі жүйесі қолданылады. Көптеген критерийлердің арасында фискалдық əлеует сияқтылар көрінеді, тиісті қоғамдастықтың шығыстарымен байланысты арнайы санаттағы тұлғалардың жалпы үлесі. Осылайша, шет елдер тəжірибесі көрсеткендей, жергілікті өзін-өзі басқару құрылымы əкімшілік- аумақтық бөлу негізінде құрылады, бұл унитарлы мемлекеттерде орталық биліктің құзырына, ал федералды мемлекеттерде – көбіне, федерация субъектілерінің құзырына жатады. Қазіргі əлем елдері екі буынды, үш буынды, төрт буынды, тіпті бес буынды əкімшілік-аумақтық бөліну жүйесін қолданады.

Прибалтика елдерінің моделдері. Латвияда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін реформалау 1991 жылы басталды. Латвияда болыстық, қалалық жəне аудандық өзін-өзі басқару бар. Болыстық, қалалық жəне аудандық өзін-өзі басқарудың экономикалық негізі болыстық, аудандық жəне қалалық Кеңестің иелену, пайдалану жəне билік етуіне берілген мемлекеттік мүлік, сондай-ақ болыстық, аудандық жəне қалалық кеңестердің бюджеттік жəне бюджеттен тыс қаражатынан, қоғамдық аумақтық өзін-өзі басқару органдарының жəне азаматтардың, сонымен қатар банк несиелерінің кəсіпорындар, ұйымдар, шаруашылықтардан еріктілік принципімен тартылған қаражаттарынан қалыптасқан қаржылық ресурстар болып табылады. Барлық деңгейдегі өзін-өзі басқару меншігіне: жер, су қоймалары, жер қойнауы, орман жəне басқа да табиғи ресурстар; Кеңес кəсіпорындарының, ұйымдарының жəне мекемелерінің негізгі қорлары жəне белгілі аумақтың əлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін басқа да мүліктер жатады. Өзін-өзі басқарудың барлық деңгейлерінің мүлкі мына жолдармен қалыптасады: мемлекеттік меншіктің объектілерін заңда белгіленген тəртіппен болыстық, аудандық жəне қалалық өзін-өзі басқаруға беру арқылы; ұдайы өндірісті кеңейту арқылы меншіктің жаңа объектілерін құру арқылы; меншіктік мəмілелер негізінде, сондай-ақ заңмен көзделген тəсілдермен.

Эстониядағы жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық қызметі муниципалдық меншікке негізделеді. Муниципалдық меншік – тұрғындарға əкімшілік-аумақтық бірліктерге тиесілі мүлік. Муниципалдық меншік мемлекеттік мүлік қорынан беру арқылы қалыптасады, бірақ бұл ретте жергілікті өзін-өзі басқару деңгейлері мемлекеттік құрылымдық құрылымдар болып табылады. Муниципалды кəсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар болып жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен құрылған немесе мемлекетпен берілген мыналар болып табылады. — өндірілген, көлік кəсіпорындары; — коммуналдық шаруашылық кəсіпорындары; — тұрмыстық қызмет көрсету жəне қоғамдық тамақтандыру кəсіпорындары; — қаржылық, мəдени мекемелер; — денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қамтамасыз ету мекемелері жəне басқа кəсіпорындар. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншікпен қатар өзіндік бюджеті болады. Бюджет бекітілген салықтар мен мемлекет көмегімен орындалады. «Жергілікті өзін-өзі басқарудың негіздері туралы» заңында жергілікті бюджетке бекітілген салықтардың нақты тізімі берілмеген.

Ресейдегі жергілікті өзін-өзі басқару. Ресейдегі жергілікті өзін-өзі басқару – тікелей немесе жергілікті өкілдік органдар арқылы жүзеге асырылатын жергілікті қоғамдастықтардың жергілікті маңызы бар мəселелер жөніндегі қызметі. Жергілікті өзін-өзі басқару Ресей Конституциясының 12-бабында (1993) мойындалады жəне кепілдік беріледі, бұл тəжірибеде жергілікті өзін-өзі басқаруды Ресей Федерациясының конституциялық құрылымының негізіне жатқызуды білдіреді. Сондай-ақ, Конституцияның мəтінінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымы мен қызмет етуінің негізгі қағидаттары берілген. Олар Ресей Конституциясының 8-тарауында ашылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару муниципалдық құрылыммен, сайланбалы органдар мен азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға, муниципалды меншік жəне бюджетке, муниципалдық нормативтік актілерге тікелей қатысуының сайланбалы органдары мен формаларымен бекітілген белгілі аумағының болуымен сипатталады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мемлекеттік билік органдарынан бөлінген, олардың дербестігі өздігінен экономикалық негізге ие — жергілікті бюджет, жергілікті салықтар (алымдар) жəне муниципалды меншік. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мəні белгілі бір аумақта тұратын халық жергілікті маңызы бар мəселелерді, сондай-ақ муниципалдық меншікті иелену, пайдалану жəне билік ету мəселелерін дербес жəне өз жауапкершілігімен шешеді. Сондай-ақ, халық өкілдік органның депутаттарымен муниципалдық құрылым Жарғысында бекітілетін жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымын өзбетінше белгілейді.

Революцияға дейінгі Ресейде жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуына негіз қалаған Александр II-нің земстволық (1864) жəне қалалық (1870) реформалары болды. Земстволық мекемелер туралы ережемен сайланбалы губерниялық жəне уездік земстволық жиындар құрылды, олар жергілікті шаруашылық істерге жетекшілік етті. Қалалық өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру 1870 жылғы Қалалық ережемен анықталды. Қалалық өзін-өзі басқару органдары қалалық думалар мен басқармалар болды. Губерниялық, уездік, қалалық өзін-өзі басқару органдарымен қатар мемлекеттік органдар жұмыс істеді. Александр ІІІ кезінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары үкіметтік шенеуніктердің бақылауына қойылды. 1917 жылғы муниципалдық реформа іске асырылмады.

1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін билік ұйымдарының негізіне мемлекеттік билік органдары сияқты Кеңестер жүйесінің төменнен жоғарыға дейін бірлігі қаланды, жергілікті өзін-өзі басқару жоққа шығарылды. Жергілікті өзін-өзі басқару идеясына 1980-ші жылдардың аяғындағы елдегі мемлекеттік билік реформасына байланысты қайта оралды. КСРО-ның «Жергілікті өзін-өзі басқару жəне жергілікті шаруашылықтың жалпы бастамалары туралы» заңы (1990), РКФСР-дің «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңы (1991) жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуында үлкен рөл атқарды. Жергілікті кеңестер мен əкімшіліктердің арасында өкілеттіктер шектелді, жергілікті өзін-өзі басқарудың сот жəне кейбір өзге де кепілдіктері енгізілді.

РФ Президенті 1993 жылғы кезең-кезеңмен конституциялық реформа кезеңінде жергілікті өзін-өзі басқару реформасын өткізді. Жергілікті кеңестердің қызметі тоқтатылды, билік ету өкілеттіліктері жергілікті əкімшіліктерге берілді, ал жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа өкілдік органдарын сайлау 1994 жылға кейінге қалдырылды. Жергілікті өзін-өзі басқару жəне оның дербестігі, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымын анықтау кезінде РФ Конституциясы нығайды.

1995 жылы «РФ-дағы жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының жалпы қағидаттары туралы» Федералды заңы қабылданды. 1997 жəне 2000 жылдары оған федералдық маңызы бар қалалардағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі туралы елеулі түзетулер қабылданды.

2003 жылы қабылданған «Ресей Федерациясында жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың жалпы қағидаттары туралы» Федералды заңы 2009 жылы Федералды заң толығымен күшіне енген кезде аяқталуы тиіс болған муниципалды реформаға негіз салды. Алайда, kremlin.ru интернет- қоғамдастығының өкілдерімен кездесу кезінде (29 сəуір 2011) Дмитрий Медведев былай деп атап өтті: «Ресейде шынайы өзін-өзі басқару тіпті 2011 жылы құрылған жоқ, муниципалитеттер – жергілікті өзін-өзі басқару органдары. Формальды түрде мемлекеттік емес, бірақ біз бұның сондай мемлекет екенін түсінеміз».

2006 жылдан бастап муниципалдық құрылымдарды былайша жіктеу енгізілді: РФ субъектілері аумағында (республика, өлке, облыс, автономды округ, автономды облыс) мыналар орналасады: Қалалық округ – муниципалдық ауданның құрамына кірмейтің қалалық мекен; Муниципалдық аудан — бірнеше қалалық жəне/немесе ауылдық елді мекендер; Қалалық мекен немесе Ауылдық мекен – муниципалдық ауданға кіреді; Федералдық бағыныстағы қалаларда (Мəскеу, Санкт-Петербург жəне Севастополь): — федералдық маңызы бар қалалардың қала ішіндегі аумақтары (Мəскеудегі 125 қалаішілік муниципалдық құрылымдардың аумағы Мəскеу қаласының аудандарының аумағымен сəйкес келеді), Санкт-Петербургте – муниципалдық округтер, қалалар мен кенттер). 2014 жылғы мамырда муниципалдық құрылымдардың жаңа екі түрі енгізілді: — қалаішілік бөлумен қалалық округі; — қалаішілік аудан — осындай қалалық округ аумағының бір бөлігіндегі муниципалдық құрылым.

Жергілікті өзін-өзі басқару Ресей Федерациясының конституциялық құрылысының негіздерінің бірі болып табылады, Ресей Федерациясының Конституциясымен мойындалады жəне кепілдендіріледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *