Англиядағы Қайта өрлеу қозғалысы Еуропаның басқа мемлекеттеріпен біраз кейін — XV ғасырдың соңы, XVI ғасырдың басында пайда болды. Феодалдың қоғам жағдайында өндірістік қатынастардың дамуы орта ғасырлық тәртіптер мен оның идеялық негіздеріне сынмен қарайтын, жаңа гуманистік дүниетанымның қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

Мемлекет ішінде көп жылдарға созылған өзара феодалдық соғыстар ежелгі дворян-зодагондарды қырып жіберді. Олардың орнын иеленген жаңа буржуазияланған дворяндар өндіріс пен сауда-саттықты өз қолдарына ала бастайды. Мұндай әлеуметтік ілгерілеулер Англияда орталықтанған ұлттық мемлекеттің орнатылуына негіз салды.

Англия абсолютизмінің қалыптасуында бір ғасырдан артығырақ уақыт (1485-1603) үстемдік еткен Тюдорлар династиясы үлкен рөл атқарды. Король туа бастаған жаңа қоғамдық күштерді тиімді пайдаланып, сыртқы және ішкі дұшпандарға қарсы күрес жүргізеді. Орта ғасыр заңдары мен діни озбырлықты қалпына келтіру мақсатында жіберілген Испанияның «Жеңілмес Армада» (1558) флотын талқандайды. Бұл жеңіс Англияның әлемдік нарыққа шығуына және билікті өз қолына алуына мүмкіндік берді. Тюдорлар династиясынан Генрих VII-нің таққа отыруы (1485) феодалдық бытыраңқылыққа тосқауыл қойды. Ол буржуазияға сүйене отырып, орталықтанған өкімет билігін орнатты. Генрих VIII болса (1509) Англияны Рим папасының озбырлығынан қүтқарып, католик шіркеуін реформалайды. Мария Тюдор (1553-1558) феодалдық, католиктік зұлымдықты өршітуге ұмтылады, бірақ көп ұзамай, оның орнына отырған Елизавета (1558-1603) Генрих VII мен Генрих VIII-нің саясатын ңайта ңалпына келтіреді. Яков Стюарт заманында (1603-1625) король өкіметі мен буржуазия арасындағы одақ күйреп, шексіз билік кертартпа күштердің негізгі қаруына айналады.

Англияда буржуазиялың қатынастардың дамуы өндіріс сұраныстарының артуына алып келді. Бұл болса шаруашылықты дамыту, жайылымдарды кеңейту талаптарын туғызды. Помещиктер шаруаларға тиесілі жерлерді тартып алып, оларды жайлауға айналдырады. Осындай аграрлық өзгерістер салдарынан мал-мүліктен айырылған шаруалар ірі мануфактуралар үшін арзан жұмысшы күшіне айналады.

«Алғашқы капитал топтау дәуірі» деп аталатын бұл дәуір «халықты зорлап экспропирациялаумен» ерекшеленеді, сол дәуірде үй-жай және өмір сүру мүмкіндіктерінен түгелдей айырылған шаруалар қатты азап шегеді. Гуманист жазушы Томас Мор «Утопия» атты шығармасында «қойлар адамдарды жеп жатыр» деп жазғанында, экспропирацияға ұшыраған шаруалардың қиын жағдайын айтқан болатын. Күшейіп кеткен зұлымдыққа қарсы бірнеше рет шаруалар көтерілісі болды. Бірақ үстем топ бұл көтерілістерді аяусыз басты. Ірі мануфактураның пайда болуы нәтижесінде майда қолөнершілер күйзеліске ұшырайды. Жаңа дворяндар мен буржуазия ортасында корольдік билікке қарсы оппозиция пайда болды. Бұл болса, шексіз биліктің жалпы дағдарысынан дерек беретін жағдай еді.

Қайта өрлеудің алғашңы сатысы Англияда реформация қозғалысы басталған уақытқа сай келді. Дін мен шіркеуге ңатынас ағылшын гуманистері үшін ең күрделі мәселе еді. Осы ңозғалыстың екінші сатысында шіркеудің заттың және мағыналық мазмұнына соққы беріледі. Генрих VIII Рим папасының ағылшын шіркеуі үстінен жүргізген үстемдігін жоюымен (1534) бірге көтерілісші феодалдар қарсылығын да жеңеді. Генрих VIII жүргізген саясат ағылшын гуманистерінің діни озбырлыққа қарсы және дүниежүзілік мәдениетті қалыптастыру үшін алып барған күресін жеңілдетті.

Қайта өрлеу қозғалысы мемлекеттің мәдени өмірінде терең өзгерістерді туғызды. Ой және дене еңбегі үшін үлкен жағдай жасады. Ғылыми және географиялық жаңалықтар нәтижесінде дүние шекаралары туралы түсініктер кеңейді. Адам санасы орта ғасырлық дінишіркеу схоластикасы мен әдет-ғұрыптары әсерінен арыла бастайды.

Әлемдік мәдениет, ғылым мен әдебиеттің өсуіне кең жол ашады. Озық ойлы қайраткерлер дәуір талабына жауапты өмірдің өзінен, халықтың тұрмысынан іздеді. XVII ғасырдың ірі ғалымы, материализмнің ең алғашқы авторы Френсис Бэкон схоластикалық ілімге қарсы күресінде тәжірибелерге сүйенген ғылымды негіздеуге әрекет етеді.

Мәдениет пен әдебиет гуманистік идеяларды кең таратуда жауынгерлік қаруға айналды. Жазушылар мен ғалымдар антика мәдениеті тарихын үйренуге кіріседі. Қайта өрлеу дәуірінің мәдениеті антикалық мәдениеттен өзгеше жағдайда туған болса да, гуманистердің қағидаларын лақтырып тастап, көне грек және рим мәдениетінің өмірсүйгіш мүраларын қайта тірілтуге ұмтылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *