Тағалаудың  маңызы.Дурыс әрі уақтылы тағалау- жылқынының түрлітқолайсыз жағдайлардағы жүмыс істеу қабілетін жоғарылатады, тұяқмүйізін аса қажауданқорғайды, тұяқауруларыныңалдыналады. Тағалау кезіндеорындалатынтұяқ тазартылуы мен кесілуі олардың дұрыс пішінде болуын қамтиды. Сонымен қатар,бүрлері бартағалармен тағалау жылқыны сырғанап, тайғанақтаудан сақтайды. Жылқыларды түрлі жағдайларда жұмыс істеу қабілеттілігін қамтамасызету үшін әр түрлі тағалар пайдаланылады (қысқы, жазғы, таулыжерлергеарналған, салтжәнежегілгендегі). Кейбір түяқ аурулары мен тұяқ пішіні өзгерулерін деемдік (ортопедиялық тағалау жасалынады).

Тағалау жабдықтары — таға тұяқтың мүйіздік қабырғасының өкшелік шетіне пішініне келтірілген теміртақташа.

Стандартты тағалар 13-көлемді болулары мүмкін: 0,00, 1, 2, 2,5, 3, 3,5, 4, 4,5; 5, 6, 7, 8.

Салт және жегілетін жылқы, алдыңғы және арткытұяқ тағаларын айырады. Салт жылқыларға арналғантағалардын тармақ шеттерінде бүктерге арналған тесіктері, ал жегілетіндері үшін тағаның ұшы тұсында (1-2)бүктесіктері болады. Орташа жылқылар үшін 2, 2,5, 3номерлі тағалар пайдаланылады. Ең жеңіл таға салмағы 250 г, ең ауырынікі (18) — 720 г. Тағанын жоғарғы беткейінде таға нөмірі мен П-әрпі (алдыңғы) және 3 (артқы)әріптері бар белгі болады.

Тұяқ пішіндері әр түрлі болғандықтан, тағалау кездерінде әр жылқыға жеке келтірілімі жасалынады.

Тағаны тұяққа таға шегелерімен бекітеді. Шегенің қалпағы, мойны, штифті, ұшы болады. Шеге шетін үшкірлейді, ал бір жағында доғал шеті бар, ол мүйізді қабырғадан өткен кезде тиісті бағыт береді де биіктікте шығуын қамтамазыз  етеді.Шегені қаққан уақытта доғал шеті ішіне қарауы керек.Шегелердің өз  нөмірлері болады. 4,5,6,7,8,9(барлығы алтау). Тұрақты және салмалы таға бүктерін айырады.

Тұрақты бүктерді әдетте тағаны бекітіп, қолдан жасайды. Олар үлкен төзімділікті қамтамасыз етеді, алайда  қажалып біткен соң, қайта тағалауды талап етеді. Салмалы бүктер — бурандалы болады. Оларды зауыттарда дайындайды. Бұрандалы бүктер доғал және үшкір болулары мүмкін. Олар турабұрышты және Н әрпі тәріздіойындалы болады да, екі көлемде (ұзын 28 мм, қысқа2 мм) шығарылады. Бұрандалы бүктердің тәжібар, төжжермен қатынасады, артқы бөлігінде бұрандалары болады.

Жылқыны таа алар алдында қарау. Тағалау кезіндегі әрекеттер тәртібі. Жай тұрған жылқыны қараукезінде тұяқ мүйізі жағдайына, онда патологиялық процестердің бар- жоғына, пішініне және аяқтар қойылымы сипатына назар аударылады. Патологиялық процестер (жарықшақтар, жарылулар, т.б) анықталынғандатұяқ пішіні өзгергенде емдік әрекеттер жасалынадынемесе арнайы ортопедиялық тағалау орындалады.Аяқ қозғалыстары бұрыс болған жағдайларда тиісті тұяқ сулері жасалынып, жарақатты түзетін тағалар таңдалынады.

Жылқыны тағалау кезінде сенімді, батыл, шыдамдыбайыпты болу қажет, әрбір жылқыға оның мінезіне үйретілгендігіне, әдеттеріне сай жеке тәртіпте келукажет. Аяқтарды тағалау кезінде алдыңғы аяқты ұста аяқтарының арасына қысып, ал артқысын тізесінеқойып бекітеді. Станокта бекітуді тек қажетті жағдайларда қолданады.

Тұяқтарды тазалап, кесу. Тұяқтарды тазалап, кесукезінде табан жағынан құрғақ үгітілетін (өлі) мүйіздіжас мүйізге дейін қырып, кеседі

Жас мүйіз эластикалық жұмсақ, үгітілмейді.

Тұяқты тазалап, кесу кезінде тқрада тек қабаттасқан.үгітілетін мүйізді ғана кеседі. Тұраны аса көп кесу турамүйізінің жерге тіренуін жойып, тұяқ механизмін бұзатынын есте ұстау керек. Сонымен қатар мүйізді қабығаның бұрылыстық тұстарын да байқау қажет. Мүйіздіқабырғаның шығыңқы табан тұстарын тұяқ қысқыштарымен алады.

Тұяқты тазартып, кескен соң оның табан беткейінегеудің дөрекі тістерімен түзеп, тағаға жылтыр беткейжасайды. Тұяқтың алдыңғы жартысында бұл беткейге мүйізді қабырғаның табан шеті, ақ жол және мүйіздітабанның сыртқы шетінің 2-3 мм-і енеді. Тұяқтың артқы бөлігінде тірену беткейі тек мүйізді қабырғаның табан шетінен ғана тұрады.

Тұяқты тазартып, кесу кезінде алдыңғы және арткыаяқтардың дұрыс конфигурациясы, тірек және табанқабырғалары биіктігінің қатынасы, саусақ сүйектерібелдігі бағыттарын ескерген жөн.

Саусақ сүйектері белдігі деп тұсау, тәж сүйектеріжәне мүйізді қабырға орталарынан аяқтынң алдынан және бүйірінен өткізген сызықты атайды. Дүрыс аяқ қойылымы мен дұрыс тұяқ пішіні кезінде саусақ сүектерінің алдынан және бүйірінен өткізген сызықтар түзуболады. Тұяқ дұрыс тазартылып, кесілмеген болса, аяқ қойылымы кезінде бұл сызық тәж маңында майысады.Мәселен, тұяқтың өкше тұстарын аса кесіп жібергендесызық артқа майысады, ал табанды тұяқ ұшында көпалғанда сызық алға майысады. Дәл осылайынша майы су бүйір тұстарын аса кесіп жібергенде де байқалады.

Тұяқ өлшемдерін алу. Тәжірибелі ұста стандарттытаға нөмірін көзбен тазалау кезінде-ақ анықтайды. Тағаны, тұяқтың табан беткейі жағынан үш өлшем жасап таңдап алуға болады. Өлшеу үшін сым не жіңішке таяқколданылады. Бірінші өлшем — тұяқ басылымы ортасынан өкше бұрыштарына дейін. Екіншісі — тұяқтың еңжалпақ бөлігі. Өлшегенде сымды көлденең салады.Үшінші өлшем — тұяқтың өкше бөліктеріндегі ені. Тұяқ өлшеу кезінде ұзындығына 10-15 мм екінші өлшемге  0,5 — 1 мм және тұяқ еніне 3- 5 мм қосу.Өлшем  жасап, белгі  салынады. Осы белімен ұста стандартты тағаны таңдан алады не дайындайды.

Тағаны келтіру,сөйкестіру. Тандалған тағаны тұяқ пішіні бойынша түзеп келтіру керек. Әрдайым мынаны есте ұстау керек: тағаны тұяққа келтіреді, керісінше емес. Келтіру әдісі бар: суық және ыстықСуық адісінде тағаны өлшеп, суық күйінде қол баласы мен тас көмегімен тұяқ пішініне сәйкестендіреді. Дүрыс келтірілген таға тұяқтың табан шетіне тығыз жатады,шеге саңылаулары ақ жолға қарсы орнығады.

Таға тұяқтың ұшы мен бүйірі жағынан 0,5-1ммөкшебөліктерінде 3-5 мм шығыңқы болып, жегілімдегілерін де тұяқтан ұзынырақ және өкше бұрыштарынан 10-15 мм,салт міністегілерде 4-8 мм артқа шығыңқы болуы тиіс . Тағаның осылайша үлкен көлемді болуы тұяқтың өкше тұстарында қозғалыс кезінде кеңеюіне және тұяқ мүйізіөсуіне орай жасалынады.

Тағаны келтіру кезінде, сонымен қатар, сымтемір аркылы шегелік тағалардың шегелік саңылаулары бұрылысында түзейді. Бұл стандартты тағалардың шегелік саңылаулары тұяқтың перпендикулярлы бағытталуынабайланысты жасалынатын әрекет.

Ыстық келтіру кезінде тағаны қоңыр қызыл түскедейін қыздырады да, 2-3 секунд тұяққа салады. Егертағабеткейі көлденең, ал табан шеттері жақсы кесіліп, егеyмен түзетілген болса, тұяқта біркелкі көмірленген жолаққалады. Тұяқты дұрыс тазаламағанда немесе тағасы түзуболмаса, жолақ түзу түспейді. Осы келеңсіздіктерді жойып, тағаны қайта басады. Ыстық тағаны 2-3 рет басуғаолады. Тәжірибелі ұста үшін тағаны 1-2 рет басужеткілікті.

Тағаны бекіндіру. Келтірілген соң тағаны мүйіздітысқа таға шегелерімен бекіндіреді. Алдымен таға шегелерін қағады, сосын шеттерін қияды. Мүйізді тыс үстінде қалған шеге бөлігін қыйындылар дейді. Осы кезде шығыңқы тұрған шеге ұзындығы осы жердегі шеге жалпақтығына сәйкес болуы керек. Тағаны тұяққа тартып ,қиыңдыларды өңдейді.Осы кезде қиындылар астында егеумен ойпаң егеленеді де, қиындыларды иеді.

Жылқының тағлануын бағалау. Бірден тағаланысымен жылқыны адымдатып және желдіріп жүргізеді. Ақсандау байқалған жағдайда тағалау кеселін анықтап,қайтадан тағалайды.

Тағалану сапасын бағалау кезінде тағаның төмендегідей талаптарға сай келуіне көңіл бөлінеді: таға тұяқтың табан шеттері көлемі мен порымына сәйкес келуікерек, тұяқтың ұшы мен бүйір бөліктерінде 0,5-1 мм,салт міністегілерінде өкше бұрыштарында 3-5 мм, жегілетіндерінде 5-8 мм шығыңқы болулары керек. Тағатармағы шеттері өкше бұрышынан салт міністегілерде4-8 мм, жегілетіндерінде 10-15 мм шығып тұрулары керек. Таға шегелері мүйізді қабырғаның шамамен 1/3ұзындығында шығуы керек, алайда шабан шегінен 2 см-ден төмен болмауы тиіс. Қиындылар квадратты пішіндеболулары тиіс.

Пайдалануы мен азықтандырылуы қалыпты жағдайларда болғанда жылқыны 30-45 күннен соң қайта тағалайды. Бір тұяқты қайта тағалауға 20-30 минут жұмсалады. Жұмыс күніішінде ұста 8-12 жылқының алдыңғы аяқтарын, 4-6 жылқының артқы аяқтарын қайта тағалай алады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *