1. Тақырыбы: Арнайы дене шынықтыру дайындығы.
  2. Мақсаты: Жылжудың әдістерін үйрету
  3. Оқытудың міндеттері: Жылжудың техникасын дағдыландыру.
  4. Сабақ жоспары: 1 .Жүру, жүгіру жаттығулары.
  5. Арнайы жүгіру жаттығулары.
  6. Допты беру және қабылдау жаттығулары.

Сабақ беру және оқыту әдістері: .Қысқаша теориялық мәліметтер: Волейболдағы барлық әрекеттер тұрған қалыптан басталады. Егер бастапқы бағыт дұрыс таңдалса, ойын барысында барлық тәсілдер дұрыс және нәтижелі орындалады. Жаңадан бастаған ойыншы дұрыс тұруды үйренуі өте маңызды. Олар көп әрекет жасап үйренбегендіктен, олар үшін бастапқы қалып маңызды. Ойыншы тұрғанда тізесін бүгеді,, аяқтарының арасын ашып, 6ip аяғын сәл алға қояды, денесінің салмағы екі аяққа да түседі. Ойыншы қарсыластардың алаңына қарап тұрады, қолдарын алға созып, шынтақты бос ұстайды. Ойыншы қимылдамай бip қалыпта тұрмай, тұрысын ойын барысына қарай өзгертіп отыруы керек. Ойыншы аяғын тік те, бүгіп те ұстай алады, олар бip-бipіне жақын немесе алыс, арасы алшақ тұрулары да мүмкін.Дене жағдайға байланысты тік және бүгілген бола алады. Бірақ бұл жағдайлардың бәрінде шартты негіз туралы ұмытпау керек. Тұрыс — қандай да ойын тәсілін орындауға мүмкіндік беретін бастапқы қалып. Тордан асып келе жатқан допты қабылдау ұшін ойыншы сәл бүгіледі, ал допты ойынға енгізгенде ол тік тұрады. Егер ойыншы жоғарыдан беретін болса, аяқтарының арасын жәй, яғни аз ғана ашады, ол қорғау әрекеттерінің алдына керісінще аяқтарын алшақ қояды т.б. Ойыншы тұрып тұрғанда күштерін қолына қарама-қарсы аяғын алға қояды: «оң аяқ» сол аяғын,. «сол аяк» оң аяғын алға қояды. Бұл қалып допты төменнен де, жоғарыдан да беру үшін қолайлы. Eкi қол жұмылады, алақандар 6ip-6ipiнe қаратылады, саусақтар бос қысулы болады, бас бармақтар жоғарыға қарап тұрады. Дене алдыға иіледі, алдыға бағытталады.

  1. Сабақтың жүргізу барысы:
  2. Жүру, жүгіру, орында ЖДЖ.
  3. Ысқырықпен кенет тоқтап волейболшының тұрысында 3-4 м екпіндеп жүгіру. Ойыншылар 1-2 қатарға тұрады. Көмектесетін ойыншылар 1-2 -ші бір-біріне допты лақтырады. Ол алада болғанда, шұғылданушылар екпіндеп жүгіреді. Допты қалай қағып алады солай тоқтап волейболшының тұрысында тұрады.
  4. Әр түрлі қалыптан бұрылулармен екпіндеп жүгіру. Сөре бастапқы қалып мынандай болуы мүмкін: алға қарап, отырып, тізеде отырып, арқада жатып, аударылудан кейін және т.с.с. Жүгіруді орындау кезінде белгіленген сызықтардың барлығына қолды тигізу керек
  5. Әдебиеттер тізімі.
  6. Беляев А.В. Волейбол: Учебник.-Москва, 2002 г
  • Кумянский В.А. Волейбол: О судьях и судействе.-Москва, 2002 г
  1. Джаркешев З.А. Ильющенко К.В. Игра в волейбол начинается в школе.-Алма-Ата: «Ютап», 1987 г

4.Ильющенко К.В. Волейбол в Казахстане: учебное пособие по истории
волейбола Казахстана.-Алма-Ата: КазИФК, 1979 г

8.Бақылау

1.Допты қабылдаудың әдісі

2. Ойыншының бастапқы тұрған калпі қандай

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *