Ұжымдық қорғану құралдары — бұл Азаматтық қорғаныстың инженерлік құрылыстары. Бұл — тұрғындарды заманауи зақымдау құралдарынан қорғаудың неғұрлым сенімді жолы. Қорғаныс құрылыстары қорғаныстық қасиеттеріне қарай баспаналарға және радиацияға қарсы тасалану орындарына (РҚТО) бөлінеді. Бұдан бөлек адамдарды қорғау үшін ең қарапайым тасалану орындары да қолданылуы мүмкін.

Баспаналар — бұл тасаланған адамдарды ядролың жарылыстың барлық зақымдаушы факторларынан, биологиялық құралдардан, сондай-ақ өрт кезінде түзілетін жоғары температуралар мен зиянды газдардан қорғауға арналған арнаулы құрылыстар. Баспананың жоспары 13-суретте көрсетілген.

Баспана негізгі және қосалқы бөлмелерден тұрады. Паналаушыларды орналастыруға арналған негізгі бөлмелер екі немесе үш қабатты сәкі-отырғыштар мен жатуға арналған сөрелермен жабдықталады. Баспананың қосалқы бөлмелері — бұл санитарлық торап, сүзгілік-желдету камерасы, ал сыйымдылығы үлкен құрылыстарда — медициналық бөлме, азық-түлікке арналған қойма, артезиан ұңғымасына және дизельді электр стансасына арналған бөлмелер.

Баспанада, әдетте, екіден кем емес кіретін жер, сыйымдылығы аз баспаналарда — кіретін жер мен апаттық шығу есігі жасалады. Қосылып салынған баспаналарда кіретін жерлер басқыш алаңшаларынан немесе тікелей көше арқылы жасалуы мүмкін. Апаттық шығу баспалдағы шахтамен немесе үйіндісіз аумаққа шығатын тесікпен аяқталатын жерасты галереясы түрінде жабдықталады. Сыртқы есік қорғаныстық-қымталушы, ішкі есік қымталушы түрінде жасалады. Олардың арасында тамбур орналасады. Сыйымдылығы үлкен құрылыстарда (300-ден астам адамға) кіретін жердің біреуінде тамбур-шлюз орналасады, ол ішкі және сыртқы жағынан қорғаныстық-қымталушы есіктермен жабылады, бұл кірер жердің қорғаныстық қасиеттерін бұзбастан баспанадан шығу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Ауамен жабдықтау, әдетте, екі режімде жұмыс істейді: таза желдету (ауаны шаңнан тазарту) және сүзгілік-желдету. Өрт қауіптілігі бар аудандарда орналасқан баспаналар ішінде ауаны қайта өндіретін толық оқшаулау режімі қосымша қарастырылады.

Баспаналардың энергиямен, сумен жабдықтау құрылғылары, жылыту және кәріздік жүйесі тиісті сыртқы желілермен байланысқан. Олар зақымданған жағдайда баспанада тасымал электр шамдары, судың сақтық қорын, сондай-ақ жуынды-шайындыларды жинауға арналған сыйымдылықтар болады.

Баспаналарды жылыту жалпы жылыту жүйесінен қарастырылады. Баспананың бөлмелерінде бұдан бөлек, барлау жүргізуге арналған құралдар, қорғаныс киімі, өрт сөндіру құралдары, аспаптардың апаттық жағдайға арналған қоры орналастырылады.

Радиацияға қарсы тасалану орындары (РҚТО) жергілікті жер радиоактивті зақымданған кезде адамдарды иондаушы сәулеленулерден қорғауды қамтамасыз етеді. Бұған қоса, олар жарықтық сәулеленуден, өтпелі радиациядан (оның ішінде, нейтронды ағыннан) және ішінара екпінді соққыдан, сондай-ақ адамдардың терісі мен киіміне тікелей радиоактивті, уландырушы заттар мен биологиялық құралдардың түсуінен қорғайды.

РҚТО көбінесе ғимараттар мен құрылыстардың жертөлелік қабаттарына орналастырылады. Бірқатар жағдайларда радиацияға қарсы тез тұрғызылатын, жеке орналасқан тасалану орындары салынуы мүмкін, ол үшін өнеркәсіптік (құрастырмалы темір-бетон элементтер, кірпіш, прокат) немесе жергілікті (ағаш материалдар, тастар, бұталар жөне т.б.) құрылыс материалдары пайдаланылады.

Радиацияға қарсы тасалану орындары ретінде аталған мақсат үшін барлық жарамды үй-жайлар: жертөлелер мен үялар <14-сурет), көкөніс қоймалары, жерасты кенорындары мен үңгірлер, сондай-ақ жер үстіндегі қажетті қорганыстық қасиеттері бар материалдардан жасалған кабырғалы ғимараттар пайдаланылады.

Корғаныстық қасиеттерді арттыру үшін үй-жайлардағы терезелік саңылаулар және артық есік ойықтарын бітейді, жабынға бір қабат топырақ салады, егер қажет болса, жер бетінен жоғары шығып тұрған қабырғалардың сыртынан топырақ үйеді. Үй-жайларды қымтауға қабырғалар мен төбедегі» терезе және есік ойықтары жанасатын жерлердегі, жылыту және су құбырлары жүргізілген жерлердегі жарықшақтарды, саңылаулар мен тесіктерді мүқият бітеу, есіктерді қиыстыру және оларды киізбен қаптау, босағаны киіз немесе басқа тығыз, жұмсақ мата біліктерімен нығыздау арқылы қол жеткізеді.

30  адамға дейін сыятын тасалану орындары ауа ағыны келетін және іштегі ауаны сыртқа сорып алатын шығару қораптары арқылы табиғи жолмен желдетіледі. Ауаны тартуды қамтамасыз ету үшін ауа шығару қорабын ауа ағыны келетін қораптан 1,5-2 м биігірек орнатады. Желдету қораптарын сыртқа шығарған жерде күнқағарлар, ал үй-жаймен жанасатын жерде радиоактивті жауын-шашынның түсуі кезінде тығыз жабылатын жапқыштар жасалады. Тасалану орындарының ішкі жабдықталуы баспананың жабдықталуына үқсас болады. Су құбырымен және кәріздік жүйемен жабдықталмаған, тасалану орындарына бейімделген үй-жайларда бір адамға тәулігіне 3-4 л есебімен суға арналған бөшкелер орнатылады, ал дәретхананы шығарылатын ыдыспен немесе шұңқыры бар лифт-клюзетпен жарақтайды немесе биодәретхана орнатады. Бұған қоса тасалану орнында сәкілер (отырғыштар), азық-түлікке арналған сөрелер немесе жәшіктер болуы тиіс. Жарықтандыру сыртқы электр желісімен немесе тасымалды электр шамдарымен жүзеге асырылады.

Радиацияға қарсы тасалану орындарының радиоактивті сөулеленудің әсерінен қорғау қасиеттері қорғау коэффициентімен (радиацияның әлсіреуі) бағаланады. Ол ашық жердегі радиация мөлшерінің тасалану орнындағы радиация мөлшерінен қанша есе көп екендігін, яғни РҚТО-ның радиация әсерін, осыған орай адамдардың сәулелену мөлшерін қанша есе әлсірететінін көрсетеді. Кейбір үй-жайлардың қорғау қасиеттері 4-кестеде келтірілген. Ғимараттардың жертөлелік қабаттары мен ішкі бөлмелерін жете жабдықтау олардың қорғаныстық қасиеттерін бірнеше есе арттырады. Мысалы, ағаш үйлердің жабдықталған жертөлелерінің коэффициенті, шамамен  100-ге, тас (кірпіш, бетон) үйлердікі — 800-1000-ға дейін артады. Жабдықталмаған ұралар радиацияны 350-400 есе әлсіретеді.

Баспана коменданттың өкімімен толтырылғаннан кейін қызмет көрсету тобының жеке құрамы қорғаныстық қымталған есіктерді, апаттық шығу есіктерінің қақпақтарын және ауаны желдету құрылғысының бітеуіштерін жабады. Сүзгілік-желдету агрегатын таза желдету режіміне қосады.

Ауамен бірге улы немесе уландырушы заттардың өтіл кеткені анықталған жағдайда паналаушылар дереу тыныс алу органдарын қорғау құралдарын киеді, ал баспана сүзгілік-желдету режіміне ауыстырылады.

Баспанаға жақын жерде өрт шыққан немесе КӘУЗ-дің қауіпті мөлшері түзілген кезде қорғаныс құрылысы толық оқшаулау режіміне ауыстырылады және ауаны қайта сүзу қондырғысы іске қосылады.

Халықтың қорғаныс құрылыстарында болу уақытын объектілердің Азаматтық қорғаныс бастықтары анықтайды. Олар мұнымен бірге баспаналар мен тасалану орындарынан шығу кезіндегі әрекеттер мен мінез-қүлық ережелерін белгілейді. Бұл тәртіп пен мінез-құлық ережелері қорғаныс құрылысына телефон арқылы немесе басқа да мүмкін болатын тәсілмен хабарланады.

Паналаушыларды баспанадан (тасалану орнынан) шығару қызмет көрсету тобы командирінің нұсқауы бойынша «әуе дабылын тоқтату» сигналынан кейін немесе құрылыстың адам өміріне қатер төндіретін апаттық жай-күйі жағдайында жүргізіледі.

Ең қарапайым тасалану орындарына ашық және жабылған саңылаулар жатады. Мұндай тасалану орындарын халық өз күшімен қолда бар материалдармен жасайды. Олар сенімді қорғаныстық қасиеттерге ие болады. Мысалы, ашың саңылау екпінді соққы, жарықтық сөулелену мен өтпелі радиациямен зақымдану ықтималдығын 1,2-2 есе азайтады, радиоактивті зақымдану аймағында сәулелену мүмкіндігін 2-3 есе төмендетеді. Жабылған саңылау жарықтың сәулеленуден толықтай, екпінді соққыдан 2,5-3 есе, өтпелі радиация мен радиоактивті сәулеленуден 200-300 есе қорғайды. Ол сондай-ақ киім мен теріге радиоактивті, уландырушы заттар мен биологиялық құралдардың тікелей түсуінен де сақтайды.

Саңылаулардың құрылысына арналған орын еріген қар суы мен жауын суы басып кетпейтін жерлерден таңдап алынады, яғни жер бетіндегі ғимараттар деңгейімен салыстырғанда биігірек орналасуы тиіс.

Бастапқыда саңылауды ашық етіп жасайды. Ол ұзындығы 15 м-ден көп емес бірнеше түзусызықты бұрыштары бар, ирек келген ор болып табылады. Оның тереңдігі — 1,8-2 м, жоғары жағындағы ені — 1,1-1,2 м, түбіндегі ені 0,8 м-ге дейін болады. Саңылаудың ұзындығы бір адамға 0,5-0,6 м есебімен анықталады. Ал қалыпты сыйымдылығы — 10-15 адам, ең үлкендеріне 50 адамға дейін сыяды.

Саңылау құрылысын оның сол жердегі жоспарын белгілеуден бастайды. Алдымен негізгі сызық жүргізіледі, одан кейін саңылаудың жалпы ұзындығы белгіленіп, оңға және солға қарай саңылаудың беткі енінің жарты өлшемі түсіріледі. Бұрылған жерлерге қазықтар қағылып, олардың арасына жіп тартылады және тереңдігі 5-7 см шұңқырлар тартылған жіп бойынша емес, ішке қарай бірнеше адым жасаған нүктеден бастап қазылады. Тереңдеуіне қарай саңылаудың жақтауларын біртіндеп тегістейді және оны талап етілетін өлшемдерге дейін жеткізеді. Бұдан кейін саңылау қабырғаларын тақтайлармен, сырықтармен, қамыспен немесе басқа да қолда бар мате-риалдармен бекітеді. Одан әрі саңылауды бөренелермен, шпалдармен немесе көлемі шағын темір-бетондармен жабады. Жабынның үстінен рубероид, қарақағаз, хлор-винил үлдірлерін қолдана отырып, гидрооқшаулау қа-батын немесе ылғалды балшық қабатын жасайды, одан кейін қалыңдығы 50-60 см болатын топырақ қабатын үйеді.

Кіретін жерді саңылауға тік бұрыш болатындай бір немесе екі жағынан жасайды және қымталған есік пен тамбур арқылы жабдықтайды, паналаушыларға арналған үй-жай тығыз матадан жасалған шымылдықпен бөлінеді. Желдетуге арналған ауа қорабы орнатылып, еденді бойлай кәріздік шұңқыр қазылады, ол саңылауға кірер жерде орналасқан құдықпен жалғастырылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *